Қазақ менсінбейтін арамшөп Қытайдың бизнесіне айналды

Иен даламызда шөптің түрі көп: арамы бар, адалы бар, мәдени түрі бар, әйтеуір, жетіп-артылады. Еккен егістің нәрін сорып күн көретін арамшөптердің де пайдасы бар деп кім ойлапты? Бір қызығы, өзіміз арамға балаған сол шөптерге шетелдіктер аса қызығушылық танытып отыр. Сөйтіп, шекара асырып әкетіп жатыр.
«Сұңғыла» деген атауы бар шөп көбіне қауын еккен алқаптарда, сексеуілді аймақтарда өседі.
Әсіресе Жамбыл облысының Мойын­құм ауданында, Оңтүстік Қазақстан об­лы­сының Созақ ауданының Бетпақдаламен шектесетін жерлерінде көптеп өседі. Ми қайнатар аптап ыстықта бүр жаратын гүлдің негізгі қасиеті – тамырында. Шығыс медицинасында одан бауыр ауруларына қарсы дәрі жасап шығарады. Емдік қасиеті мол осынау шөптің тамыры қайнаған құмның арасында өсетін сексеуілдің тамы­рына жармасып нәрленеді. Оның тамыры 1-2 метрге дейін тереңдікке кетеді. Оның бойында хлорофил болмайды. Бір-екі ай ғана гүлдеп тұратын өсімдікті дәл осы уақытта жинап алуға тырысады. Уақыты өтіп кеткеннен кейін оның емдік қасиеті жойылады. Сол себептен де уақытты өткі­зіп алмау қажет. Жергілікті жұрттың жаппай қолына күрек алып жалпақ даланы кезіп кететіні де осы уақ. Оның бір келісін дел­дал­дар 110 теңгеге сатып алады. Ал қайда сатып жатқанын айтуға құмбыл емес. Бейресми деректерге сүйенсек, тағы да сол сатып алушылар қытайлықтар екен. Арзан бағаға сатып алған тамырдан аса бағалы дәрі жасап шығарып, өзімізге өз би­дайы­мызды қуырып беріп отыр. Осыдан жеті жыл бұрын бір келісі 15 теңгеге бағаланған дәрілік шөптің тамыры бүгінде 100 тең­геден асып қымбаттаған. Яғни сұраныс бар деген сөз. Сұраныс бар жерде бағаның да өсетіні белгілі. Бір жұмысшы күніне 50 келіден астам тамыр өткізіп, қалтасын қалыңдата алады. Бұл жергілікті жұртты жарылқағанымен, айналаға тигізер зар­дабы қаншалықты? Мамандар қайта арам­шөптен құтылғанымыз жақсы дейді. Ол жердің құнарлылығын арт­ты­ра­ды-мыс. Кейбіреулер сұңғыланың арам­шөп аталуына қарсылық білдіреді. Ғалым­дар­дың зерттеулері бойынша, сұңғыла айна­ласындағы шөптердің нәрін сорып алып қоректенетіндіктен, оны арам­шөп­тер­дің қатарына жатқызады. Сексеуілдің ара­сын­да өсетін сан түрлі өсімдіктердің ішінде сұңғыланы емдік қасиетіне бола баға­лай­ды. Осыншама ен байлықтың маң­­дайы­мыздан тамшылап ағып, аузы­мыз­ды аққа жарытпай кетіп жатқаны-ай деп күр­сінбеске амал жоқ. Алайда жер­гі­лікті билік биыл 100 тоннаға жуық сұңғыла тамырын жинауға рұқсат беріп отыр.
Бақыт СЕРБАЕВ, Жамбыл облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының ормандарды қорғау жедел  қызметінің бас маманы:
– Сұңғыла негізінен құмды-шөлейт­ті жерлерде өседі. Он жылдан бері облыста ол емдік шөп ретінде жиналып келеді. Соңғы жылдары сұңғылаға деген сұраныс күрт өсті. Орман­шы­лар­дың рұқсаты арқылы жиналатын өсім­діктің көлемі есептеу арқылы реттеліп оты­рады.

Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы «Облыс бойын­ша орман пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлем ставкаларын бекіту тура­лы» №12-5 шешімі шыққан болатын. Онда облыс аумағында орманды жанама пайдалану үшін дәрілік шөптерді, техни­ка­лық шикізатты және орманның тағамдық өнімдерін дайындауда төлем ставкалары бекітілген-тін. Сонда сұңғыла тамырын бағалау коэффициенті 1,7; төлем ставкасы бір келі үшін теңгемен 5,90 болып бекі­тіліпті. Одан бері де талай өзгеріс болды. Енді шекара асырғыш шетелдіктердің қойған бағасы үстемдік құрып тұр. Тағы бір әттеген-айы – жергілікті халыққа жинап алу үшін рұқсат етілді дейді ресми орган. Алайда сол жинап алғыш жұрт бұл дәрілік шөптің емдік қасиетін білгенімен, қалай пайдалануды білмейді. Жинап алған дүниесін пұлдамағанда қайтеді?! Ал оны сатып алушылар сырттан келеді. Шекара асып келгендер еліміздің заңдарын жата-жастана жаттап алған. Өздері термейді, жергілікті жұртқа жинатады. Ал ертеңгі күні тамыры қазылып алынған дүниенің орны ойсырап табиғатқа келтірер зардабы қаншалықты? Оны тексеріп жатқан жан табылмай тұр. Әрі жергілікті жұрт рұқсат етілген 100 тоннадан артық жинап қойды ма, оны таразы алып тергеп, тексеріп жатқан жанды тағы таба алмайсыз. Облыс­тың шалғай шетінде жатқан аудан, ауыл­дар­ға барып тексеру жүргізуге құлық­сыз­дық танытады. Тексерсе онда да рейд кезінде ғана...  
Сұңғыланы халық медицинасында бүй­ректің әлсіздігіне, еркектің бел қуа­тынан айырылғанда пайдаланады. Ал қытай, шығыс медицинасында бүйрек ау­руы­на таптырмас қосынды болып табы­лады. Одан дәріні қалай жасап шығаратын құпиясымен олар, әрине, өлсе де бөліс­пей­ді. Тек бізден сатып алып, дәрі жасап, удай бағасына сатып қарық болуда. Бүгін­де бауыры ауырмайтындар кемде-кем. Осындайда елімізде бауыр­ға арналған дәрі жасап шығаратын өндіріс орны ашыл­са деген арманға иек артасың. Алайда бұл арманның орындалу-орындалмасы әзірге тұман...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста