Қазақстан долларға тәуелділіктен үш айда арыла ала ма?

Қазақстан долларға тәуелділіктен үш айда арыла ала ма?

Өткен аптаның ең ай­шық­ты һәм аса маңызды оқи­ға­ла­ры­ның бірі сөзсіз V Астана эко­номикалық форумы болғаны анық. Осынау форумда ха­лық­аралық қауымдастыққа аты мәшһүр болып қалған «мен» деген экономистер мен қаржыгерлер, Нобель сый­лы­ғының иегерлері мен аузы дуа­лы сарапшылар тарапынан әлем­дік қаржы-экономикалық құ­рылымның бүгінгі «құрыс-тұ­р­ысын» жазып, қалыптасқан дағ­дарыстан шығудың түрлі жол­дарын қарастырған көптеген ке­ңестер мен ұсыныстар ай­тылды. Олардың кейбірі бүгінгі Қа­зақстанның жаһандық құ­рылыстағы ертеңгі орнын ай­қындау тұрғысынан мүлде тың әрі қызықты болып шықты. Мә­селен,  форум аясында өткен әлем­дік валюта мәселесіне ар­налған панельдік сессияда біз­ге, яғни Қазақстанға,  өндіріп жат­қан мұнайымызды шетелге дол­ларға емес, теңгеге сату  ұсы­нылды.  Иә, иә,  доллар емес, тең­ге!
Бұл мүмкін емес дерсіз, өйткені алып Ре­сей де, мұнайдың ірі көлемін экспорт­тай­тын араб елдері де, Оңтүстік Аме­ри­ка­ның мұнайлы мемлекеттері де «қара ал­тынын» бұл күнде тек АҚШ долларымен ба­­ғалайды, сатады, сатып келеді. Дүние қа­­лыбы осылай болып тұрғанда, Қа­зақ­стан­ның ұлттық валютасының бұған ша­масы жете ме? Мұнайды теңгемен бағалап, тең­геге сату – қазақтың төл ақшасын әп-сәт­те халықаралық валюта деңгейіне шы­ғару деген сөз. Бұл біздің қолдан келе ме? Астана экономикалық форумына қатысқан эко­номист Генри Льюдің сөзіне сенсек, қол­дан келеді екен. Тек ел үкіметі осындай ба­тыл қадамға барса болғаны.
Бір­ден айту керек, бұл жағынан жалғыз болмайтынымыз да анық.
Доллардан арылу үрдісі басталып кетті ме?
Іргеміздегі іргелі ел, алып нарық иесі Қытайдың қазіргі кезде ішкі нарықтағы АҚШ долларынан «құтылу» операциясын жүр­гізіп жатқаны мәлім. Яғни Қытай мем­ле­кеті өз ішіндегі «жасыл қағаз» айналымын мей­лінше азайтып, долларға деген тә­уел­діліктен арылып жатыр. Оларға «осылай істе» деп кеңес берген адамыңыз осы – біз тіл­ге тиек еткен Генри Лью. Демек, қандай ше­­шімді болсын жүз ойланып, мың тол­ға­нып барып қабылдайтын қытайлықтар оның сөзіне құлақ асса, бұл ұсыныстың эко­­номикалық тамыры тереңде екенін ба­ғам­дағаны болар. Оның үстіне, жалғыз Қы­­тай емес, Жапония да долларға тә­уел­ді­ліктен арылу үрдісін бастап кетті. Жа­по­нияның қаржы министрі Дзюн Адзу­мидің «Жапония мен Қытай маусымның 1-інен бастап сауда-саттық пен қаржылық алыс-берісте тікелей валюта алмасуға көшеді» деп мәлімдеуі соның айғағы. Яғни эко­но­ми­касы жағынан ең ірі азиялық екі ел сырт­қы саудада долларға емес, өз ва­лю­та­ларына иек артпақ. Бұл – іс жүзінде дол­лар­ды ығыстыру деген сөз. Енді бізге әл­гін­дей кеңес беріп отырған Генри Лью де­ген кім өзі?

                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Генри Лью – Гарвардты бітірген эко­но­мист, Liu Investment Group Инвестициялық ком­паниясының төрағасы, Миссури уни­верситеті, Ухан ғылым және технологиялар уни­верситетінің профессоры, Қытайдың Синьхуа ақпараттық агенттігінің бас сарап­шы­сы. Ол бұл ұсынысын өткен аптада бол­ған V Астана экономикалық фору­мын­да айтқан болатын. «Қырғи-қабақ со­­ғыс­тан» кейін әлемдегі бір ғана алып дер­жава болып қалғандықтан, енді еш­кім­мен бақталастырудың қажеті жоқ бол­ған­дықтан, америкалықтар дамушы ел­дер­дегі импорт пен экспорт операция­ла­рын кеңейту үшін халықаралық сауда кө­лемін ұлғайтуға кірісті. Ал әлгі дамушы ел­дер соның жетегінде кетіп, ішкі дамуға не­месе ішкі нарықтағы өндіріске мән бе­ру­дің орнына, осы импорт-экспорттық опе­ра­цияларға баса ден қойды. Бұл не үшін істелді дейсіз ғой? Бүкіл әлемнің дол­ларға деген тәуелділігін арттырып, АҚШ-тың гегемониясын жалғастыру үшін», – дейді Г. Лью.
Оның сол форумдағы айтқан мысал­да­рын қысқаша тұжырымдасақ, былай: ерте за­мандарда саудада алтынмен есеп айы­ры­­сатын. Алайда алтынның көлемі шек­теу­лі еді. Сол себепті XII ғасырда қытайлар қа­­ғаз ақша ойлап тапты. Қазір қағаз ақ­ша­ны шы­ғарумен орталық банктер айна­лы­са­ды, бірақ оның көлемі алтынмен қамта­ма­сыз етіл­мей отыр. Кезінде Наполеонның жо­­рық­тарынан кейін алтынның үлкен бө­лігі Бр­итанияға «көшті». Ал екі бірдей дү­ние­­жү­зілік соғыстан кейін АҚШ-қа ауысты. Алай­­да Шарль де Голль Францияда бар бар­­лық долларды алтынға айырбастауды өтін­ген кезде АҚШ ойланып қалды, бірақ айыр­­бас жасады. Содан бір аптадан кейін ағыл­­шындар да АҚШ-қа осындай өті­ніш­пен шықты. Бірақ осыдан кейін Никсон дол­­ларды алтын стандартына «байлаудан» бас тартты. Міне, содан бүгінге дейін дол­лар ештеңемен қамтамасыз етілмеген.
«Айтпақшы, 1973 жылы араб-израиль со­ғысы тұтанып, соның нәтижесінде АҚШ қысым көрсету арқылы араб елдерін мұнайды тек долларға ғана сатуға көндірді. Мұнайдың бәріне керектігі секілді доллар да бәріне қажет. Ал мұнай тұтыну тек өсіп келе жатқандықтан, халықаралық сауда көлемі де ұлғая беретіні анық», – дейді ол.
Капитал мен инвестиция тудырған «тұйық шеңбер»
Генри Льюдің сөзімен айтсақ, қазір аме­рикалықтар АҚШ-тың қажетіне тауар өндіру үшін Қытайға капитал салып, жұмыс орындарын ашуда. Сол арқылы өндірілген тауарлар экспортқа жөнелтіліп, долларға са­тылуда. Егер бұл өнімдер Қытайда қа­лып, юаньға айырбасталатын болса, онда бұл жағдай инфляцияның өсіміне ықпал ете­д­і. Өйткені ол ештеңемен теңгерілмеген (қам­тамасыз етілмеген). Сол себепті де ФРЖ (федералдық резерв жүйесі) қа­зы­на­шылық облигациялары сатып алынып жа­тыр және сайып келгенде, америка­лық­тардың мұндай қарыз алулары да Қытайға инвестиция болып ағылуда. Ал дамыған ел­дерден капиталдың бәрі жұмыс күші ар­зан дамушы елдерге кетіп жатқандықтан, жа­­ңа жұмыс орындары ашылмай, жұмыс­сыз­­дық белең алуда. Соның салдарынан да­­мыған елдер­дегі халықтың төлем қа­бі­леті азайып, тауар өтімділігі төмендеуде. Сө­й­­тіп, тұйықталған шеңбер пайда болу­да.
Қазақстан өз жолын таңдауы керек
«Қытай үкіметіне кеңес бере бас­таған кезімде мен долларға деген тә­уел­ділікті тө­мендету үшін Қытайға халық­ара­лық сау­дада біртіндеп юаньға көшуге ке­ңес бер­дім. Қытай деген алып мемлекет бол­ған­дықтан, оған долларға деген тәуел­ді­лік­ті азайту үшін уақыт керек. Ал Қа­зақ­стан үшін мұны үш айда істеуге болады. Тек ең бас­тысы қазақстандық үкімет мұнай сат­қан­да теңгемен есеп айырысуға көшуге шешім қабылдауы қажет.
Бұл қазір жаңалық та емес, әлемде бү­гін­гі таңда Қытай-Ресей, Қытай-Бразилия ва­люталарымен есеп айырысу тәжірибесі бар, бірақ олардың көлемі әлі ондай үлкен емес», – дейді Генри мырза. Оның ай­туын­ша, мұнайды евроға сатуға талпынған Ре­сей­дің тәжірибесі де қызық. Бірақ евро да «әл­сіз доллар» болғандықтан, мұның ай­тар­­­лық­­тай айырмасы жоқ. Сондықтан аме­ри­ка­лықтар қазақстандық мұнайға дол­­лар­мен төлеп тұрған кезде, барлық мұ­най іс жүзінде солардікі. Ал егер Қазақстан өзі­нің халықаралық сауда операция­ла­рын­да ұлттық теңгеге көшетін болса, онда аме­ри­ка­лықтар Қазақстандағы барлық мұ­най ак­тивтерін шынымен-ақ қазақ­стан­дық­­тардың қолына өткізіп береді. Себебі ала­тын мұнай үшін теңгемен төлеу керек бол­­ғандықтан, шетелдіктер оны теңге ба­ға­­мын белгілейтін осы елдің орталық бан­кі­нен сатып алуға тиіс болады. Осыдан ке­йін теңгені қанша көлемде басып шы­ғар­­са да бола береді. Өйткені қазақ мұ­на­йын ала­тын елдің бәрі теңгені сатып алуға кіріседі. Мы­салы, өз өнімдерін тең­геге сат­қан Гер­мания немесе Қытай осы ва­лютаға қа­зақ мұнайын сатып ала ала­тынын білетін бо­лады. Сонда Қазақстан өзінің ішкі да­муы­­мен іс жүзінде айналысып, тең­ге­лей қа­­­ра­жат­ты елдің ішіне инвестициялай ала­ды.
Рас, Генри Лью өзінің бұл ұсынысына қар­­сыластардың да табылатынын жоққа шығармайды. Өйткені халықаралық сауда операцияларында олардың өз мүдделері бар. Олардың күштілігі де осыған тіреледі. «Дейтұрғанмен Қазақстан осындай қадам­ға баратын болса, онда өз тағдырының ие­сі анық өзі болар еді» деген тұжырым жа­­сай­ды ол. Яғни отандық мұнайды тең­геге сата­тын болсақ, ел байлығы бірнеше есе­леніп, нақ­ты өніммен теңгерілген (қам­тылған) ақ­ша көлемін шығаруда тәуелсіз бо­ла­тын­дықтан, ішкі өндіріспен де тікелей өзі­міз айналыса алатын жағдайға келер едік.
Бір қызығы, Генри Лью өзі осындай ақыл бере тұрып, Қазақстанға ақыл айт­қыш­тардың көп екенін және олардың бә­ріне құлақ аса бермей, өз жолымызбен, өз па­йымымызбен жүру қажеттігін де ес­кер­теді. «Меніңше, сіздерге шетелдіктерді тың­даудың қажеті жоқ, қайта сіздер үшін не істеу керегін өздеріңіз шешулеріңіз керек. Ол үшін қоғамда пікірталас тудырып, же­ке­леген тұлғаларды сынамай, долларға иек артқан жүйені өзгертуге тырысқан жөн», – дейді ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста