Мал азығын реттеуді мемлекеттің еншісіне беру қажет

Мал азығын реттеуді мемлекеттің еншісіне беру қажет

Еліміздегі мал азығын даярлау мәселесіне мемлекеттік реттеу керек. Егер болашақта мал азығына қатысты салмақты бір шешім қабылдамасақ, республика бойынша мал басы өсімі одан әрі төмендеп кетуі де ғажап емес. Еліміздің Мал шаруашылығы және жемшөп өндірісін зерттеу институтының мамандары осылай деп мәлімдеме жасап отыр.
Жалпы, деректерге жүгінсек, қазіргі қақаған суықта ауыл-аймақтардағы жем-шөп­тің бағасы «күйіп» тұр. Мысалы, қай­сыбір аймақтарда бір жүк көлігіне тиелген шөптің бағасы 40-45 мың теңгені құрайды. Қорасында 20 қойы, үш сиыры бар ша­руаға осы бір уақ-түйек малын қыстан аман алып шығу үшін кем дегенде төрт жүк көлігіндей шөп қажет. Сонда бағасын 40 мың теңге деп есептегеннің өзінде төрт мә­шине шөбіңіз 160 мың теңгеге бір-ақ шы­ғып тұр. Оған арпа, сұлы, соя тәрізді жем атауларын қоссаңыз, қарапайым шаруаға қыстан малын аман-есен, күйлі етіп алып шығу үшін кем дегенде 250-300 мың теңге қа­ражат қажет. Бүгінде мұндай қаржысы жоқ ағайын малын арзан бағаға саудалап, ба­зар жағалап әуре болуда. Бұл ретте са­рап­шылар «әсіресе сортаңданып, қуаң­шы­лық орын алған аймақтардағы шаруаларға өте қиын, есепке алсақ, бір ғана Шығыс Қазақ­стан облысы бойынша егістік және жайы­лымдық жерлердің 70 пайызы жа­рам­сыз болып қалған, бұл үрдіс мал азы­ғының тапшылығына, бағаның қым­бат­тауына, соңында мал басының арзан ба­ғамен етке өткізілуіне апарып соқтыруда» дегенді алға тартып отыр.
Негізінен, мамандардың пайым­дауын­ша, болашақта мемлекет тек қожалықтары бар ауыл шаруаларына белгілі мөлшерде до­тация, субсидия бөліп қана қоймай, үй ша­руасында мал ұстайтын шаруаларға да септігін тигізуі қажет. Мәселен, қазір рес­публикамыздағы жайылымдық жер­лер­дің, егістік аймақтардың басым бөлігі жарамсыз деп саналуда. Осыған орай мем­­лекет тарапынан арнайы қадағалау жұ­мыстары жүргізілгені жөн. Болмаса ауыл­дағы ағайын жыл сайын мал азығын даярлайтын шақ келгенде тығырыққа тіреліп, әуре-сар­саңға түседі. Бұл ретте ауыл шаруа­шы­лығы ғылымының докторы, профессор Аман Шотаев былай дейді:
– Қолында қарақұрым малы бар ауыл­да­ғы ағайын үшін мал азығын даярлау қа­зір­ үлкен ауыртпалық тудырып отыр. Тіпті қажет десеңіз, ауылда тек қара мал ұстап күн көріп отырғандар жетіп-арты­ла­ды. Олар үшін мал – киетін киім, ішетін тамақ, жаратса – пұл. Бұл жерде басқадан бұрын осы жайт ескерілуі керек. Әрине, үлкен шаруа қожалықтарына мал азығын сатып алу анағұрлым ауырлық тигізбейтін шығар. Ал қолында санаулы ғана малы бар, жалғыз зейнетақымен күнелтіп отыр­ғандарға шөптің бір маясын бәленбай мың­ға сатып алу өте ауыр. Қыстық отыны бар, малдың қысқы азығы бар – осының бар­лығы қарапайым шаруаның қалтасына салмақ түсіретіні рас. Оның үстіне біздің елде алты ай қақаған қыс болатын ай­мақ­тар бар. Осыған орай ай­та­рым, қолда бар мал басын сақтап, өсіп-өндіреміз десек, мал шаруашылығы сала­сын өр­кен­детеміз десек, мал азы­ғы­ның сапасына бай­ланысты, мал азығын дайын­дауға қатысты, оның белгіленген бағасына бай­ла­нысты мемлекеттік бақы­лауды күшейту қажет, – дейді.
Рас, осы уақытқа дейін біздің елде мал азы­ғының қорын дайындауға, оның ба­ға­сын тұрақтандыруға мемлекет араласқан жоқ. Елімізде мал басының 90 пайызы же­кенің қолына өтіп кеткендіктен, мал азығын даярлап, өздігімен қысқа қам жасау әр шаруаның өзіндік мәселесі болған-ды. Ал енді келіп мал азығын даярлауға мем­ле­кет­тен көмек сұрау қаншалықты қи­сын­ды?
Бұған қатысты Мал шаруашылығы және жемшөп өндірісін зерттеу инс­ти­ту­тының маманы Қадырбай Тәжиев былай деді:
– Бұл ретте біз ауылдық жерлерде жем-шөп дайындайтын жекелеген шаруа қожалықтарына немесе ауыл фермерлеріне барып, «сен малға дайындаған азығыңды арзандатып сат, онын құнын былай белгіле» деп айта алмаймыз. Өйткені олар да – өзінше еңбектеніп, өздігімен қам-қарекет жасап жүргендер. Сондықтан олар өз істеріне әкімшілік тарапты араластырмайды да. Біздің ұстанып отырған мемлекеттік саясатымыз нарықтық экономика болған­нан кейін нарық заңы осылай болуы тиіс. Мал азығының бағасын мемлекет белгілеп беріп отыратын болса, мал азығы қорын мем­лекет даярлайтын болса, онда біз кеңестік кезеңдегі колхоз-совхоз дәуірін қай­та құруымыз қажет. Ал қазіргі жағдайда бұл мүмкін емес. Ендеше, мал азығын даяр­лауды ретке келтіру үшін мынадай ұсыныстарға құлақ асқан жөн:
1. Қайсыбір өркениетті елдер ауылдың түтінін түзу етіп, тіршілігіне жан бітіру үшін ауылға алдымен қуатты технология қа­жет­тігін жете түсіндіруде. Мәселен, Германия, Израиль, Белоруссия елдері ауыл ат­мос­ферасына биотехнологияны бейімдеу ар­қылы үлкен жетістікке қол жеткізуде. Бізге де осы биотехнологиялық әдіспен, на­но­тех­нологиялық тәсілмен жемшөп алу ісін үйренетін кезең келді. Міне, ол үшін мем­лекет ауылды қуатты техникамен қам­та­ма­сыз етуі керек.
2. Ауылды биотехнологиямен жаб­дық­тау оңай шаруа. Ал оның тілін білетін ма­ман табу үшін биотехнологиялық жа­ңа­шыл­дықты кәсіптік-техникалық оқу бағ­дарламасына немесе орта мектептердегі оқу бағдарламасына арнайы бағдарлама етіп енгізген жөн.
3. Жалпы, мамандардың пайым­дауын­ша, Қазақ еліндегі 99,2 пайыз жерді «ем­де­генде» ғана біз қуаңшылықтан, су тап­шылығынан, жайылымдық жер мә­­се­лесінен, мал азығын реттеу түйткілінен ада болады екенбіз. Осыған орай рес­пуб­лика бойынша «Қуаңшылық жерлерді басқару» жобасын қолға алған жөн.
Міне, «алдымен осы ұсыныстар елеп-ес­керілгенде біз елдегі мал азығына қатысты мәселелерді шеше аламыз» деседі ма­мандар. Әрине, ол үшін мемлекет тара­пы­нан мықты пәрмен керектігі даусыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста