Қазақстанда азық-түлік картасын енгізу ұсынылды: Экономистер мұның қаншалықты дұрыс екенін айтты

Қазақстанда азық-түлік картасын енгізу ұсынылды: Экономистер мұның қаншалықты дұрыс екенін айтты

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов азық-түлік бағасының өсуіне байланысты арнаулы азық-түлік карталарын енгізуді ұсынды. Қазіргі уақытта Қазақстанның экономикалық жағдайы мұндай карталарды енгізуді шынымен де талап ете ме? Stan.kz редакциясы эконмистерден сұрады.

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов қымбатшылыққа байланысты азық-түлік карточкаларын енгізу мәселесін соңғы бірнеше ай белсенді көтеріп жүр. Сөзінше, жеңілдігі бар тауарларды тек әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға сату қажет.

"Ең дұрысы – жеңілдікті тауарларды дәл осы халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына сату. Ол үшін әртүрлі экономикалық құралдар бар. Мысалы, азық-түлік карточкалары. Адам карточкасын ұсынып, тауарды төмен бағамен сатып ала алады. Сол кезде қолдау шынымен де мұқтаж адамдарға көрсетіледі", –  деді депутат.

Азық түлік картасы тек дағдарыс кезінде енгізіле ме? 

Азық-түлік карталары әлемдік тәжірибеде бар, қарастырылады дейді экномист, GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы Мақсат Халық.

“Негізінен дағдарыс уақытында жасалады. Өткен жылы пандемияға қарсы күрес жүргізген кезде Америкада жан басына 1200$-дан, Еуропада да қаржылай көмек қарастырылды. Бізде 42 500 тг ретінде жүзеге асты. Менің ойымша, осындай азық-түлік картасы болса бұл белгілі бір дәрежеде жүйелі болады. Азаматтарымызға ақша бірінші кезекте азық-түлік үшін керек болады. Әрине, одан бөлек, көп балалы отбасыларға мектеп формасы, репетиторлық, үйірмелер түрінде қолдау да қажет”, – дейді ол.

Картаны енгізу өз кезегінде халық арасында дағдарыс басталды деген түсінік тудырып, артынша дүрбелеңге, ұзын-сонар кезек күту, талас деген сынды қиындықтарға әкеліп соқпай ма деген сауалымызға экономист былай дейді.

“Сұрағыңыздың жаны бар. Бізде көп дүниенің идеясы дұрыс болғанымен, арты айқай-шуға ұласып кететіні бар. Ұзын-сонар кезек, талас-тартыс соңы. Бұны болдырмауға тырысу қажет. Өткенде ғана болған 4%-дық автонесиенің арты да шуға ұласты. Халықтың басым бөлігіне ақырында жетпей қалды. Барлығы жүйелі түрде ұйымдастырылып халыққа дұрыс түсіндірілу қажет. Өз кезегінде үкіметтің, атқарушы биліктің нақты жауапкершілігіндегі іс деп есептеймін”, – дейді маман.

"Азық-түлік карталары керек"

Мақсат Халық азық-түлік карточкалары керек, дәл қазіргі жағдайда ондай карталарды енгізген дұрыс деп есептейді.

“Өйткені бізде қазіргі таңда азаматтардың табысы өсіп жатқан жоқ. Зейнетақы мен арнаулы әлеуметтік төлемдердің өскен пайызы тіпті күлкілі. 4%-дың деңгейінде ғана. Кейбір жерлерде 10%-дың деңгейінде қаржыландырып жатыр. Бірақ, инфляция деңгейіне қарасаңыз 14,5%, ал азық-түлік ифляциясы 20%.

Кеше президенттің өзі кейбір тауарлардың бағасы 80%-ға дейін өскендігін айтты. Осы тұрғыда 4, 10% өскені ештеңені шешпейді. Мысалы, бір кісі 60 мың айлық алатын болса, 4%-ға өскенде 2 мың ғана қосылады. Ал тауарлардың бағасы неше мың теңгеге өсіп кетті? Мінекей, осы тұрғыдан келгенде әлеуметтік осал топтың жағдайы қиын. Әлеуметтік шиеленіс байқалады. Менің ойымша, адрестік нақты қолдаулар болу керек. Азық-түлік карталарын ашып азаматтарды қолдамаса болмайды”, – дейді маман.

Азық-түлік картасын енгізудің ең жағымды жағы әлеуметтік осал топтарға тікелей көмек дейді ол.

“Бұл кәдімгідей табысты арттыруға көмектеседі. Мейлі 50 мың, мейлі 100 мың болсын. Ол тікелей отбасыларға қолдау. Мемлекеттік бюджет арқылы 4%-ға өсірдік деген түк болмайды. Сондықтан да осындай нақты көмектер болуы қажет. Екінші мәселе, белгілі бір дәрежеде отандық азық-түлік компаниялары да, азық-түлік тауарларын жеткізіп берушілер табысты да болады. Осы тұрғыда жағымды жағына қосып айтуға негіз бар”, – деп қосты ол.

Сөзінше, халыққа кредиттік карталар емес, дебеттік карталар тиімді болар еді.

“Дебеттік карта болса, тамаша болар еді деп ойлаймын. Қазір кез келген банк Kaspi Red сияқты карталар ұсынып жүр. Бірақ маңызды мәселе, халықтың әлеуметтік жағдайының тым нашарлағанын айғақтатады. Халықтың табысы жеткілікті болса, мұндай карталар қажет те болмайды. Киім-кешек, тұрмыстық техниканы, көлік құралдарын бөліп төлеуде картаның пайдасы бар. Ал енді азық-түлікті мұндай жолмен алу қиын. Энгель заңы бойынша, неғұрлым халықтың табысы азайған сайын, азық-түлік шығындары артады. Неғұрлым табыстың көлемі көбейген сайын, сол шығындар азайады. Ал қазіргі уақытта тұтыну өнімдерін қарызға, несиеге алып жатқаны халықтың жағдайы өте төмен дегенді білдіреді. Сондықтан кредиттік карталар емес, дебеттік карталар болғаны дұрыс деп ойлаймын”, - дейді экономист.

Қымбатшылықты жоюдың шешімі ретінде маман халықтың табысын арттыру және қымбатшылықты болдырмау алғышарттарын жасау қажет екенін айтады.

“Ал халықтың табысын арттыру осындай азық-түлік карталарын енгізу, халықтың әлеуметтік осал топтарын коммуналдық төлемдерден босату арқылы көрініс табады әрі қажет көмек болады.

Әлеуметтік маңызы бар 19 тауар бекітілген. Тұтыну себетінде 43 тауар делінген, бірақ осының ішінен әлеуметтік маңызы бар деп 19-ын іріктеген. Оның ішінде: ұн, нан, макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, қант, күнбағыс майы, тұз, сиыр еті мен тауық еті кіреді. Одан бөлек, көкөністер мен сүт өнімдері бар. Қант мәселесі әлі шешілген жоқ. Басқа тауарлардың да бағасы өсіп жатыр. Ал енді осы тұрғыда тұрақтандыру қорына бөлініп жатқан қаражат нәтижесін беріп жатқан жоқ”, – дейді Мақсат Халық.

Карталық жүйе емес, әлеуметтік осал топтарға арналған жеңілдік керек

Ал экономист Арман Байғанов азық-түлік карточкаларына үзілді-кесілді қарсы екенін айтады. 

“Совет кезінде мұндай жүйе болған. Қазір Солтүстік Кореяда бар. Карталық жүйе емес, әлеуметтік осал топтарға арналған жеңілдіктер енгізген дұрыс шығар”, – дейді Байғанов.

Қазір қарапайым халықтың көбі Kaspi Red-ке азық-түлік сатып алуға үйреніп алған. Мұны біреулер дағдарыстың шектен шыққан түрі десе, енді бірі керісінше ыңғайлы көреді. Азық-түлік картасына балама ретінде кэшбэк не үстемақы түсіп отыратындай осындай дебеттік карта шығару нұсқасы халық үшін тиімді болар ма еді деген сұраққа маман мемлекет экономиканы, ауыл шаруашылығын дамыту арқылы көтергені дұрыс деген тұжырым айтты.

“Экономикалық тиімділікті арттыру керек, жұмыс өнімділігі, мысалы Ресей мен Беларусьте ауылда істейтін маман ауыл шаруашылығы бойынша бес есе көп өнім шығарады. Олармен теңесу керек. Сонда баға қатты өспейді. 

Картаны көбіне  экономика дамымай қалғанда, демократиялық емес елдерде қолданып жатады. Азық-түлік картасы елдегі жағдайдың нашар екенін көрсетеді”, – дейді маман.

Байғанов сондай-ақ, мемлекет үшін азық-түлік картасын іске қосу үлкен шығын тудыратыны да бар дейді. 

“Нағыз әлеуметтік осал топты анықтау процесі қиынға түсуі мүмкін. Асыра пайдалану болуы мүмкін, қаражатты бақылап отыру керек болады. Азық-түлік себетінің әр өңірде бағасы әртүрлі болуы керек. Бүкіл Қазақстанға бір баға тұр. Мәселен, Атырау, Ақтау қымбат қалалардың бірі. Кішкентай қалаларда баға арзандау деген сияқты. 

Одан бөлек, Қазақстандықтардың 50 пайыздан жоғары табысы азық-түлікке кететіні айтылды. Бұрын аз болса, қазір көбейіп жатыр. Бұл өсіп жатқан жалақыға қарағанда инфляцияның тез жүріп жатқанын көрсетеді. Салыстырмалы түрде, дамыған Еуропа елдерінде ай сайынғы жалақысының 10-11%-ы тамаққа кетеді. Шығыс Еурапаның өзінде 20%-дан аспайды”, – дейді маман.

Қарапайым халыққа мақсатты жеңілдік берген дұрыс дейді Байғанов.

“Қазір берілетін АӘК сияқты жәрдемақылар берген дұрыс. Табысы аз отбасыларға. Бұл жерде бір қауіптісі, адамдар сол жәрдемақы аламыз деп жұмыс істемей кетуі мүмкін. Экономикаға зияны тиюуі мүмкін. Жалпы бұл - шешім емес”, – дейді ол. 

Дәл қазіргі уақытта бағаның өсуі халық қалтасынан ұрмайтындай шаралар қатарына маман ауыл шаруашылығын көтеруді атады.

“Жеңілдікпен берілетін несиелерді, субсидияларды көбейту қажет. Өнім болса, бәсекелестік көбейсе, баға да өспейді. Демек халық тамаққа көп ақша шығармайды. Бізде ауыл шаруашылығы бойынша ЖІӨ бойынша 5% ғана алады, есесіне ауыл, елді мекендерде 40% адам тұрады. Бұл еңбек өнімділінің төмендігін көрсетеді”, – дейді ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста