Маусым айында жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы көлемі 1,2 трлн теңгеден асты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, берілген кепілсіз тұтынушылық несие көлемі – 800 млрд теңгеден астам. Бұл да рекорд.
Бұдан басқа қазақстандықтарға 130 млрд теңгеден астам сомаға автонесие берілді. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған.
"Бір ай ішінде 2,5 миллионға жуық адам жаңа несие алған. Одан да көп көрсеткіш (бірнеше мыңға) 2022 жылдың қарашасында ғана байқалды. Жағымды жаңалықтың бірі – ипотекалық қарыз берудің орташа мөлшерінің азаюы. Маусым айында бұл 15,4 млн теңгені құрады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұдан бұрын белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов халықты қарызға батырған банктерге шүйліккен.
Сондай-ақ, жуырда Мәжіліс депутаты Абзал Құспан өзінің депутаттық сауалында халыққа несие беру мәселесін көтерді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz