Қазақстандықтардың несие қарызы 7 трлн теңгеден асты

Осыдан үш ай бұрын халықтың банк алдындағы несие қарызы 6,9 трлн теңге болса, жыл соңында 7,36 трлн теңгеге жетті. Осылайша, жыл басынан бері несие қарызы 10,5 пайызға өсіп кетті. Бұл туралы Ұлттық банк төра­ғасы Ерболат Досаев мәлімдеді. Бір қызығы, екінші деңгейлі банктер пандемияға қарамастан пайдаға кенелді.

 

Несие қарызы тағы да көбейеді

 

Халықтың несие қарызы көбейсе алаңдауға да, алаңдамауға да болады. Себебі бұл қарыздың өзі екіге бөлінеді. Оның бір бөлігі &ndash тұтынушылық қарыз, екінші бөлігі &ndash ипотекалық қарыз. Ұлттық банктің дерегінше, 7,36 трлн теңгенің 4,3 трлн-ы тұтынушылық қарызды құрайды. Несиенің бұл түрі 3,2 пайызға көбейіпті. Ал мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есе­бінен жасақталған ипотекалық қарыз 2,3 трлн теңгені құрап, 27,8 пайызға өсті.

 

Біздің болжам бойынша, халықтың несие қарызы тағы да өсуі мүмкін. Себебі алдағы уақытта халықтың Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорындағы қаржысының бір бөлігін баспана алуға пайдалана бастайды. Бұл баспанаға қол жеткізе алмай жүргендер үшін үлкен мүмкіндік. Ипотекаға баспана рәсімдеу үшін бастапқы жарна жинай алмай жүргендер осы мүмкіндікті пайдалануға тырысады. Сөйтіп, ипотека несиесінің үлесі артады. Жалпы, ипотека қарызы белгілі бір мөлшерде экономикаға табыс әкеледі. Тұтынушылық қарыз да табыс табу үшін беріледі. Алайда тұтынушылық несие алғандардың бәрі бірдей несиесін төлеуге қауқарлы емес. Сондықтан ол проблемалық несие көлемін арттырып жібереді.

 

Экономист Айман Тұрсынханның пікірінше, халық тұтынушылық несиені көп жағдайда қайтармаймын деген ниетпен алады. Тұтынушылық несиені екінші деңгейлі банктер ғана емес, микро­қаржы ұйымдары, ломбардтар мен қаржы пирамидалары да береді. Бұл құрылымдар берген несиесін алғашқы бірнеше айда-ақ төлетіп, қайтарып алады. Одан кейінгі мерзімде несие алған адам пайыздық ставканы ғана төлеп отырады. Демек, адам несиесін төлей алмайтын күйге түскенше, банк берген ақшасын толық қайтарып алып, әрі қарай тек пайызын өндіреді екен. Осылайша, жасырын комиссия мен анниутет төлемдерінің есебінен банк қарызды еселетіп қайтарады. Оған заң барынша мүмкіндік берген: банктер өзіне қарыз адамдардың кез келген есепшотын бұғаттап, ақша өндіре алады.

 

Банктер пайдаға кенеліп жүр

 

Елімізде дағдарыстың қай түрі болса да, екінші деңгейлі банктер аман шығады. Пандемия кезінде де қазақстандық банктер табыссыз қалған жоқ.

 

Ranking.kz агенттігінің дерегіне сүйенсек, еліміздегі екінші деңгейлі банктер 669 миллиардтан астам таза пайда тапқан. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда, 33,6% жоғары екен.

 

Соның ішінде Халық банкі ең табысты банк аталып отыр. Бұл банк 2020 жылғы қаңтар-қазанда 254,1 млрд теңге пайда көрген.

 

Екінші орында Kaspi Bank &ndash 187,2 млрд теңге. Егер Kaspi Bank-тің жыл соңындағы Лондон қор биржасындағы табысын ес­керсек, табысты банктердің кө­шін бастауы әбден мүмкін.

 

Ranking.kz-тің зерттеуі қаңтар мен қазан айы­ның арасын қамтығандықтан, екінші орынды місе тұтып тұр.

 

Одан кейінгі орында тұрған Сбербанк былтыр он айда 50,9 млрд теңге пайда көрген.

 

Еліміздегі 26 банктің 23-і 2020 жылды таза пайдамен жауып отыр. Үш банк &ndash Капитал Банкі, АзияКредит Банкі және Нұрбанк шығынға ұшыраған.

 

 

Былтыр бірқатар банктің басын проблемалық несие жұтқаны белгілі. Уақытында қайтарылмаған несие банктің айналым қаражатының азаюына алып келеді. Салдарынан кіріс азайып, банктің қаржылық жағдайы нашарлайды. Сондықтан биыл жоғарыда аталған үш банк бірігу арқылы жағдайын жақсартуға күш салмаса, банк секторы нарығынан біржола кетуіне мәжбүр болады. Айтқандай, былтыр басқа банкпен бірігуге келіспеген Тенгри банктің тағдыры қалай болғанын ешкім ұмытқан жоқ.

 

Ақша-несие саясатын өзгерту керек

 

Халықтың тұтынушылық несие қарызына қайта оралсақ, оның көлемі 4 трлн теңгеден артып отыр. Бұл қарызды кешіру туралы ұсыныс айтылып жатыр. Алайда сарапшылар «несие амнистиясы тығырықтан шығар жол емес» дейді. Бұл мәселені шешуге екінші деңгейлі банктер пайыздық ставканы төмендету арқылы көмектесуіне болады екен. Ол үшін, әрине Ұлттық банк базалық ставканы азайтуы керек. Сонда ғана екінші деңгейлі банктер пайыздық ставканы төмендетер еді. Онсыз банктер халық үшін де, басқа үшін де пайыздық ставканы төмендетпейді.

 

Пандемия басталғанда басқа мемлекеттердің орталық банктері халықты жұмыспен қамту және өндіріс орындарын ашу үшін базалық ставканы азайтты. Алысқа бармай, Ресейді айтсақ, орталық банктің базалық ставкасы &ndash 4,25 пайыз. Ал бізде 9 пайыздан түскен емес. Демек, екінші деңгейлі банктер беретін несие 9 пайыздан төмендемейді.

 

Шындап келгенде, банктер халыққа жоғары пайызбен беретін ақшаны сол халықтың салығынан жасақталған бюджеттен, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алады ғой. Оған халықаралық ұйымдардан өте аз пайызбен берілетін несиені қосыңыз. Депозит базасынан тартатын қаржы тағы бар.

 

Депозит демекші, соңғы дерекке сүйенсек, Қазақстан банктерінде халықтың 21,9 трлн теңгесі депозитте жатыр. Оның жылдық пайыздық ставкасы &ndash 9 пайыз. Банктер осы қаржыдан халыққа өте жоғары пайыздық ставкамен несие беріп отыр. Қарапайым сөзбен айтқанда, халықтың өз ақшасын өзіне жоғары пайызбен ұсынып отыр.

 

Бұдан бөлек, Ұлттық банктің 20 жылға 5 пайызбен берген 20 миллиард доллары да екінші деңгейлі банктерде жатыр. Зейнетақы жүйесінің 5 триллион теңгесі де біздің банктерге 3 пайыздық ставкамен салынғанын ұмытпайық.

 

Айман Тұрсынханның есебінше, банктер бұл ақшаны әрі кетсе 4,5-5 пайызбен алып, халыққа несие түрінде 25 пайызбен береді. Заң бойынша несие ставкасы 56 пайыздан аспауы тиіс екен. Бірақ банк комиссиясы мен өсімақыны қосқанда халық төлейтін пайыз 56 пайыздан да асып кетеді.

 

Ең қызығы, Халықаралық валюта қорының талабы бойынша, банктер халықаралық ұйымдардан алатын ақшаны халыққа несие етіп бергенде, айырма 2-4 пайыздан аспауы керек. Мысалы, банктің өзі ақшаны сырттан 5 пайызбен алса, халыққа оны 9 пайызбен беруі керек. Ал экономиканы дамытатын бизнеске берілетін несиенің ставкасы 7 пайыздан аспауы керек.

 

Алайда қазіргі ставка басқаша. Сондықтан халық арзан несиеге қол жеткізу үшін Ұлттық банк базалық ставканы 9 пайыздан төмендетуі керек. Яғни, Ұлттық банк ақша-несие саясатын өзгертуі қажет. Әйтпесе, бұрынғы межеге сүйенген екінші деңгейлі банктер несие пайызын жоғарылата береді.

 

Ал несиеге мұқтаж халық бастапқы кезеңде несиесін қайтарғанымен, уақыт өте қалған қарызын өтей алмауы мүмкін.

 

 

 

aikyn.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста