Дизель отыны маусымда акциз салығының 540 теңгеден/тоннадан 9300 теңгеге/тоннаға дейін ұлғаюы және Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстарының тоқтауынан кейін шілде айында жанар-жағармай нарығында тыныштықтың салыстырмалы кезеңі басталды.
Елдің бензин нарығы қаныққан. Бензинге деген сұраныс пен ұсыныс тепе-тең жағдайда. Биржада бензин сатуға арналған екінші шілде сауда сессиясы бағаны өсірусіз өтті.
Дизель отынына акциздердің жаңа ставкасы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіліп, Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары қыркүйектің екінші жартысына ауыстырылды. Өз кезегінде бұл, дизельдік отын нарығына айтарлықтай әсер етіп,нарықты қанағаттандыратын бағаның қалыптасуына әкелді.
Елдің мұнай өңдеу қуаттары қалыпты режимде жұмыс істейді, дизель отынын өндіру көлемі елдің күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруда.
Дизель отынын өндірудің орташа тәуліктік көлемі ҚР МӨЗ-де шілдеде 16,7 мың тоннаны, ал жөнелту 15,4 мың тоннаны құрайды.
Шілде айында дизельді отынды тұтынудың күтілетін көлемін және ҚР МӨЗ өндірісінің болжамды көлемін ескере отырып, нарық қажеттілігі 100% -ға қанағаттандырылады, дизельді өндірудің "артық" көлемінің күтілетін көлемі елдің аймақтарына егін жинау науқаны қарсаңында резервтерді қалыптастыруға бағытталады.
Елдің жанармай нарығына не әсер етуі мүмкін?
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі ОПЕК + келіссөздерінің нәтижелерін күтуде. Бұл биылғы жылдың соңына дейін әлемдік мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы болжамдар мен тенденцияларды анықтауға мүмкіндік береді. Келіссөздер процесі нәтижелерінің жоқтығын ескере отырып, өндірістің айтарлықтай өсуіне үміт жоқ және нәтижесінде мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі туралы болжамдар айтылып жатқан жоқ. Әлемнің жетекші агенттіктері қазірдің өзінде келіссөздер процесіне қатысушылар мен мұнай тұтынудың өсуі, сондай-ақ оны өндіруге қатысты шектеулер болмаған кезде мұнай бағасының100 $/bbl дейін өсуіне болжам жасайды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстанның ішкі нарығына бензин мен дизель отынын жеткізумен салыстырғанда, мұнай мен мұнай өнімдеріне баға ұсыныстарының жоғарылауы аясында мұнай өнімдерінің (мазуттың) қара сұрыпты экспорттық жеткізілімдерінің экономикалық тұрғыдан жақсаратын жағдай қалыптасқанын ескеру қажет. Яғни, мұнай өнімдеріне дүниежүзілік баға белгілеулердің алға жылжығаны соншалық, бүгінде Атырау МӨЗ бензинге қарағанда, мазут шығару тиімдірек болып отыр.
Еліміздің мұнай өңдеу саласы ел Үкіметі бизнестің экономикалық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстанның ішкі нарығын бұзуға жол бермейтінін жақсы түсінеді. Дегенмен соған қарамастан, мемлекет пен бизнес мүдделері арасындағы тепе-теңдік сақталуы керек.