Қазақстан Ресеймен өзара валюта айырбастау және рубль мен теңге бағамын тұрақтандыру шаралары туралы келісімнен шығуы мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта жазылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Түсініктемеде жоғарыда аталған келісімнің өзектілігін жоғалтқаны көрсетілген. Құжат 2023 жылдың 20 қаңтарына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының үкіметіне Қазақстан Үкіметінің келісімді денонсациялау ниетін хабарлау тапсырылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі осы мәселе бойынша түсініктеме берді.