Оталған ормандардың ертеңі не болмақ?

Оталған ормандардың ертеңі не болмақ?

Бір кездері ит тұмсығы батпайды дейтін ну орман енді, шынымен, ертегіге айналғандай. Өйткені жыл сайын оталған, от жалмаған жасыл желек жоғалып барады. Онымен бірге, әрине, өсімдіктер дүниесі мен аң-құс та азайып бара жатқаны түсінікті. Экологтер мен орман шаруашылығы мамандары қанша мәрте дабыл қақса да, қордаланған мәселе орнынан жылжыр емес. Есесіне, соңғы ондаған жыл ішінде бірнеше есе азайып кеткені қынжылтады.
Қынжылтпай қайтсін?! Бүгінгі күні бар­лық қазақ жерінің тек 7 пайызына ғана жетер-жетпес орман алқаптары қал­ған. Жылына пәленбай мың гектардан от­қа оранған, онымен қоса, ағаш сатумен айналы­са­тын­дар­дың отауынан да ағаш біткен жоғалып барады. Мұнымен қоса енді қолда бар жасыл желек ауруға ұшыраған деген де мәлімет бар. Ал ағаш өнімдерін сырт елдерге сату­шы­лардан түсетін шығын көлемі ешкімнің есебінде жоқ.
Осыдан он жыл бұрын қазақтың аға­шын шетелдерге сатуға тыйым салынған еді. Мұның бір көмегі болар, орманымыз оталмаса, аз жыл­да орнына келер деген табиғат жана­шырлары бөркін аспанға атқан. Алайда бұл қуаныш та ұзаққа бар­мады. Заңға қайшы болса да, ағаш біт­кенді аяусыз сұлатқан бра­ко­ньер­лермен күресуге орманшылардың шамасы жет­педі. Техника жеткіліксіз, кадрлар тапшы. Осындай олқылық сал­дарынан орма­ны­мыз оталды, оталмағаны орасан жыл­дам­дықпен отқа оранып, омақаса құлады. Онда­ған гектар орманды жалғыз күзеткен орманшының ойбайына кім құлақ ассын? Жоғарыдағы шенеунік біткен жергілікті билікке қанша шүйліксе де, шешімін таппай шерменде бол­ған қара орманның жағдайы қалыпқа келмей тұр.
Алтайдағы орман арманға айнала ма?
Қазақ жеріндегі бар орманның 40 пайыздан астамын алып жатқан Ал­тай бөктеріндегі ахуал да алаң­да­тар­лық. Жыл сайын мыңдаған гектар ор­ман өрттен зардап шегуде. Ал оны қауіп­тен құт­қа­рарлық қауқар болмай тұр.
«Әсіресе таудың етегінен бастап ұшар биігіне дейін қаулап өскен қа­лың қарағай мен шыршаның бүгінгі халі мүшкіл, эко­ло­гиялық апатты жағ­дайда» дейді ма­ман­дар. Ор­ман­шы­лардың айтуынша, мың жыл­дарды артқа тастаған ағаштарды қазір ауру меңдеген. Шеттерінен шіріп, өліп барады. Ресми деректерге қарағанда, қазіргі таңда Алтай шы­ңындағы ағаш­тар­дың 80-90 пайызы шіріп, ауруға айнала бас­таған. Яғни осы уақытқа дейін орман­ның ота­луы­на, өрттен құтқаруға бөлінген мемлекеттің қомақты қаражатының кө­зіне су құйылған.
Ауру ағаштан орман шаруа­шы­лық­тары да өндіртіп ағаш өңдей алмай тұр. Мәселен, осыдан 20-25 жыл бұрын, ор­ман шаруашылығы өнеркәсіптері 2 мил­лион куб ағаш­тың жартысын іске жаратса, қазіргі таңда бұл 200 мың шаршы кубқа да жетпейді екен. Яғни қалың қара­ғай­дың жартысынан көбі шіріп кеткен.
Владимир РЕЗАНОВ, Шығыс Қазақ­стан­ның ағаш өңдеу, жиһаз және орман ассоциациясының президенті:
– Бүгінде жартылай шіріп кеткен ағаш ешкімге де қажет болмай қалды. Шенеуніктер ағашты сатуға тыйым салсақ, оны сақтап қаламыз деген жаң­сақ пікірде болды. Сөйтіп, қазақ аға­шын сатуға мүлдем тыйым салын­ған. Бірақ енді бармағын шайнауға мәж­бүр. Еуразиялық экономикалық қауым­дастық комиссиясы биылғы жылдың наурызында бұл мораторийді алып тастаған. Оған сәйкес кез келген ағаштан жасалған есік-терезелерді енді сыртқа шығаруға болады. Алай­да енді шығарарлық та ештеңе қал­мады. Өйткені қолда бар ағаштың бәрін ауру меңдеген. Кезінде тек осы аймақта ғана 400-ге тарта ағаш өңдейтін кәсіпорындар болған. Қазір соның тек алтауы ғана қалды. Соның тек үшеуі ғана барынша өңдеуге қабілетті. Мәселен, орман шаруашылығындағы әлемдік державалардың бірі –Финляндияда 1 куб дайын өнім үшін 1,2 куб шикізат жұмсалса, біздегі ағаш сапасыз болғандықтан, кемінде 2,5-3 куб ағаш жұмсауға тура келеді.

Тығырықтан шығудың жалғыз жолы – ағаш үй құрылыстарының республикалық жә­не аймақтық бағдарламаларын шы­ғару, – дей­ді ассоциация президенті. Бұ­­лай болмаған жағ­дайда кәсіпкерлер Сі­бір ормандарына кетіп, Ресей эко­но­ми­ка­сының өсуіне үлес қо­са­ды дейді маман. Ағаш шикізатының әлем­дегі жағдайы біз­ге қарағанда едәуір тәуір. Мә­селен, Ка­нада жылына 227 миллион куб орман кес­се, соның тек 2 пайызы ғана сапа­сыз. Ре­сейліктер орманшылар отаған 180 мил­­лион куб орманның – 30 пайызы, Швей­ца­рия­ның 6 миллион кубының 1,5 пайызы ға­на жарамсыз болса, ал Қазақстан кескен 200 мың куб ағаштың 70 пайызы отынға айналатын кө­рінеді.
Яғни шығыстағы орман жағдайы шие­ле­нісіп тұр. Сонда қайтпек керек? Бағ­дар­ла­малар қабылданса да, олардың орын­далып, ауру меңдеген ағаштарды айық­тыратынына кепілдік бар ма? Таласқа түс­кен даулы мәселе төңірегіндегі түрлі тек­­серістер де тыйылмай ке­леді. Әсіресе про­­курорлық қадағалау оқи­ға­лары. Бұ­лар орманның жанында орын алған ора­сан қылмыстарды ауыздықтауға себеп бо­­ла­ты­ны анық. Алайда бұдан басқа да былық-шы­­лықтың беті ашылмай қалады дейді ор­ман­шылар.
Ержан ДАЙРАБЕКОВ, орманшы:
– Жақында ғана прокурорлар 800 куб ша­ма­сында кесілген ағаш үшін дау-дамай көтерді. «Заңға сәйкес браконьерлердің жо­лы кесіледі», – деп даурықты. Ал бірақ мұн­да миллиондаған ағаштар қынадай құ­рып, тіпті аурудан шіріп жатқанымен еш­кімнің шаруасы жоқ. Олар тіпті еш­қайда іске алғысыз күйде қалуда. Орманды ғы­­лы­ми-зерттеуге қаражаттың жоқтығын да ешкім ауызға алмайды. Ал орманшы ма­ман­­дарға жылына 600 литр жанармай ға­на бе­ріледі! Осыдан кейін не айтуға бо­лады?

Маман демекші, орман шаруа­шы­лы­ғына қа­жет мамандар да бүгінде қас­қал­дақтың қа­нынан қат. Мемлекеттік бағ­дарламалар шы­ға­ры­лып, қаражат бө­лінгенімен, оны игеріп кетер маман та­былар емес. Ресми статистикалық де­рек­­терге қарағанда, соңғы жылдарда орман шар­уашылығындағы мамандар саны 8,5 мың адамнан 1,5 мыңға дейін қысқарған. «Ка­раван» газетіндегі «Поселки пустеют на гла­зах» атты мақалада Зырян ауданында бір шар­уа­шы­лық серіктестігін маманмен қам­ту үшін сол маңдағы бес ауылдан ма­ман іздеу қажет бол­ғанын тілге тиек етіпті.
Бұл жағдай бүкіл республикаға тән еке­ні айтпаса да түсінікті. Яғни шығыспен қа­тар орман алқаптары көбірек шо­ғыр­ланған Ақ­мо­ла, Солтүстік Қазақстан облыстарының да бас ауруына айналғалы қашан.
Әнуарбек САҒИТОВ, Ақмола облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы:
– Әрине, орманды көздің қара­шы­ғын­дай сақ­тап, келер ұрпаққа аманат етіп қалдыру қа­жеттігін айтудай-ақ айтып ке­ле­міз. Бірақ бюд­жеттің бұл салаға бөлетін қа­ражат көлемі кө­бей­мей, мәселенің ше­шілетін түрі көрінбейді. Біздегі орман жә­не аң шаруашылықтарында біртіндеп бол­са да жас өскін тал мен бұталар өсі­ріліп жатыр. Алайда бұл әрекет жыл сайын мил­­лион­дап оталатын ағаш пен орман өртіне төтеп бере алар емес.

Яғни басқарма мамандарының бер­­ген мәліметтеріне қарағанда, Ақ­мола облысында былтырғы жылдың өзін­де ғана 805 гектар жерге ағаш отыр­ғы­­­зылды. Сондай-ақ осы жылы Қа­зақ­­стан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүктеген тапсырмасына орай, Бурабай – Астана күре жолының қос қап­­талындағы 1827 гектар жерге де ағаш егу көзделген-ді. Осы мақсатқа бюджет қор­жы­ны­нан 2 миллиард теңге көлемінде қа­ражат бө­лініпті. Ішті аздап болса да жы­лытқандай бол­ған бұл сандардың жа­лынымен жайпап ке­ле жатқан орман өртіне жұқ та болмайтыны ойландырады.
Тағы статистикаға жүгінсек, қазіргі таң­да Қа­зақстанда 115 орман ағашының түр­лері өседі. Тіпті оның кейбірі әлемде кез­деспейді де. Сонда өртке оранып, арамен ота­лып жатқан орманның орны қайтіп тол­мақ?
Өрт демекші, тек биылғы жылы ғана Қа­­зақстанда 200-ден астам ірілі-ұсақты өрт тір­ке­ліпті. Бұл туралы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді. ИА-новости–Казахстан арнасына сұхбат берген министр былай деп тұжырымдапты.
Нұрлан ҚАППАРОВ, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі:
– Осы жылы мемлекеттік орман қо­рын­да жал­пы аумағы 1112 гектар жерді шар­пыған 246 мемлекеттік орман қоры өрт­ке оранды. Шығын көлемі 11 миллион тең­геге жетті. Жал­пы, осы жыл ішінде елі­міз­дің 69 мың гектар орман алқабына жас өскін егілмек. Ал 2020 жылы орман егу ал­қаптарын жылына 80 мың гектар егуге жет­кізу көзделіп отыр.

Министр осылай деп ағынан жарылса да, оттегін беретін орманның ойсырай оталуы ты­йылмай тұр. Ең ауыры – қолда ба­рының ауыр тозаққа тап болғандығы. Қайт­пек керек? Бәл­кім, мемлекеттік дең­гей­де қабылданар бір ау­қымды шара қа­жет шығар. Тек сонда ғана Ел­басының «Жа­сыл ел» атты бағдарламасы шы­н­ымен елі­мізді жасыл желекке бөлер ме еді деген ой­дамыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста