Прорва кен орнына – 50 жыл

Рақым ҚОЙЛЫБАЕВ (фото)

Мұнайшылардың биылғы кәсіби мерекесі –  Прорва кенішінің елу жылдығымен тұспа-тұс келді. «Ембімұнайгаз» АҚ-ға қарасты кен орнының тарихы тереңде жатыр. Мұнда кешегі күні «қара маржан» тасқынын арттырған ардагер мұнайшылардың ізбасарлары табысты еңбек етуде. Мерейтой құрметі де осынау кенішті игерген ардагер мұнайшылармен бүгінгі толқынның қажымас қайрат-жігерлері мен ерен еңбектеріне арналды.  Прорва төріндегі  «Каспий самалы» вахталық қалашығы  бұл күні салтанат құшағында болды.

ТАРИХҚА КӨЗ ЖҮГІРТСЕК...
...Атырау аумағындағы ірі мұнай алаң­дарынан тұратын, тұзкүмбезді құрылымнан орын алған бұл жерде 1959 жылы алғаш рет геологиялық зерттеу жұмыстары жүр­гізілген еді. Төлеш Құлгел­диев басқарған жұмыс тобы Каспий ойпатының оңтүстік-шығысындағы Прорва қойнауына бұрғы бойлатты. Нәтижесінде «Прорва» атты алғашқы барлаушылар мекені пайда болды. 1960 жылы 11 тамызда №1 барлау ұңғы­масынан тұңғыш мұнай-газ бұрқағы атқылады. Екі жылдан кейін терең бұрғы­лау мекемесі құрылып, Орта және Шығыс Прор­ва кен алаңдарында бұрғылау жұмыс­тарының көлемі кеңейе түсті. Кейін 17 барлау ұңғымасы қазылып, сынақ­тан сүрінбей өтті. Кенді алаңның тынысы кеңейе түсті, бұрын мұнайшы бөлімшесі ғана болған Прорва енді мұнай кәсіпшілік бас­қармасына айналды. Басқарманың бас­шылығына біліктілігімен, ұйымдастыру­шылық қабілетінің жоғарылығымен ерек­шеленген Сағидолла Нұржанов тағайын­да­лды, бас инженер лауазымы Құмар Бал­жановқа, бас геолог қызметі Орынғали Есқазиевке тапсырылды. Кен орны пай­далану қорындағы сол кездегі алты ұңғы­ма­ның өзімен ғана тәулігіне 194, жылына 53 632 тонна өнім беріліп тұрды. Ең жо­ғарғы өнімге – рекордтық көрсеткішке кәсіп­шілік 1978 жылы қол жеткізді. Бұл ке­зеңде Прорва кәсіпшілігі бойынша 103 ұңғы­мадан 1 млн 503 мың 894 тонна қара алтын өндірілді.
Сағидолла Нұржанов жетекшілік еткен кәсіпшілік басқармасының құрылған уақыты Прорваның туған күні ретінде тарих­қа енді. Ал тұңғыш мұнай бұрқағы атқылаған кен орны 2003 жылдан бастап оның есімімен аталады.
Уақыт озған сайын, қара алтынмен қызметке де жаңалықтар еніп келеді. «Прор­вамұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы 2005 жылдан бастап, өнім өндіруде жаңа технологиялық әдіске көшті. Қабатты гидрожару арқылы жүзеге асқан бұл шаралар оң нәтиже беріп, прорвалықтарды тың өнім тасқынын алуға бастады. Бұл – кен орнының үшінші өрлеу кезеңіне жол ашылды дегенді аңғартса керек. Батыс алаңда бұрғылау басталып, 2011 жылдарға дейін 10 жаңа барлау ұңғымасы қазылып, сынақ жұмыстары жүргізілді. Жаңа геологиялық триас қабатының моделі жасақталып, оның қуаты мұнай қабатының қалыңдығымен жоғары бағаланып отыр.
ЕҢБЕГІҢ ЕЛЕНСЕ – БІР БАҚЫТ
Мерекелік шараның шымылдығын «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқар­масының бишілері ашып, әсем билерімен дала сахнасының көркін келтірді. «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өн­діру басқармасының басшысы Амангел­ді Сүлейменов Прорва кен орнының кеше­гісі мен бүгіні жайлы тереңінен қозғап сөз сөйледі. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов пен «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Жұма­бек Жамауовтар да ақжарма тілектерін ар­нады. Үлкендер өткен-кеткенді сөз қылып, өмірлік тәжірибелерімен бөліссе, жас­тар спорттық ойын түрлерінен жарысқа түсті. Қарт Ембінің қара шаңырағы атанған Прор­ва кеніші жарты ғасырлық тойын мән­ді де сәнді өткізгенін осыдан-ақ аң­ғару­ға болар.
Мереке күнінде Прорвада және Құлса­ры­дағы «Кең Жылыой» мәдениет үйінде өңір­ді игерушілер мен өндірістік майтал­ман­дардың құрметіне арналған салтанатты шара өтті.  «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның бас директоры Абат Ақмұқанұлы мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін  Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің Құрмет грамотасы­мен цех бастығы Мұқашев Қабдырахман­ды, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Құр­мет грамотасымен «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-ның құрылыс жөніндегі қызмет бастығы Қайырғали Бақтығалиевті, «Қаз­МұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның Құрмет грамотасымен инженер-механик Қалибай Бапаевты, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның Құрмет грамотасымен автокөлік жөн­деуші Жұмабек Ғазизовті және алғыс ха­тымен мұнай дайындау және айдау цехының ауысым шебері Манас Манкишев пен автоматтандыру қызметінің бірінші са­натты маманы Жігер Жақашевті мара­пат­тап, омырауларына «Прорва кені­шіне – 50 жыл» төсбелгісін қадады. «Қазэ­нерджи» Қауымдастығының  медаліне басқарманың өндірістік-техникалық қызметі бастығының орынбасары Мейрам Андиров, Құрмет грамотасына мұнай-газ өндіру операторы Мұхамбетжан Сыдықов, алғыс хатына мұнай-газ өндіру операторы Онайбай Ем­бергенов және өндірістік мұнай жабдық­тарын жөндеуші Бауыржан Иманғалиевтер ие болды.
Мұнайшы-ардагерлер де сый-құрметтен қалыс қалмады, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның бас директоры Жұмабек Қадір­бай­ұлы мұнай-газ саласын дамытуға қосқан ұзақ жылғы жемісті еңбегі және өн­діріс­те қол жеткізген зор жетістіктері үшін «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Құрмет гра­мо­тасымен мына қызметкерлерді мара­пат­тады: Наукенов Мақсот – басқарманың бас технологі, Самалықов Саламат – мұнай дайындау және айдау цехының бастығы, Бисенқұлов Қонысбай – еңбек және қоршаған ортаны қорғау инженері, Самат Төлешов, Ғабит Есенов – жерасты жөндеу операторлары, Мұрат Төлешов – мұнай-газ өндіру шебері, Қайыржан Тоқсанов – механикалық жөндеу шеберханасының шебері.
Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен мұнай-газ өндіру операторы Зияш Тәңір­бер­генова мен өндірісті автоматтандыру қызметінің бастығы Дүйсенғали Аяповты Жылыой ауданы әкімі Мақсым Ізбасов марапаттады. «ҚазМұнайГаз» Бар­лау Өндіру» АҚ мен «Ембімұнайгаз» АҚ кәсіп­одақ комитеті тарапынан ұзақ жылғы қа­жыр­лы еңбектері үшін ондаған мұнай сала­сы қызметкерлері бағалы және ақша­лай сыйлықтарға ие болды.
Мерекелік марапаттау кезіндегі ерекше тоқталар бір тұс  – алты жұмысшыға, атап айтқанда мұнай-газ өндіру операторлары Онайбай Ембергенов, Есенбай Көрпебаев, Нұрберген Тапалов, мұнай дайындау және айдау цехының операторы Сағынғали Әбдірахман, жерасты жөндеу операторы Сәлімжан Адаев және технологиялық көлік колоннасының машинисі Ильдар Қуан­алиев­терге автокөлік кілтін тапсыру рәсімі болды. Ел үшін еткен еңбектің еленгені де бір бақыт!
Мұнайшылар Мәдениет үйінде  көр­сетіл­ген «Прорва –  50 жыл» атты деректі фильм және прорвалықтар туралы кітап­тың тұсаукесер рәсімі де жиналған көпші­лік­тің көңілінен шықты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста