Новосібірмен қарым-қатынас аясы кеңеюде

Биыл – Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 20 жыл. Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын бастаған павлодарлық делегация Новосібір қаласында болып, стратегиялық әріптеске айналған көршілермен қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсті. Шекаралас аймақтармен ынтымақтастықты дамыту бағытында екі тарап сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени салалар бойынша бірқатар игілікті бастамаға қол жеткізді. Сапар барысында Павлодар және Новосібір облыстары арасында өзара ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылды.
Новосібірге барған делегация құра­мында түрлі мемлекеттік мекемелердің, ірі кә­сіпорындардың басшылары, бірқатар ау­дан әкімдері бар. Олар екі күн бойы ре­сей­лік әріптестерімен келіссөздер жүргізіп, өз­ара тиімді ынтымақтастықтың жолдарын қа­растырды. Келіссөздердің қорытындысы ре­тінде екі тарап өкілдері Новосібір об­лы­сының үкімет үйінде бас қосты.
Әріптестік түрлі салаларды қамтып отыр. Тек экономика ғана емес, мәдениет, ден­саулық сақтау, білім салалары да на­зар­дан тыс қалған жоқ. Павлодар об­лы­сында химиялық кластерді дамытуға ар­нал­ған арнайы экономикалық аймақ құ­рылғандығы белгілі. Аймақ басшысы ре­сейлік кәсіпкерлерді аталған жобаға қа­ты­суға шақырды. Кездесу барысында сондай-ақ екі облыс арасында әуе байланысын жан­дандыру мәселесі де сөз болды.
Сапар барысында облыс әкімі Е.Арын мен Новосібір облысының губернаторы В.Юр­ченко әріптестік жөніндегі мемо­ран­думға қол қойды. Бұдан бөлек түрлі са­ла­лар бойынша тағы 10-нан астам келісім жа­салды. Жекелей кәсіпорындар арасында да меморандум жасалды. Мысалы, пав­ло­дар­лық «Нефтехим LTD» кәсіпорны Но­восібірге өз өнімін жеткізіп тұру жөнінде келісімге келді. Ал Екібастұздағы ГРЭС-1 стансасына Ресейдің ірі кәсіпорындарынан заманауи құрал-жабдықтар жеткізілетін болады.
Новосібір облысы – ғылым-білімнің да­мыған орталығы. Бұл салада да екіжақты бай­ланыс орнатылған. Бұл ретте аймақ бас­шысы Новосібір мемлекеттік техникалық ун­и­верситетінде болып, оқу орнының бас­шыларымен, профессорлар құрамымен, сту­дент­тер қауымымен жүздесті. Уни­верситет рек­торы, техника ғылымының докторы, про­фессор Николай Пустовойдың айтуына қа­рағанда, бүгінде аталмыш білім ор­да­сында мыңнан астам қазақстандық сту­дент білім алуда. Оның ішінде Павлодар об­лы­сынан 160 студент бар. Бұдан бөлек бі­лім саласында қызмет ететін жас мамандар жыл сайын мұнда біліктілігін арттырып, кәсіби шеберліктерін шыңдай түсетін көрінеді.
Атап өтерлігі, қол қойылған ме­мо­рандум аясында білім саласы бойынша да бірқатар игілікті іс күтіп тұр. Мысалы, үс­тіміздегі жылдан бастап Новосібірдің бел­гілі, әлемдік деңгейдегі ғалымдары С.То­рай­ғыров атындағы Павлодар мем­ле­кет­тік университетінде дәріс беретін болады.
Облыс әкімі Новосібірдегі қан­дас­та­ры­мыз­бен арнайы жүздесіп, қазақ диас­по­расы өкілдеріне бірқатар сыйлықтар табыс ет­ті. Қазақ тілін үйретуге арналған оқу құ­рал­дарын, қазақ халқының мәдениетінен, дәс­тү­р­інен, ұлттық өнерінен сыр шертетін 300-ге жуық кітап, «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі және 1000 әні» бірегей жи­нақ­тарын сыйлады. Сондай-ақ домбыра, қо­быз сияқты ұлттық аспаптарды тарту етті. Таяу­да Новосібірге барлық қажетті жаб­дығымен сегіз қанатты киіз үй, қазақтың ұлттық киімдері жеткізілмек.
Ерлан АРЫН, Павлодар облысының әкімі:
– Елбасы шекаралас аймақтармен әріптестік қатынасты дамыту бойынша тапсырма берген болатын. Біз солтүсті­гі­мізде Новосібір, Омбы, Томск облыс­та­рымен және Алтай өлкесімен бай­ла­нысып жа­тырмыз. Алғашқы сапарымыз Но­­во­сібір облысынан басталды. Өте нә­ти­желі бо­лып отыр. Бұдан былай екі­жақ­ты бай­ланыстар әлдеқайда тығыз да­­мы­мақ. Бұл екі аймақтың әріптестікті жаңа ке­зеңге көтеруге бағытталған ма­ңыз­ды қадамы деп ойлаймын. Бүгінде екі ­өңір ара­сындағы тауар айналымында ре­сей­лік тараптың үлес салмағы ба­сым­дау. Ен­ді біздің көптеген тауары­мыз экс­порт­талатын болады. Но­во­сі­бір­дің эко­но­микалық, ғылыми-техникалық әле­­уеті қашанда зор сұранысқа ие. Эко­но­­микалық тұрғыдан алар болсақ, көр­ші­леріміздің машина жасау, энергия ке­­шені, химия салалары бойынша мүм­кін­­діктерін пайдаланамыз. Павлодарды елі­міздің солтүстік қақпасы десе де бо­­лады. Ресейдің бірқатар өңірін бай­­­­ланыстырып отырмыз. Көршілер үшін көліктік-логистикалық қызметімізді ұсы­на аламыз. Аймағымыздың энерге­ти­ка саласындағы әлеуеті зор, қазба­лар­ға бай. Еліміз ғана емес, әлем бо­йын­­ша ірі кен орындары бар. Мұның но­­восібірлік кәсіпкерлерді қы­зық­ты­рары сөзсіз. Онымен қоса бізде кә­сіп­кер­лікті дамытуға бұрын-соңды бол­ма­ған қолдау шаралары көрсетілуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста