Қазақстандағы ірі инновациялық жоба: әрбір ғалымға 180-220 млн. теңгенің гранты беріледі

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» атты жобаның негізгі мақсаты – озық ғылыми технологияларды өз елімізде қолға алып, өндіріске енгізу. Осыған орай, әрбір жобаға қыруар қаржы бөліп, оны идеядан бастап бизнес жобаға дейін дамыту жоспарланған. Сөйтіп, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты барынша күшейту көзделіп отыр. Конкурстың алғашқы кезеңі тамыздың аяғына дейін жалғасады. Сол уақытқа дейін нақты идеяны ұсыну қажет. Ал бизнес-жоспар мен жобаны іске асыру тәртібін кәсіби мамандармен бірлесіп әзірлеуге болады. Ол жұмысқа Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атсалысуға даяр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өткен айдың соңында ғылыми топтарға арналған гранттық бағдарлама жарияланды. Оның басты мақсаты – өз ғылыми зерттеулерін өндіріске, я болмаса, нарыққа шығарғысы келетін ғалымдарға қаржылай көмек көрсету. Грант екітүрлі топқа арналған. Біріншісі тәжірибесі мол беделді қазақстандық ғалымдарға арналса, екіншісі жас ғылыми қызметкерлерге беріледі. Іріктеу екі кезеңнен тұрады. Қазір бірінші кезең өтіп жатыр. Ол осы айдың аяғына дейін жалғасады. Гранттың көлеміне келер болса, аға ғылыми қызметкерлер тобына 230 млн. теңге берілсе, кіші ғылыми қызметкерлер тобына 180 млн. теңге қарастырылған», - «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы басқарушы тобы директорының орынбасары Алау Ахметжанов.

Оның айтуынша, топ басшысы міндетті түрде Қазақстан азаматы болуы тиіс. Бұдан басқа, топтың құрамына бір коммерцияландыру маманы, яғни бір кәсіпкер мен бір технолог кіруі керек. Барлық мүшелердің санын жетіге жеткізуге болады. Грант 3 жылға беріледі. Осы уақыттың ішінде ғалым өз технологиясы негізінде өнім өндіріп, оны нарыққа шығаруы тиіс. Сондай-ақ жобаға қосымша қаржы тартып, лицензиясын басқа елдерге сатқан жөн.

Жобаның жалпы құны – 110 млн. АҚШ доллары. Бұл ақшаны Дүниежүзілік банк заем ретінде беріп отыр. Сондықтан қаржының қайтарымына баса назар аударылады. Ал әрбір ғылыми жобаның тиімділігін тексеріп отыру үшін Ғылым мен коммерциализация бойынша халықаралық кеңес құрылады. Кеңес мүшелері жобаларды іріктеп, мониторинг жасайтын болады. Әзірше жобаның нақты бір бағытына шектеу жоқ. Ең бастысы, бизнес идея отандық өндірістің өнімділігін көтеруі шарт. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста