Қазақстанда құс етін сумен толтырып қатыруға тыйым салынды

Қазақстанда құс етін сумен толтырып қатыруға тыйым салынды. Сонымен бірге оны жібіткеннен кейін ылғалдың бөліну жылдамдығы белгіленді. Оның үлесі төрт пайыздан аспауы керек. Бұл туралы Сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, өңделген құс етіне тағамдық қоспаларды, соның ішінде фосфаттарды, консерванттарды және дәм күшейткіштерді енгізуге тыйым салынды. Талаптарды бұзғаны үшін өндірушілерді 600 мың теңгеге дейін айыппұл күтіп тұр.

 
Мұндай стандарттар Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейде бұрыннан бар екені атап өтіледі. Сондықтан инспекторлар қазақстандық тұтынушыны қауіпті өнімнен қорғауды көздеп отыр.

"Бірыңғай техникалық регламент құс етін сумен толтыруға, тағамдық қоспаларды, оның ішінде фосфаттарды, сондай-ақ консерванттар мен дәм күшейткіштерді енгізуге тікелей тыйым салуды көздейді, жібіткеннен кейін бөлінетін ылғалдың нормасы 4 пайыздан аспайды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін маңызды басқа да талаптар бар", - деді Техникалық реттеу және метрология комитетінің (КТРМ) төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста