Мақта өндірісі маталып тұр

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Соңғы он екі айда әлемдік тұрғыда  2,5 есеге қымбаттаған ақ алтын бағасы биылғы жылдың соңына қарай тағы да 40 пайызға өсім беруі мүмкін. Бүгінде халықаралық сарапшылар мақта шаруашылығына қатысты осындай болжамдар таратып отыр.
Сөз жоқ, бұл үрдістің  жеңіл өнеркәсіп саласындағы өнім бағасының айтарлықтай қымбаттауына ықпал ететіні әуелден-ақ белгілі... Осыны ескерген «есі бар ел» бүгінде мақта шаруашылығының тасын өрге домалатуға тырысып бағуда.  Қай­сыбір елдер жеңіл өнеркәсіп саласындағы ішкі қажеттіліктерін қысылып-қымтырыл­май өтеу үшін мақта өндірісін өркендетіп, бәсекеге қабілетті арнайы кәсіпорындар құру қажеттілігін де ұғынып үлгерді. Ал біздің бұл тұрғыда атқарып отырған істеріміз көңіл көншіте ме? Мақта саласын дамытудағы қарым-қабілетіміз қандай?
Рекордтан тығырыққа әкелген не?
Сөйтіп, әлемде мақта бағасы 2,5 есеге қымбаттап жатқан тұста, керісінше,  біздегі мақта егістіктерінің ауқымы 2,5 есеге азайып отыр.  Мамандар бұл ретте «егістік­теріміздің ауқымын азайтып жатқанымыз дұрыс емес. Негізінен, мұндай сәтте мақта егістіктерінің көлемін ұлғайтып, мақта-мата зауыттарына мемлекеттік қолдау көрсеткеніміз жөн» екенін алға тартады. Бұған қатысты экономист-сарапшы Мей­рам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ:
– 1998 жылдары біздің елімізде 21 мақта зауыты болды. Осы зауыттар сол кездері мақта шаруашылығымен ай­на­лысатын шаруаларға арнайы көмек ретінде шит, тұқым, тыңайтқыштармен қоса, бел­гілі бір мөлшерде қаржы да беріп тұрды. Бұл үрдіс шаруалар үшін де, зауыт үшін де тиімді еді. Ал қазірде біз мұндай істермен айналысуды банктерге беріп қойдық. Ал банк пен шаруаның «тіл табыса алмай» жүр­гені бүгінде баршаға аян.  Банктердегі құжатбастылық мәселесі, қаржы алудағы проблемалар шаруалар мен зауыттарды титықтатып жіберді. Қаржы беруде шар­уа­ны несиеге байлап-матау, зауыттар мен банктердің арасындағы келіспеушілік; қа­рыз­дардың уақытылы өтелмеуі тәрізді іс­тер ақыры зауыттарды тығырыққа әкелді. Осы­дан барып елдегі зауыттар жабылып, қа­зірде заманында рекордтық деңгейде өнім алуға жеткен мақта шаруашылығы қайта тұралап сала берді, – деді.
Жалпы, маманның пайымдауынша, мақта шаруашылығын тұралатып тұрған жайт бір бұл ғана емес.  Пайымдасақ, біз­дегі «Мақта саласын дамыту туралы» Заңның да толып жатқан олқы тұстары бар екен.
Мақтаны бұғаулаған заң...
Негізінен, «Мақта саласын дамыту» туралы Заң қабылданғанда осы саланың басы-қасында жүргендердің дені аталмыш құжатқа үмітті көзбен қараған-ды. Әйтсе де мамандар: «Бұл құжат шаруалардың жұмысына кедергі келтіріп отыр», – деседі. Бұл ретте экономист-ғалым Үсен АМАНБАЕВ:
– «Мақта туралы» Заң қабылданған­­да, егіс көлемі артудың орнына кеміп кет­ті. Оның орнына тұрғындар көкөніс, қауын-қар­быз,  күріш   егетін   бол­ды. 
Ке­­­­­­­­­­­зін­де заңды қабылдамай тұрғандағы та­би­ғи жолмен қалыптасып келе жатқан үр­діс әлдеқайда тиімді еді. Мәселен, қар­жы тапшылығы кезінде мақта зауыттары шар­уа­ға несие, арзандау бағамен, жанар-жа­ғар­май да, техника да бере алатын. Күзгі терімнен кейін диқандар өнім есебімен есеп айырысатын. Қаржы мәселесі, әрине, банк ұсынған бағадан төмен емес, бірақ алу жолы жеңілдеу болатын. «Мақта саласын дамыту туралы» Заң қабылданды да, өздігінен дамып келе жатқан табиғи үрдіс күрт үзілді. Сөйтіп, егіс көлемі кеміді. Ал мақта егу үшін оның әр гектарына кететін шығын 1,5 мың доллар көлемінде екенін ескерсек, әлі қорланып үлгермеген диқандар үшін егіс көлемін азайту оңай нәрсе емес. Бұл тығырықтан шығу үшін мақтаға қатысты заңдағы осындай ол­қы­лық­тарға осындай өзгертулер мен то­лық­тырулар енгізген абзал. Заңға мақта егіс­тігінің көлемін ұлғайту қажеттілігі туралы бап енгізген жөн, – деді.
Шетелдік шиттің әуресі көп...
Бұл салаға қатысты тағы бір  сөз етер­лігі, нақ қазір халықаралық талапқа сәйкес, мақта өндірісінде шетелдік шит­тер­ді де өсіріп-өндіруге бейіл та­ныт­қанымыз абзал. Себебі қазірде бірқатар ел­дер жеңіл өнеркәсіп саласында өзіндік брендін ас­пан­дату үшін түрлі-түсті мақ­та­лар өсіруге ас­қан ықыласты. Бі­луі­мізше, біз «ақ алтын» деп әспеттеп жүрген мақтаның қызыл, сары, жасыл, қоңыр түрлері де бар кө­рінеді. Қын­жы­лар­лығы, отандық диқан­дарға  мақтаның осы түрінің шитіне қол жет­­кізу – қиын шаруа. Мамандар бұған қа­тысты «алдағы мақсат – мақта өңдейтін за­­уыт­тарды мемлекеттік тұрғыда қам­та­масыз етіп, елге халықаралық талап­қа сай шиттердің ене бастауына жол ашу керек, бұл ретте шаруаларға арнайы субсидиялар бөлінуі қажет» дейді...
Негізінде, мамандардың дені тек мақта ша­руашылығына қатысты ғана емес, жал­пы ауыл шаруашылығына қатысты суб­си­дия­лау жүйесін өзгерту қажеттігін сөз еткелі біраз болды. Шамасы, мамандар тара­пы­нан айтылып жүрген бұл ұсыныстар құ­зыр­лы тараптың құлағына жеткен болуы керек. Ке­ше өзінің Twitter-дегі жеке бло­гын­да елі­міз­дің ауыл шаруашылығы ми­нистрі Асыл­жан Мамытбеков: «Аграрлық са­ланы суб­си­диялау жүйесін өзгерту ке­рек», – деп жазды.
Министрдің мәлім еткеніндей, бола­шақта субсидияны АШТӨ-нің ең негізгі үш мәселесін шешу үшін бағыттау керек, олар: 1) айналымдағы қаражат бойынша несиелердің қолжетімділігі; 2) ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу лизингтік бағдарламаларын арзандату; 3) интервенциялық сатып алулар арқылы ауыл шаруашылығында тауар нарығын тұрақтандыру. Министрдің блогындағы аталмыш жазбаға ауыл шар­уа­шылығы саласында жүрген біраз қа­уым­ның іші жылып, үміттерін үкілеп-ақ отыр.

Дерек пен дәйек
Жалпы деректерге жүгінсек, республикамызда бидай 20 млн гектардай жерге егілсе, мақта небәрі 170 мыңдай гектарға отырғызылады. Айырмашылық 100 есе десек те, табысына келсек, екеуі шамалас.  Мысалы, еліміздегі мақта зауыттары «ақ алтынның» тоннасын 45 мың теңгеден сатып алып, экспортқа 1 мың 300 доллардан жіберіп, үш есе пайда тауып жатыр. Өкініштісі сол, 90-жылдары елімізде 21 мақта зауыты болса, қазірде олардың 13-і жабылып, тек сегізі ғана қалған. Кезінде сол жылдары елде 160 мың тонна шитті мақта жиналса, бертін келе, 2008 жылы 222 мың гектарға шит себіліп, 466 мың тонна «ақ алтын» жинап, рекордтық деңгейге қол жеткізген тұсымыз да болды. Ал қазірде  «табысы мардымсыз» деген желеумен мақта егістігінің көлемін 2,5 есеге азайтып алдық. Тіпті бұл ретте мамандар: «Келешекте 170 мың гектарлық мақта егістігінің көлемі 90 мың гектардың айналасында қалу қаупі бар», – деседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста