Қазақстанның мейрамхана нарығы өсіп жатыр. Соңғы 2 жылда мейрамханалардың саны 15 пайызға артқан. Алайда, 5-6 жыл бұрын бұл саладағы өсім 20-30 пайызға дейін жеткен.
Айта кететін жайт, мейрамхана нарығы өзін өзі ақтайтын салалардың арасында бірінші орында тұр. Дегенмен саладағы тәуекелдер де жоғары, ашылған 5 мейрамхананың 3-ші бір жылға жетер жетпес еңбек етіп жабылып қалуы ықтимал. Дегенмен, соңғы уақытта елде мейрамханалар саны кеміп келеді. «Бұрын Алматыда мейрамхананың 80 пайызын жеке тұтынушылар ашып келген еді. Қазір саладағы кәсіпқой мамандардың саны артты.
Шетелдік инвесторлар келіп, өз мейрамханаларын ашып келеді. Осы салада жоғары білімі бар адамдар мейрамхана ашатын болған. Менің байқап жүргенім, адамдар соңғы уақытта дұрыс тамақтануға көбірек мән беретін болған. Біздің мейрамханалар, калория жайында, тағамның қандай астан жасалатындығы жайында ақпарат береді. Менің ойымша бұл өте дұрыс. Себебі, жергілікті өнімдердің құрамында витамендер көп болады»,- дейді аспаз Кирилл Суров. Соңғы уақытта мейрамханалардың дені инвесторлардың немесе жеке кәсіпкерлердің қаржысына ашылып жатыр. Бас аспаз бен бизнесмендер әріптестік құрып, инвестор ғимаратқа, ресторатор – асқа жауап береді. Айта кететін жайт, біздің елдегі ас жергілікті халықтың талғамына сай әзірленеді. Бұдан бөлек, астың дайындалуы барысында, жергілікті тағам түрі пайдаланылады. Қазір Қазақстандық мейрамханалардың үлесі жалпы нарықтың 10 пайызын құрап отыр, ал еліміздегі кафелердің үлесі 50 пайызға жеткен. Кейбір демалыс орындарының кірісі маусымға тікелей байланысты болып отырады. Саладағы қаржының айналымы жылына 900 млн. долларды құрап отыр.
Қазақстанның мейрамхана нарығы 15 пайызға артқан
Последние статьи автора