Отандық көлікке кімдер отыра алады?

Отандық көлікке кімдер отыра алады?

Соңғы жылдары елімізде отандық автоөндірісті жандандыру мақсатында айтарлықтай қадамдар жасалуда. Тіпті елімізде шетелдік танымал көлік маркалары құрастырылып жатыр.
Ал осы «отандық» темір тұлпарлардың қазіргі таңдағы бағасы қанша және олар қаншалықты қол жетімді? Ең алдымен айта кететін нәрсе – отандық автокөлік, атауы ғана болмаса, заты толығымен шетелдікі. Еліміз тек танымал шетелдік автомобиль модельдерін құрастырумен ғана айналысады. Ал бұл процесс Қостанай және Өскемен қалаларында жүзеге асырылады.
Өскемен қаласында танымал Kia, Skoda және Chevrolet т.б. көліктерін құрастырумен «Азия авто» зауыты айналысады. Елімізде сатылатын әрбір бесінші көлік осы зауытқа тиесілі. Бұл аса үлкен көрсеткіш және автоөндіріс саласының болашағы бар екендігін айғақтайды. Тапсырыс берушілер қатары да күн санап артуда. Бұл отандық көлікке ден қойғандар қатарының көбейіп келе жатқанын растайды. 2002 жылы құрылған зауыт алғашында Ресейдің «Нива» автокөлігін құрастырудан бастаған болатын. 2005 жылы «Skoda» көліктерін құрастыруға кірісті. Ал бұдан кейінгі жылдарда қатарға «Chevrolet» және «KIA» маркалары қосылды. «Азия автоның» өнімдерін саудалаумен «Бипэк авто» компаниясы айналысып келеді.
Қаламызда, өткен жылдың көктемінде ашылған «Тенке Капитал KZ» автосалоны Ssang Yong  және Chance автокөліктерінің саудасымен айналысады. Екеуі де Қостанай қаласында құрастырылады. Алайда, алғашқысы Оңтүстік Кореяның өнімі. Барлық бөлшектері де толықтай сол елден әкелінеді. Ал Chance Украинаның «Запорожье автомобильқұрылыс зауытына (ЗАЗ)» тиесілі.
Ssang Yong кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер құрылысына баса назар аударады. Бағалары да әр түрлі. Мысалы, New Actyon кроссовері (Comfort) 4 млн 400 мың теңгеден басталады. Ал барынша жайлысын (Prestige) қаласаңыз 5 млн теңгеден жоғары. Рамалық жол талғамайтын көліктер ішінен ең арзаны - Ssang Yong Nomad және Kyron модельдері. Бастапқы бағасы 4 млн теңге шамасында.
– Президент Назарбаев шенеуніктерге немістің Mersedes-терін отандық көліктерге ауыстыруын талап еткен болатын. Осы мақсатта жоғарыда аталған SsangYong «Chairman» моделін жасап шығарды. Бұл темір тұлпардың бағасы 9 млн 200 мың теңгеден басталып, 11 млн-нан асып жығылады, – дейді «Тенке Капитал KZ» қызметкері Алексей Дашевский. Ақтөбедегі көлік салонында  бір жылдай тұрған Chairman-ді әзірге ешкім сатып ала қоймапты.
Жаңадан көлік сатып алам деушінің алдында үлкен таңдау бар. Бір ғана көлік моделі, кем дегенде, 3 түрде жабдықталады: Comfort, Prestige және Premium. Қаражатыңыз аздау болса, алғашқы екеуінің бірін тандауыңызға тура келеді. Ал барынша қауіпсіз және заманауи технологиялармен жабдықталған Premium қаражат жағынан қысылмайтындарға арналған. Ең қарапайымы мен ең қымбатының айырмашылығы 1 млн теңгеге дейін жетеді. Мысал ретінде жаңадан шыққан Ssang Yong Nomad-ты қарастырайық.

Ұнатқан көлікті сатып алудың 3 жолы бар: қолма-қол төлем арқылы, несиеге және бөліп төлеуге. Көлік сатып алу кезінде оның сақтандыруы мен салығына айтарлықтай шығындануға тура келетіндігін айта кеткен жөн.
Қаламыздағы автосалондарда қызмет көрсететін банктердің көлікті несиеге беруде өз ерекшеліктері бар. Барлығына ортағы – бастапқы жарнасы 10%-дан кем болмауы тиіс. Бұны нақтырақ түсіну үшін төмендегі кестеге назар аударыңыз.

P.S.
Кестелерден байқайтыңымыз - несиеге көлік сатып алу үшін, көлік құнының үстінен тағы 50%-ға шығындануға тура келеді. Бөліп төлеу (россрочка) бұдан әлдеқайда тиімдірек. Бірақ бұның бастапқы жарнасы көп және берілетін мерзімі қысқа. Абзалы – көлікті қолма-қол ақшаға сатып алу. Қымбатырақ, әрине...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста