Нөлдік технология миллиардтарға жеткізе ме?

Биылғы астық түсімі жылдағыдай рекордтық көрсеткішке жеткен жоқ  KAZGRAIN – 2012 қазақстандық VІ астық форумында мәлім болғандай, биыл астық түсіміне байланысты берілген ақпарат тым ала-құла. Мәселен, өнім түсімі хақында ғарыштық мониторинг бір басқа ақпарат берсе, жер­гі­лік­ті әкімқаралар мүлде басқа есеп беріп, бұқараны біраз абдыратып тастаған түрі бар.

Ғарышқа сенеміз бе әлде әкімге ме?
Жалпы, биылғы астық көлеміне қа­тыс­ты елдегі негізгі астықты үш облыс:  Ақ­мо­ла, Қостанай және Сол­түс­тік Қазақстан егін нау­қаны бойынша 11,2 млн тонна астық ту­ралы мәлімет берген. Ал ғарыштық мо­ни­­торинг деректері бойынша 9,8 млн тон­на астық жиналған. Екі арадағы айырма – 1 млн 400 мың тонна(!). Ендігі кезекте жыл со­ңы­на қарай астық көрсеткіші турасында тө­релікті еліміздің Статистика агенттігі айт­пақ...
Қалай десек те, ғарыштың дерегіне сен­сек те, жергілікті әкімнің есебіне жүгін­сек те   көрсеткіш жылдағыға қарағанда тө­мен. Мысалы, бұған дейінгі деректерге жү­гінсек, елімізде астық өндіру соңғы бес жыл­да 19 миллион тоннаны құрап, өнім­ді­лік 30 пайызға көбейген-ді. Бүгінде  отан­д­ық астықтың экспорты ұнды қос­қан­да көлемі 60 пайызға артып, 7,8 млн тон­на­ға жетті. Бұл үрдіс бізге астық экспорты бо­­­йын­ша көшбасшы болуымызға жол аш­ты. Әрине, мұндай биік­ке рекордтық астық тү­­сімі арқасында жеткеніміз анық. Ал биыл­­дан кейінгі жағдайымыз қалай болады?
Аман ШОТАЕВ, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор:
– Нақ қазір бізді ойландыруы тиіс нәрсе – астықтың түсімін дабырайтып, асы­ра көрсету емес, астық өндіруде, қа­рапайым халыққа нан өнімдерін жеткізуде, ұн­мен қамтамасыз етуде заманға сай шы­ғынсыз жұмыс істеу мәселесі болуы тиіс. Ол үшін, әрине, бірінші егілген өнімнен бас­тап оның шығымы, жинау науқаны бар­лығы дерлік мемлекеттік бақылауда бол­ғаны абзал. Расымен де,  біз астық түсіміне қатысты екі түрлі деректерге тап болып, аб­дырап отырған жайымыз бар. Халық­ара­лық талапқа сай ғарыштық бақылау жүйе­сінің есебіне жүгінуді қазірде көптеген елдер жөн санап отыр. Осыны ескерген­дік­тен барып біз соңғы үш жылда ғарыштық мо­ниторинг жүргізу ісін тереңдете баста­дық. Соның нәтижесінде деректерді асы­рып айту қулығы әшкере бола бастады. Ме­нің­ше, астықты облыстардағы жергілікті әкімшіліктер есепті сауатты берсін десек, астық шаруашылығымен айналысатын аймақтарда ғарыштан бақылау істерін те­рең­деткен абзал. Осыдан соң ғарыштық мони­торинг ісінің шынайылығына көзіміз же­те бастайды. Ал біздегі әкімқаралардың ба­сым бөлігі көрсеткішті асырып көрсетуді мық­тап үйренгені жасырын емес.

Шығынсыз өнімді қалай алуға болады?
Негізінен, келешекте астық шаруашы­лы­ғы бойынша әлемдік талапқа сай даму­ды діттеген жөн  екенін алға тартқан ма­ман­дар «егер жеделдетіп арнайы бір ша­ра­ларды қарастырмасақ, халықты аш- құр­сақ етіп алуымыз да ғажап емес» де­се­ді. Бұл ретте мамандар астық алқаптарын ылғалдандыру ісіне назар аудару қажеттігін баса айтуда. «Ол үшін, әрине, әлем елдері­нің тәжірибесінде қолданылып жүрген жаңа тех­нологиялық әдіспен дамуды үй­рен­­ге­німіз дұрыс. Бұл әдіс астықты шығын­сыз, өнім­ді сапалы етіп алуға мүмкіндік ту­ғы­за­ды» дейді мамандар.
Қайыр ЖҰБАНОВ, техника ғылымының докторы, профессор:
– Қазір көптеген елдерде егінді шығынсыз, мол түсіммен жиып алуға мүм­кін­дік беретін нөлдік технология (No-till)  жүйесі қолданысқа енген. Ылғал сақтау не­месе нөлдік технология  топырақ қырты­сын қопармай, астықтың сабағы мен тамы­рын орнында қалдыру арқылы жүзеге асады. Бұл ылғал сақтауға, өсімдік қал­ды­ғы­ның шіріндісі арқылы топырақ құнарын байытуға мүмкіндік береді. Ал алқапты арамшөп басып кетпес үшін оған түрлі гербицидтер себіледі. Нәтижесінде осы әдісті қолданған шаруашылықтар  құрғақ­шы­лық жылдары да жоғары өнім алып жүр. Қазір Қостанай облысындағы алқап­тар­дың 1 млн гектарға жуығы нөлдік тех­нол­огия бойынша өңделеді. Ал аймақтағы жалпы егіс көлемі 4 млн гектардан астам. Ресми деректерге жүгінсек, нөлдік тех­но­логия бойынша еңбек еткен шаруашы­лықтар егін егуде 1 гектарға 11 мың  теңге аралығында ғана қаржы жұмсаса,  бұл технологияға жүгінбеген диқандардың шығыны бұдан екі есе көп болған. Сонда байқағанымыз: НТ екі есе үнемді. Үнемді болғандықтан егін егуде, оны жинауда осы іспетті технологияға жүгінсек, жер құнарлы болады,  өнім мол болады, оны жинау шығыны азаяды. Осыдан соң барып өнім өндіруде шығын азайған соң, халықты арзан нанмен қамтамасыз етуге болады. Бұл – астық шаруашылығында халықты ар­зан әрі сапалы өніммен қамтудың тікелей жолы.

Өзгелер озық шығып тұр...
Абзалында, үнемшіл болуына бай­ла­нысты болса керек, әлем диқандары ылғал сақ­тау технологиясымен  жұмыс істеуге ба­рын­ша бейіл танытуда. Дүниежүзі бойын­ша бүгінде 100 млн гектардан аса алқап нөл­дік технология  негізінде игеріліп үл­гер­ген. Бразилия, Аргентина, Канада тәріз­ді елдер сексенінші жылдардың өзінде осы әдіске жүгініпті. Аталмыш  мемлекеттер осы әдіс арқылы дастарқанын жайнатып, кө­ңілдерін орнықты етіп, бізден озық шы­ғып отырған жайы бар. Ал біз әзірге 1 млн гектар егін алқабына ғана осы әдіспен өнім алуды енгізгенімізді місе тұтып отырмыз.
Жалпы, сарапшыларымыздың пайы­мын­­ша, қазірде еліміздегі егіс алқапта­рының 90 пайызы қуаңшылық пен эро­зияға ұшырауда. Тіпті қайсыбір астықты  алқаптарымыз кеңес өкіметі заманынан тозу дағдысына түскен. Әлбетте, кеңес заманында Еңбек озаты, Еңбек Ері атануды ғана көздеген диқан қауымы  үшін жоспар­ды асыра орындау ғана бірінші орында тұр­ды. Сөйтіп, еңбекшілерді бір-бірімен жа­рыс­тырып, бәсекеге  түсіре жүріп өнім­ділікті арттыруды көксеген кеңестік пиғыл ол кездері жерді күтіп-баптауды, табиғи құнарды зиян шектірмеуді екінші кезекке ысырды. Ал қазір инновацияға бейім­делу­ге беттеген мемлекет ретінде біз тех­но­логиялар бәсекесіне сөзсіз мән берге­німіз абзал. Мамандар бұл ретте «тех­­но­ло­гия­­лар тасқыны қазақ астығының көр­сеткішін еселеп, миллиардтарға жет­кізеді» деседі. Әрине, көрсеткіш жоғары бол­са, ұтылма­сымыз анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста