Отандық өнiм қиындық құрсауынан шыға ала ма?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Девальвация басталғалы Мәсiмов Үкiметiнiң нық ұстанған саясаты –
•    отандық азық-түлiк бағасын өсiрмеуге күш салу;
•    бағаны тұрақтандыру мақсатында мониторинг жүргiзiп отыру;
•    отандық кәсiпорындарға бақылауды күшейту;
Мiне, Үкiмет басшысы осы үш бағыт арқылы дүрбелең тудырған девальвацияның салмағын жеңiлдетпек.

Әлқисса...
Жалпы, мамандар «Қазақстанға азық-түлiк өнiмiнiң 60 пайызы, жеңiл өнеркәсiп тауарларының 70 пайызы сырттан тасымалданатындықтан, «отандық өнiмнiң бағасын көтермеу арқылы халыққа ауыртпалық түсiрмеймiз» деп арқаны кеңге салуға болмайды» дейдi.
Мысалы, бiр ғана ауыл шаруашылығы өнiмдерiн алайық... Жасыратыны жоқ, бiз ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу жағынан ақсап жатқан жайымыз бар. Өзге ел сүтi мен iрiмшiгiн, етi мен майын әлемдiк нарыққа шығарып, саудасын қыздырып жатқанда, отандық өнiм өндiрушiлер елiмiздегi тұтынушыларды қамтамасыз ете алмай отыр. Қазiр кез келген дүкен сөресiнде Ресейдiң қаймағы, Германияның iрiмшiгi әдемi қапталған кейiпте көз тартады. Тiптi қажет десеңiз, болашақта Қырғызстаннан Қазақстанға азық-түлiк тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнiмдерi тасымалданбақ. Бұл туралы екi республиканың iскер өкiлдерi өзара мәмiлеге келгендерiн әлдеқашан мәлiмдеп қойған-ды.
Бұл ретте экономика ғылымының докторы, профессор Үсен АМАНБАЕВ:
– Бiзде бiр ғана Алматы маңында iрiлi-ұсақты сүт өңдейтiн 12 өндiрiс орны бар. Олар, керiсiнше, өздерiне берiлген жоспарды орындай алмай қынжылады. Себебi сүт өте аз келедi. Мен отандық өнiмнiң тұтынушыларды қамтамасыз ете алмай отыруының астарын отандық өнiм өндiрушiлердiң жұмысының шабандығынан дер едiм. Хош, отандық өнiм өндiрушiлер кезiнде қиындықты көрдi дейiк. Бiрақ қазiргi жағдайда Үкiмет бар күштi соларға жұмылдырамыз деп жатқан жоқ па? Мiне, бiздiң өнiм өндiрушiлер осы жайтты барынша қамтып қалуы керек, – дейдi.
Жеңiл өнеркәсiптiң жайы да ауырлап тұр
Рас, Қазақстанда отандық өнiмнiң жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтындар жетiп-артылады. Соңғы кездерi Үкiмет те бұл салаға жиi назар аударып, «отандық өнiм өндiрушiлерге бөлiнетiн дотация мөлшерiн көбейту керек» дегендi қуаттап отыр. Осыдан болар, отандық кәсiпкерлер де келешекте «бұл кәсiптi нәсiп еткендерге айрықша көңiл бөлiнедi» деп кең тыныстады. Алайда отандық өнiм өндiру саласындағы түйткiлдер әлi де баршылық. Ресми мәлiметтерге сүйенсек, жеңiл өнеркәсiп саласының әлi де болса тұралап тұрғанын байқауға болады. Мысалы, өткен екi жылмен салыстырғанда, биыл өндiрiс көлемi 37,8 миллиардтан 30,7 миллиард теңгеге дейiн кемiген. Өндiрiстiк құрылымдағы жеңiл өнеркәсiп тауарларының үлес салмағы 2 пайыздан 0,7 пайызға дейiн төмендептi. Ел экономикасындағы шикiзат экспортының және жасырын контрабандалық өнiмдер үлесiнiң артуы жеңiл өнеркәсiп саласының дамуына кедергi келтiруде. Тiптi бұл тұрғыда «отандық жеңiл өнеркәсiп саласы әлемдiк сауда нарығында өзiндiк «мiнез» қалыптастыра алмайды» деген пiкiрлер де бар.
 Бағамдасақ, бiз сыртқы сауда нарығына шикiзат түрлерiнiң 90 пайызын шығарады екенбiз. Өзге ел отандық шикiзатымызды дайын өнiмге дейiн жеткiзiп, оны өзiмiзге қайыра сату арқылы табысқа кенелуде. Бiз болсақ, өзiмiзде тiгiн және тоқыма бұйымдарының 7 пайызын ғана өндiргендi қанағат тұтамыз. Ал басқа отандық өнiм түрлерiн айтуға келгенде тiптен жер шұқып қаламыз.

Не iстеу керек?
Сонымен, елдегi отандық өнiм өндiрушiлердiң ахуалы әзiрше мәз емес. Оны «сауықтыру» үшiн Индустрия және сауда министрлiгi дағдарыстан шығудың түрлi механизмдерiн қарастырып та жатыр. Мәселен, өткен жылы бiр ғана жеңiл өнеркәсiп саласына қатысты «жеке министрлiк қажет» деген бастама көтерiлсе, биыл жыл басталысымен қайсыбiр мамандар дағдарысқа байланысты Ауыл шаруашылығы министрлiгiнен Азық-түлiк департаментiн бөлiп алып, оның да әлеуетiн көтеру қажеттiгiн алға тартады. Ал экономистер отандық өнiмнiң тасын өрге домалату үшiн мынадай жайттарға баса назар аудару қажет дейдi:
 а) Отандық өнiм өндiрушiлердiң аяқ алысын бақылап отыратын арнайы ғылыми орталықтар құру, яғни салалық ғылымға көңiл бөлу.
 ә) Өзiмiзден шығарылатын отандық өнiмге салық түрлерiн сәл-пәл төмендетiп, сырттан келетiн өнiм түрлерiне салық көлемiн көбейту (Бiзде бұл шара керiсiнше атқарылуда).
 б ) Дайын өнiмге дейiн жұмыс жасау. Яғни кластерлiк жүйенi реттеу.
Сондай-ақ бұл саланың бағын ашу үшiн бiрiншi кезекте салық және кеден қызметiнiң арасында өзiндiк тығыз байланыс орнауы қажет. Ал елiмiзде, өкiнiшке қарай, баға бейтарап болғалы салық пен кеден қызметiнiң жұмысы түлкiбұлаңға салынған. Еселеп салынатын салық түрiнен әбден мезi болған отандық кәсiпкерлер өнiм өндiрумен айналысқаннан гөрi, шикiзат өндiрудi анағұрлым тиiмдi санайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста