Қауынды жұрт емес, құрт жеп жатыр

Қауынға қауіп төніп тұр. Оңтүстіктің тоғыз ауданындағы шаруашы­лық­­тан қауын көбелегі табылып отыр. Қауын көбелегі күнгейде алғаш Мақ­таарал ауданында пайда болған еді. 2012 жылы жеті ауданның ау­­­ма­ғына таралса, биыл 9 ауданның аумағына тарап отыр. Сол себепті бүгін­де залалсыздандыру жұмыстары қауын көбелегі жайлаған аудан­дарда жаппай жүргізіліп жатыр.
Зиянкестердің таралуына диқандардың өздері себепші болып жатыр. Адамдар қауын көбелегімен күресу керек екендігін түсінсе де, пісіп тұрған қауындарын қимай­ды. Осылайша, ақша табамын деп құртта­ған көкөністерді аудан ішінде ғана емес, басқа облыстарға да алып шығып жатыр.      
Ибрагим БЕГАСЫЛОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық инспекция басшысының орынбасары:
– Өткен жылы қауын көбелегіне қарсы жүргізілген күрес кезінде 802 гектар жер залалсыздандырылса, биыл 2620 гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл жылы Ор­да­басы және Бәйдібек аудандары қосылып отыр. Қауын көбелегі былтыр  Қарағанды мен Астанада тіркелді. Неге? Диқандар қауын­ды түнде тасиды. Енді Қызылорда облысы мен оңтүстіктің тың егін жерлерін де жайлады.

Зиянкестердің жаңа жерлерге тарал­мауы үшін Астанадан 300 тоннаға жуық ар­найы улы химикаттар жеткізілді. Тұтыну­шы­лар қауын сатып аларда абай болғаны жөн. Себебі ауру қауында ұсақ-ұсақ шұрық тесік­тер болады. Өйткені қауын көбелектері қауын­ның қабығын тесіп, онда өз дер­нәсілдерін қалдырады. Жаңа дернәсіл қауын­ның жұмсағын жеп, кеміре-кеміре сырт­қа шығып кетеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста