Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің сынына ұшырады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Кеңес мүшелері түрлі бұзушылықтарды жетілдіруге бағытталған жаңашылдық саладағы жемқорлықты жоя алар емес деген пікірде.
Барлық құзыреттілік бір мемлекеттік органға жүктелген. Яғни, ол сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді. Ақыр аяғында барлық кезеңнің заңға сәйкестігін өзі бақылайды.
Қазір осы мемлекеттік сатып алуда жыл сайын мыңдаған сыбайлас жемқорлық деректері анықталып отыр. Мәселен, былтыр 7,4 мыңға жуық әкімшілік іс қозғалып, 774,3 млн теңге айыппұл салынған.
Енді кәсіпкерлер осындай шикіліктерді түзеу үшін бүгінгі отырыстың қорытынды материалдарын Үкімет аппараты мен Бас прокуратураға жіберуді жоспарлап отыр.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz