Қазақстан шикізат елі атауынан қашан құтылады?

Дүниежүзінде жер көлемі жөнінен еліміз алғашқы ондықта тұр. Бұл – қуантарлық жағдай. Жаратқан иеміз біздің жеріміздің асты-үстін сан алуан байлыққа әбден толтырған. Олардың кейбіріне кезінде түрен тиді. Әлі де ашылмаған қазба байлығымыз қаншама. Мұндай кен орындары ашылып, елдің игілігіне айналып жатыр. Олар әлі де ашыла жатар. Өйткені, сала мамандары біздің елімізде алдағы уақытта да ашылатын кен орындары саны аз емес екенін айтады. Ендеше, біз үшін жасалатын жұмыстар ауқымды. Оларды қаншалықты игере аламыз? Қазір барлық химиялық элементке сұраныс жоғары болып отыр. Сол игіліктерді игеріп, өзіміздің қажетімізге жарата алсақ, қыруар кіріс кіргіземіз. Ол ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді. Бұл – нақты мәселе. 
Рас, кезінде қазақ баласы техникалық мамандықтарға назар аударды. Дегенмен, олардың қатарында геолог мамандардың аздығы байқалып тұратын. Қазақстанда мұнай өндіріліп жатқанына ғасырдан асты. Бір қызығы, күні кешеге дейін біздер мұнайшы мамандығына мұрын шүйіріп қарап келдік. Қазақ баласына мұғалім, дәрігер секілді мамандықтар қызықтырды. Ол да дұрыс шығар. Алайда, әрбір мамандықтың сұранысы ерекше. Оның ішінде техникалық мамандық түрлеріне көңіл бөлуіміз тиіс. Сол кезде кеткен олқылықтың орнын әлі де толтыра алмай жүрген жайымыз бар. Қазіргі таңда жеріміздің асты-үстіндегі байлықты игеруге келгенде білім мен біліктігіміз жетпей жататыны жасырын емес.
Қайсыбір кездері Қазақстан – шикізатқа бай деген әңгіме айтылатын. Біз өзімізде өндірілген қазба байлықты өзге республикаға алып барып өңдедік. Сол кездегі саясаттың желі де солай соққаны тағы да рас. Ашық айтылмаса да, қазақ баласын техникалық мамандықтарға жолата бермейтін. Соның салдарынан кешегі жылдарда көптеген зауыт-фабрика есігіне қара құлып ілініп, онда өндірілген өнімдер мүлдем шығарылмай қалды. Оған басты себеп – маңдайалды мамандар шетел асып кетті. Әркім өзінің тарихи Отанына аяқ басты. Осындай жағдай салдарынан еліміздің өндіріс саласында қаншама қиындық кездесті. Өкініштісі, сондай іргелі өндіріс орындарында негізінен өзге ұлт өкілдері басшылық қызмет атқарды. Ал біздің қазақтар төменгі деңгейдегі жұмыстарды місе тұтты. Қарапайым еңбек адамы үшін қазба байлықты қалай игеру қажеттігі құпия екені белгілі. Дегенмен, сол кездің өзінде солақай саясаттың лебімен біз келешек қамын ойлай алған жоқпыз. Ендігі кезекте сол олқылықтың орнын толтыруымыз тиіс.
Басқа жақты айтпай-ақ қоялық, Қызылорда облысы ілгеріден тек аграрлық өндіріске арқа сүйеген аймақтың бірі саналады. Қазіргі таңда өңірдің өрісі кеңейіп, өнеркәсіп саласы да өрге баса бастады. Сыр өңірі «қара алтын» өндіру жөнінен елімізде алдыңғы қатарға көтеріле бастады. Одан қалды Қаратау бөктерінде орын тепкен ванадий өндірісі жөнінен әлемдегі алдыңғы орындардың біріне шығып отыр. Сонымен қатар, уран өндірісі жөнінен де Қызылорда облысы маңызды аймақтардың қатарына қосылды. Соған қарамастан оларда мамандар тапшылығы анық байқалып тұр. Өндіріс орындары сол жұмыстарды атқара алатын мамандарды сырттан шақыруға мәжбүр болып отырған жайы бар. Бұлай бола беруіне болмайды әсте. Өйткені, өңірдің дамуы өндіріс саласына тікелей қатысты екені тағы да белгілі нәрсе.
Қызылорда топырағында сан алуан қазба байлық бар. Оны өндіруге сырттан маман шақыру қаншалықты қажет? Әрине, біліктілігі жоғары маманға қашанда сұраныс жоғары. Оған ешкім дау айта алмас. Алайда, қашанға дейін ауызды қу шөппен сүрте беруге болады? Мамандарды дайындауға бүгіннен мән бергеніміз артық емес. Өйткені, бүгінгі жас мамандар ендігі 10-20 жылда білікті, тәжірибелі мамандарға айналады. Осылайша аймақтың өндірістік саласын өрге бастыруға әбден болады. Қазіргі таңда облыста осы мақсатта нақты істер қолға алына бастады. Облыс басшылығының қолдауымен аймақта металлургтер дайындауға мән беріліп отыр. Бұл мақсатта Мәскеу қаласындағы болат және қорытпа институтымен өзара келісім жасалды. Аймақтың қолдауымен онда жылына көптеген жастар білім алып, күні ертең туған жерді түлетуге қайта оралады.
Қазақтың жері қазба байлыққа толы екеніне ешкім дауласа алмайды. Біздің еліміз вольфрам, қорғасын және барий секілді химиялық элементтердің қоры жөнінен әлем бойынша бірінші орында тұр екен. Ал хромит, күміс және мырыштан екінші орында тұрмыз. Қазақстандағы марганец пен молибден қоры жер шарында үштікке іліксе, мыс қорынан төрттікке табан тірейді екенбіз. Дүниежүзіндегі уран қорынан біз бестікке іліксек, алтын мен темір кені бойынша алтыншы және жетінші орындамыз. Біз де қалайы мен никель қоры да мол, бұл жөнінен сегіздікте болсақ, көмір мен табиғи газ жөнінен тоғызыншы, мүнайдан он үшінші орында келеміз. Жалпы, Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бірі, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі бар екен. Қазақстанда барланған тас көмір мен қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам.
Біздің еліміз көмірсулардың қоры бойынша жер-жаһандағы ірі елдердің қатарына қосылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12, газ бен газды конденсат – 15, мұнай өндіруде 23 орындамыз. Еліміздегі мұнай мен кен орындарының өндірілетін қоры 2,2 млрд. тоннаға жуықтаса, конденсат шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Қазақстандағы болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тоннаны шамалайды. Біздің еліміздің жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға өте бай. Әсіресе, Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізі жағалауын қоса есептегенде мұнай қоры 7 млрд. тоннаны құрайды. Алдағы уақытта мұндай қазба байлық мұнай өндірісін жыл сайын 50-100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік жасайтын болады. Қарашығанақ кен орындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион шаршы метрді құрайды.
Не керек, жеріміздің астында жатқан байлық жетерлік. Біздің оларды игеруге қаншалықты мүмкіндігіміз бар? Бізді осы жағы ойландырады. Жалпы, елімізде бұл бағытта тың жобалар жасалып келеді. Геология ғылымын дамытуға көңіл бөлініп отыр. Десе де әлі де қолға алатын істер баршылық. Кен орындарын игеру барысында отандық мамандар қатарын көбейтуге көңіл бөлгеніміз артық емес. Геология деп айтқанымызбен, оның ішінде де сан-салалы жұмыстар бар. Біз соларға келгенде сыртқа тәуелді болып отырмағанымыз абзал. Атап айтқанда, геология ғылымының басты салалары мен пәндері зерттеу нысанына қарай 6 топқа бөлінеді. Олардың қатарында кристаллография, миенаралогия, петрография, петрология, литология және теохимия салалары бар.
Біз мектеп бітірген түлектерді өзіміз білетін мамандық түрлеріне оқытуға құмармыз. Соның салдарынан қазіргі таңда елдің арасында екінің бірі заңгер, мұғалім және басқа да мамандықтарға игереді. Осы орайда біз ендігі кезекте жастарды қандай мамандықтарға бейімдеу бағытында жақсылап ойлануымыз тиіс секілді. Өйткені, уақыттың өзі соны қажет етіп отырған жайы бар. Себебі, біздің еліміз әлі күнге дейін шикізат елі деген атаудан құтыла алмай келеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста