Қант бағасы қандай жағдайда арзандайды - зауыт басшысы

Зауытқа берілетін мазуттың квотасы ұлғайса, онда қанттың бағасы 10%-ға арзандайды. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингіде «Ақсу қант» ЖШС құрылтайшысы Қайрат Оразбеков айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Ақсу қант» зауыты – Қазақстандағы мазутпен жұмыс істейтін жалғыз зауыт. Қалғандарының барлығы газбен істейді. Мазуттың бағасы экспорттық шектеулерге байланысты бірде көтеріледі, бірде төмендейді. Ал біз, қант шығару үшін оны сатып аламыз. Дегенмен, бағаның тұрақсыздығы қанттың құнына да әсер етеді. Мәселен, қантқа шекті баға қойылған. Бұл орайда біздің шығындарымыз артып кетеді. Облыс әкімдігінен «ҚазМұнайГазға» хат жазуын өтіндік. Бізді арнайы кәсіпорындар тізіміне енгізуін сұраймыз немесе бөлінетін квота көлемін ұлғайтса дейміз. Мазуттың квотасын 20 мың тоннаға көбейту орынды болар еді. Ол өте көп емес. Тиісінше, қанттың бағасы 10%-ға арзандайды. Біз осы мәселені жарты жылдан бері шеше алмай келеміз», - деп ұсыныс білдірді Қайрат Оразбеков.

 

Қоса кетсек, бұған дейін «Қазақстан қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Айжан Абақанқызы су болмаса, қант қызылшасы алқабын кеңейтудің маңызы жоқ екенін айтып еді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста