Қазақстан ғарыштық держава болуға батыл қадам басты

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Елбасының тікелей пәрменімен 2005 жылы құрылған «Қазақстан ғарыш сапары» ұлт­тық компаниясы» акционерлік қоғамының мақсат- мүддесі ғарыш саласындағы жұмыстарды жүйеге түсіріп, әлемдік жетістіктерден қалыс қалмай, жаңа ғылымды одан әрі игере түсу болмақ. Жеті жылда қандай жұмыстар атқарылды, болашақ бағыт қандай, Жер серіктерінің Қазақстан үшін қызметі қандай болмақ? Міне, осындай сауалдарға жауап іздеп, аталған компанияның Жерүсті кешендері бас орталығының директоры, биология ғы­лымының докторы, профессор, ҚазҰТҒА академигі Оңғарбек Әліпбекимен әңгімелескен едік.

– Оңғарбек Әліпбекұлы, алдымен сіздердің компания туралы кеңірек айтып өтсеңіз...
– «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық ком­паниясы – Ұлттық ғарыш агенттігінің құрамындағы мекемелердің бірі. Меніңше, бірі емес, бірегейі. Себебі бұл компания ұлттық компания деп аталады. Компания­ның негізгі міндеті – болашақта ғарыштық аппараттар жасап, соларды тексеріп, ұшуға дайындау. Сол үшін компанияда қа­зір үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Қа­зір­гі уақыттағы ең күрделілері: компа­ния­мыз Қазақстан ұлттық ғарыш орталығының құ­рылысын жүргізіп жатыр. Екіншіден, екі ғарыштық технологияны жүзеге асыруға бір-екі жыл ғана уақыт қалды. Олардың ең үлкендерінің бірі ғарышты қашықтан зондтау қашықтық жүйесі, жерді қашықтан зондтау ғарыштық жүйесі. Ол үшін екі электрондық оптикалық аппарат, біреуі – зор дәлдіктегі, біреуі орташа дәлдіктегі аппараттар жасалуда. Ол аппараттарды француздардың EADS ASTRIUM компа­ния­сымен бірігіп дайындадық. Амандық бол­са, келесі жылы осы уақытта бірінші ғарыш­­тық аппаратымыз ғарышқа ұшады да, жұмысын бастайды. Ортасына бір жыл са­лып екінші ғарыштық аппаратымыз жұмы­сын бастайды. Ал жоғарғы дәлдіктегі спут­никтік жүйе жоспар бойынша 2013 жы­лы толығымен жүйеге қосылуы керек. Бұл екі технология – ғарыштық техноло­гия­лар болғанымен, негізінен, жердегі бо­лып жатқан құбылыстарды зерттеп, оларға қол­ғабыс жасау үшін арналған техноло­гиялар.
– Мысалы, қандай жұмыстар істеу­ге бағытталған?
– Мысалы, жерді қашықтан зондтау жүйесі бойынша, жердің бетінде болып жатқан құбылыстарды, мысалы, теңіздегі шашылған мұнай болса да, жердің бетінде өзгеріп жатқан нәрселер болса немесе экологиялық жағдайдың, болмаса өрт сөн­діру, су тасқындары кезінде тағы бас­қа адамның өмірі үшін маңызды оқиға­лар­дың барлығын ғарыштан қарап отыруға мүмкіндік бар. Болашақта ау­қым­ды-ауқымды ғылыми жұмыстар жүргізіп, қазақтың кең-байтақ жерінде болып жатқан оқиғаларға баға беріп отыруға мүмкіндік туады. Ал жоғарғы дәлдіктегі спутниктік жүйе тіптен жайылып жүрген малдың өзін бақылай алады. Ірі қара, ұсақ мал болсын, жүріп бара жатқан көлік, тағы да басқа жылжуға келетін объек­ті­лердің барлығын қарап, оларды талдап, не істеп, не қойып жатқаны туралы толы­ғы­мен ақпарат алуға мүмкіндік береді.
– Оңғарбек Әліпбекұлы, осы тұста полигон аумағындағы кейбір аумақ­тар­ды ғарыштан түсіру арқылы оның жағдайын анықтап жатыр екенсіздер. Біз Ұлттық ядролық орталық маман­да­рының жерде жүргізіп жатқан зерт­теулеріне қанық болатынбыз, енді ғарыштан түсіру арқылы қандай жағ­дайлар анықталды?
– Ғарыштан түсіру арқылы бірінші кезекте жердің морфологиясын білуге бола­ды және жердің бетіндегі экосистема­дағы өсімдіктердің, ағаштардың, жалпы то­пырақ құрылымының қалай өзгеретінін, бел­гілі бір өзгерісін көруге болады. Жер­дің рельефін анықтауға болатындықтан, біз «Қазақстан ғарыш сапары» компа­ния­сы осы Семей полигонында орналасқан барлық объектіні белгілі бір формациялық жүйеге біріктірудеміз. Соның арқасында, жалпы, Семей полигонының территория­сын­да қазір болып жатқан құбылыстарды толығымен талдауға мүмкіндігіміз бар. Ал кейбір объектілерді, мысалы, Дегелең таулы массиві сияқты объектілерді біз те­рең зерттеуге кірістік. Олардың құрылы­сын, құрылымын неғұрлым дәл білген сайын ондағы су арқылы шығатын ра­диа­ция­ның қаншалықты тереңдей түсетінін және олардың қандай территорияны за­лал­дайтынын ғарыш арқылы жалпы түсірі­лім ретінде бақыладық. Бұларды талдап оты­рып, көріп, жердегі зерттеулермен бірік­тірген кезде біздің жаңағы зерт­теулеріміз қазір сол Дегелең таулы мас­си­вінде радиоактивті залалданған жерлердің бар болғаны 0,07% ғана екенін анықтады.
– Сонда ұлттық ядролық орталық ма­мандарының мәліметтерімен сіз­дер­дікі сәйкес шыға ма, әлде алшақ­тық бар ма?
 – Бұл екі мәлімет бір-біріне жақын, бірақ радиациялық қауіпсіздік және эко­логия институтында жүргізіліп жатқан зерт­теулер, негізінен, дәстүрлі әдіс бойынша жүр­гізіледі. Жердің немесе судың үлгісін ала­ды да, одан радиоактивтік талдаулар жа­сайды, ал біз тура сондай жұмыстарды жүр­гіземіз де, оны ғарыштық түсірілімдер ар­қылы талдай түсеміз, ары қарай терең­де­те түсеміз. Сонда қай жердің радиоак­тив­ті зарары қандай, жақындау керек пе, ке­рек емес пе, қай жерде емін-еркін мал ба­ғып немесе шөп шауып, басқа да жұмыс­тар істеуге болатыны анық көрініп оты­рады. Бұл жұмыстардың басталғанына бес-алты жылдай уақыт болды. Қазір өзіміздің ғарыштық жүйеміз әлі қосылған жоқ. Біз басқа ғарыштық аппараттардан түс­кен түсірілімдерді алып, жұмыс істеп жатырмыз. Ал бір жылдан кейін біздің өзіміздің ғарыштық аппаратымыз – Жерді қашықтан зондтау аппаратымыз пайда болады. Сол уақытта біздер бұл жұмысты жүйелі түрде істеп, осы мәліметтерді дәлелді және жүйелі түрде ары қарай жалғастырамыз.
– «Қазсат-1» Жер серігі сәтсіздікке ұшы­­рағаннан кейін қандай сабақ ал­дық?
– «Қазсат-1» – информациялық аппа­рат. Бұл – радио мен телевидениеге ақпарат беріп отыратын аппарат. Бірінші Жер серігі, шындығында да, онша дұрыс жұмыс істей алмады. Бар болғаны бір жыл екі ай ғана жұмыс істеді. Бұл Қазақстан тара­пының қатесі емес, бұл – Ресейдің Хру­ничев атындағы компаниясының жіберген қате­сі. Себебі бұл компания өзі­нің өмірінде осы «Қазсат-1-ді» жасағанға дейін бірде-бір рет ақпараттық ғарыш аппаратын жа­са­маған. Сол қателердің салдарынан біз­дің аппаратымыз ұзақ уақыт жұмыс істе­меді. Ал енді «Қазсат-2» аппараты аман-есен ғарышқа шықты. Қазір барлық тексеруден өтті. Енді өзінің жұмыс бабында қызмет істеуге кірісіп кетті. Жалпы, аппа­раттың жұмыс істеу уақыты – бес жылдан жеті жылға дейін. Қазіргі уақытта «Қаз­сат-3» аппараты жоспарланып жатыр. Аман­дық болса, біраз уақыттан кейін «Қаз­сат-4» аппараты да жоспар­ланып, да­йындала бастайды.
– Келесі жылы үлкен жобалар іске асуға дайын дедіңіз, қысқа мерзімде мамандарды қалай дайындамақпыз? «Қазсат-2,3,4» ұшырылса, олармен жұмыс істеу үшін отандық кадрларды қайдан алмақпыз?
– Шынын айту керек, бұған дейін м­а­мандар жоқ еді. Бірақ біздің ғарыштық жүйе­ні жасауымыз әбден ұйымдастырыл­ған, пысықталған үрдіс деп айтуға болады. Тура қазіргі уақытта біздің 45 адамымыз Францияның Тулуза қаласында және Ұлы­британияда осы жүйелерді меңгеру үшін, оларды құрастыру үшін, конструктор­л­ық жұмыстар жүргізу үшін, содан кейін ғарыштан келетін ақпараттарды талдап, өңдеп, тарату үшін оқып, біліктіліктерін шыңдап жатыр. Бұйыртса, жарты жылдың ішінде олар қайтып келіп, осы жұмыстар­дың бәрін өздерінің қолдарына алады.
– Қазақстан тәрізді жас мемлекет үшін бұрын тәжірибеде мүлдем бол­маған осындай ауқымды жобаларды сәтті жүзеге асыра аламыз ба?
– Мұндай ғаламдық жобалар ТМД көлемінде алғаш жүзеге аспақ. Тіпті Ресей мемлекетінде де әзірше мұндай кешен жоқ. Ал олардың жұмыс істейтініне біздің ешқандай күмәніміз жоқ. Ол үшін «Ғалам» деп аталатын француздармен біріккен кә­сіп­орын құрылған. Компания өзінің жұ­мысын бастап та кетті. Соның бес жыл­дық жұмыс жоспарлары жасалып, барлығы дайын тұр. Тек өндіріс қалай жұмысқа қосы­лады, солай тапсырма алып, жұмыс істей бастайды. Ары қарай өмір көрсетеді. Сон­дықтан қай жүйенің болсын тиімді жұ­мыс істеп, экономикамызды дамытуға зор үлес қосатынына біздің еш күмәніміз жоқ.
– Сұхбатыңызға рақмет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста