Модернизация: отандық өнімнің тынысын аша ала ма?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Елімізде астықты тереңнен өңдейтін зауыттар салу ісін қолға алған жөн. Бұл жайында  «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясының мамандары мәлім етті. Аталмыш компанияның төрағасы Бейбітхан Қабдырахмановтың айтуынша, егер таяу болашақта елде астықты терең өңдейтін зауыттар салынатын болса, жоспар бойынша жылына 100 мың тонна астық өңделіп, ішкі нарыққа дайын өнім ретінде жол тартпақ. «Бұл үрдіс нарықтағы тұтынушылардың сұранысын арттырып, елдегі астық өнімдерінің көрсеткішін ұлғайта түседі. Бұдан астық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі артады» деген Қабдырахманов мырза, қазірде зауыттың жөн-жобасы талқыланып, сүзгіден өтіп жатқанын да құлаққағыс жасады... Ал бұл жаңашылдық турасында сарапшыларымыз  «елдегі астық өңдейтін зауыттарға, астық сақтайтын элеваторларға, тіптен жалпы, астық саласына әлдеқашан модернизациялау жүйесін енгізу керек еді» деседі...
Әйтсе де біз елдердің көпшілігімен са­лыс­тыра алсақ, модернизациялау үрдісіне осы уақытқа дейін үрке қарап келдік. Қайсыбір мамандарымыз күні бүгінге дейін «елдегі өндіріс орындарын, зауыт­тарды, кәсіпорындарды, әсіресе, шикізат өңдейтін секторларды модернизациялау ісінде біздің әлі технологиялық базамыз, тә­жірибеміз жеткіліксіз» дейді. Бірақ «ештен кеш жақсы» демекші, кешеуілдеп болсын қазірде модернизация үрдісіне мән бере бастадық. Бұл тұрғыда техника ғылымының докторы, профессор Қайыр ЖҰБАНОВ:
– Бүгінде әлем елдерінің біразы өндіріс орындарын модернизациялап жатқан жайы бар.  Латын Америкасы, Бразилия, Германия тәрізді елдердің шағын зауыт­та­ры модернизацияға барынша бейім­деліп, осы бір жаңашыл саланы айтарлықтай та­быс көзіне айналдыруда. Модернизация­лау­дың арқасында Латын Америкасы көмір қышқыл газы мен күн сәу­лесінен биогелио­энер­гетиканы дамы­тып отырса, Бразилия жүгеріден биоотын өндіруде алдына жан салмай келеді. Ал немістердің өнімдері әлемдік нарықта айрықша орын алып, өзіндік бренд жинағалы қашан?! Осы үш елдің тәжірибесінен үлгі алғысы келген мемлекеттер бүгінде өнімді тереңдеп, ақы­рына дейін  өңдеу әдісіне бойлап енуге барынша ықыласты, – деді.
...Жалпы, қандай да бір өнім түрін ең соңғы дайын өнімге дейін өңдеу  мәселесі елімізде сөз болмай жүрген жоқ. Ол үшін Үкі­мет тарапынан жасалып жатқан шара­лар, арнайы қабылданып жатқан бағдар­ла­малар жетіп-артылады. Нақ қазір мұнай өңдейтін зауыттарды модернизациялап, мұнайдан дайын өнім алу мәселесі, мал шаруашылығы саласындағы модернизация жүйесі, техника саласындағы модерни­за­ция әдісі жиі қаузалып та жүр. «Әттеген-айы» біздің осы әдіспен өнім алуға бел ше­шіп кірісіп кете алмай отырғанымыз. Бұл ретте биоотын өндіруші қауымдастық пре­зи­денті Бейсен ДОНЯНОВ:
– Астық шаруашылығына тереңнен өңдеу әдісін енгізер болсақ, бұл арқылы көптен бері қозғалып жүрген биоотын өндіру жайын шешуге болады.  Бұл саланың көзін тапсақ, табыс көзі өзінен-өзі келіп түседі. Дамыған елдердің тәжірибелерін алып қарасақ, Еуропа елдері, негізінен, өнімді тереңдетіп өңдейтін шағын зауыттар салу арқылы пайдаға кенеліп отыр. Қазірде көмірқышқыл газынан, жер қойнауындағы шикізат ресурстарынан, күн сәулесінен биоэнергетика меңгеріп отырған елдер бар. Тіпті терең өңдеу әдісінің ебін тапса, микроөсімдіктерді де кәдеге жаратып, биоотын өндіруге болады. Өсімдіктердің тез көбейгіш қасиеттері әлем жұртшылығын биоотынмен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді. Міне, осының барлығына өнімді ең соңғы дайын өнім етіп шығарудың арқасында қол жеткізуге болады. Сон­дықтан өз басым елде өнімді тереңдетіп өңдейтін астық зауыттарын, мұнай өңдеу зауыттарын салу қажеттілік екенін сеземін. Өйткені нақ осы екі салада әлемдік нарықта өзіндік бренд жинауға біздің мүмкіндігіміз бар, – деді. 
Сөйтіп,  «қазақтың мұнайы мен асты­ғы­ның  әлем нарығында еңсесі биік» дес­кен мамандар нақ қазір осы екі салаға өнім­ді тереңнен өңдеу қажеттілігі туындап тұр­ғанын жасырмайды. Бұл ретте, ма­ман­дар мынадай ұсыныстарға назар аудару ке­ректігін де баса айтып отыр:
а) Біздің ішкі мүмкіншіліктеріміз модер­ни­зациялау үрдісіне тән бе? Жалпы, те­рең­детіп өнім өндіруге біз дайынбыз ба, ал­ды­мен осыны саралап алғанымыз абзал.
ә) Технологиялық базамызды дайын­да­уымыз қажет. Бір ескеретіні, шетелдің да­йын технологиясына сүйенгеннен гөрі өзіміздің отандық технологияларды өнім өндіруге бағыттаған дұрыс.
б) Бұдан соң барып осы мәселеге қа­тысты мемлекеттік маңызы бар страте­гия­лық бағдарлама қабылдауымыз қа­жет.
Міне, аталмыш реформаға енудің алғышарттары осылай түзілуі керек. Бұл саланың тиімділігі өте жоғары. Сондықтан алдағы уақытта бұл өркендеуге жетелейтін тетіктердің бірі, – дейді мамандар... 

... Осы жерде бір айта кетерлігі, жуырда Ре­сей ғалымдары су шаруашылығы сала­сына тереңдетіп өңдеу әдісін енгізіп, кә­дім­гі ауызсудан актив­тел­ген су алуға бо­ла­тынын дәлелдеді.  Активтелген сумен тұ­қым­ды өңдеу барысында егін өнімі 15 пайызға арттыратыны тәжірибе ба­рысында айқындалды. Олар ми­кро­кө­піршіктелген суды дәнді дақылдар тұқымын өң­деуде пайдаланған... Мұндайда өзге ел таудай өнімнен бір талшық қалғанға дейін тереңдеп өңдеу әдісіне ұмтылып жатқанда, бізге де «қайраңда қалып қоймау» керектігін амалсыз мойындайсың...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста