Қарағандыда 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Қарағандыда сот шешімімен 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Құрылыс салушылар рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа кіріскен. Жоспардан тыс тексеруді МСҚБ басқармасы жүргізді.

 

Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі мониторинг барысында жосықсыз құрылыс салушыларды анықтады.

 

Деректер бізге берілген соң, 10 компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізіп, бұзушылықтар туралы сотқа шағым түсірдік. Құрылыс салушылар ҚР ӘҚБтК-нің 314 "Жобалық құжаттамасыз құрылыс", 321 "Авторлық-техникалық қадағалаусыз құрылыс жүргізу" және 463 “МСҚБ талон-хабарламасысыз құрылыс жүргізу" баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығына айыппұл салынды, – деді Мемлекеттік құрылыс инспекторы Думан Қасымжанов.

 

Егер ескертулер жойылмаса, нысан пайдалануға жіберілмейді және ол қабылдау актісін алмайды.

 

Жосықсыз құрылыс салушылар тізіміне келесі компаниялар кірді:

 

- "T-K Building" ЖШС ("Al-Farabi" ТК);

 

- "TT INVEST-2022" ЖШС ("Хан" ТК);

 

- "Satti Lux Stroy" ЖШС ("Нұра" ТК);

 

- "Baiterek-2022" ЖШС ("Аманат" ТК);

 

- "СМК Group" ЖШС ("Baiterek" ТК);

 

- "Григорян Ш. Н." ЖК (КТ);

 

- "TBL building" ЖШС ("Tole Bi 2" КТ);

 

- "Revival Alliance" ЖШС (Ержанов к-сі, 63/2);

 

- "ККК Бетон" ЖШС ("Бақытты отбасы" ТК);

 

- "Optima-Stroy" ЖШС ("Династия" ТК).

 

Экономикалық сотта қазір үш тұрғын үй кешенін өз еркімен салу деп тану туралы талап-арыздар бар. Бұл Al-Farabi ТК (құрылыс салушы "Т-К Building" ЖШС), "Хан" ТК (құрылыс салушы "ТТ-Инвест" ЖШС) және "Нұра" ТК (құрылыс салушы "Satti Lux Stroy" ЖШС).

 

Сондай-ақ үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқаны үшін 15 компанияға 320-бап бойынша айыппұл салынды. @gask_krg Instagram әлеуметтік желісінде толық тізім келтірілген.

 

Айта кетейік, қазір МСҚБ басқармасының қарауында осындай бұзушылықтар тіркелген тағы екі компания бар.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста