Литва экономикасы экспортқа үміт артады

Литва экономикасы экспортқа үміт артады

2000-2007 жылдардағы экономикалық шарықтау кезеңінде Балтық жағалауындағы үш елге (Эстония, Латвия және Литва) «Балтық жолбарысы» деген атау берілді. «Жолбарыс» – экономикалық өсімі жоғары елдерге берілетін баға. 2006 жылы Эстониядағы ЖІӨ – 11,2 пайызға, Латвияда – 11,9 пайызға, ал Литвада 7,5 пайызға өсті. 2006 жылдың ақпанында бұл елдердегі жұмыссыздық Еуроодақ бойынша ең төменгі деңгейде еді. Әлемдік дағдарыс «Балтық жолбарыстарын» да алып соқты.
Дағдарысқа кім кінәлі?
Сарапшылардың айтуынша, экономи­калық құлдырау жағынан Литва Латвия­ны өкшелеп келеді. Тек Латвияда болып кет­кен құбылыстар бұл елге сәл кешігіп жете­ді. «Қаржылай көмек Латвия экономика­сын тұрақтандыра алмады. Литваны да дәл осындай сценарий күтіп тұрған жоқ па?» – дейді олар. Бүгінде Литваның ішкі нарығында да, экспорт саласында да рецессия. Инфляция көрсеткіші бойынша (4,9 %) Еуроодақ елдері арасында Румы­ниядан (5,9 %) кейін екінші орында тұр. «Дағдарыс маусымның соңында аяқ­талады» деп тыныштандырумен келген пре­мьер Андрюс Кубилюс жағдайдың мүш­кіл екенін мойындады. Енді бюджет тап­шылығын төмендету мақсатында қо­сым­ша шараларға баруға тура келеді. Бірақ әзірге лит девальвациясы туралы әң­гіме жоқ. Ұлттық банктің басшысы Райнольдиюс Шаркинас: «Ревальвация да, девальвация да болмайды. Жұмысы жоқ­тар текке шулай береді. Тіпті осы мә­се­лені қозғаудың өзі қоғамға кесірін ти­гізуі мүмкін», – дейді. Финляндияның Kauppaiehti басылымы жазғандай, Балтық ел­дері үшін ұлттық валютаны құнсыз­дан­дыру тиімді емес, қалталы қауым бюд­жетті қысқарту сияқты шараны тәуір кө­реді. Бұл елдердегі экономиканың құл­ды­рауына бай-манаптар кінәлі. Шетел­ден есеп­сіз қаржы алғандықтан, девальва­ция солардың қалтасын қағуы мүмкін. Лит­ва­ның шетелдік банктер мен өзге де қаржы ме­ке­мелері алдындағы қарызы – 11,239 млрд лит (4,5 млрд доллар), халықаралық ұйым­дарға – 1,471 млрд лит (600 млн дол­лар шамасында) берешек.
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шарала­ры көңілге қонымды болғанымен, алдағы екі жыл ішінде экономикалық ахуал жақ­сара қоймайды. Соңғы жылдары Лит­ва­дағы ЖІӨ-нің өсуі ішкі сұраныстың артуына байланысты болды. Ендігі өсім тек экспортқа барып тіреледі. Ал әлемдегі экономикалық ахуал жақсармайынша, экспорттан пайда жоқ. Жұмыссыздыққа қатысты болжам да жақсы емес. Жыл соңына дейін жұмыссыздық деңгейі 11,6 пайызды (қазір – 8,8 пайыз) құрап, келесі жылы 13,4 пайызға жетуі мүмкін. 22 мамырдағы мәлімет бойынша, ресми түрде тіркелген 190 мың адам жұмыс іздеп сабылуда. Тұрғындардың 92 пайы­зы болашаққа күмәнмен қарайды. Осылай­ша, жұмыссыздық пен сұраныстың төмен­деуі бұл елдегі экономикалық дағ­дарысты қамшылай түсуде. Әйтсе де бұл елдегі зейнетақы мөлшері бұрынғы кеңестік аймақ­тағы елдерге қарағанда жоғары. Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 500 лит (200 доллар). Ал ең төменгі жалақы – 850 лит (320 доллар).
Үкімет тарапынан бюджет пен салық туралы заңға өзгерістер енгізу жос­пар­­ланған. Бірақ ол қашан жүзеге асы­ры­лады, бұл жөнінде премьер Андрюс Ку­би­люс­тің өзі де білмейді. Қазір бюджет тап­шылығы ЖІӨ-нің 5 пайызын құрайды. Биылғы жылғы бюджет шығыны 3 млрд лит­ке қысқартылды (1,2 млрд доллар).
Жаңа президент белсенді
Ресейдің пікірінше, мұнай бағасы кө­те­рілсе, литвалықтар қуанады. Себебі мұ­­­най қымбаттаса, Ресейдегі дағдарыс аяқ­­та­­ла­ды. Ресейдің жағдайы жақсарса, Лит­ва­да­­­ғы ахуал түзеледі. Осылайша, Ре­сей Лит­ва­­ны дағдарыстан алып шыға­ды. Се­бебі сау­­­да саласындағы басты әріп­тесі – Ресей. Алай­да Ресей «Олар бізсіз кү­нін көре ал­май­­­­­ды» деп бекер кеудесін со­­ға­­тын тәрізді. Өйт­­ке­ні Литва өзінде шы­ға­­тын өнімді тек Ре­­сейге жібе­ріп отырған жоқ. Еуроодақта­ғы 25 ел оның сауда әріп­тесі болып табы­ла­ды. Герма­ния, Ни­дер­ланды, Эстония, Лат­вия, Поль­ша­­мен арадағы сауда айналы­мы жолға қойыл­­ған. Сондықтан экспорт көле­мінің артуы тек Ресей емес, осы елдер­дегі ахуал­мен де байланысты. Қалай бол­ғанда да, Лит­ва үшін негізгі қаражат көзі Ха­лық­­ара­лық валюта қоры да, банк жүйе­сі де, эмиг­рант­тардан түсетін ақша ауда­ры­мы да емес. Тек экспорт. Экспорт ұлғайса, экономикасы дағ­дарыстан шығады.
Литва сыртқа көлік құралдарын, ми­не­ралдық отын, тоқыма материалдар, жи­һаз, электромашиналар, механикалық құ­рал-жабдық шығарады. Өнеркәсібінің не­гізін 500 кәсіпорын құрайды. Энерге­ти­ка, машина жасау, металл өңдеу, сон­дай-ақ химия өнеркәсібі жақсы дамыған. Құрылыс материалдарының көптеген түрі шығарылады. Мұнда орман көп, сон­дықтан орман және ағаш өңдеу шаруа­шы­лығы өркендеген. Энергетикалық ре­­­­сур­сы көп емес, ірі өзендері жоқ, сон­дық­­тан су электр стансылары өндіретін электр қуаты аз. Барлық дерлік отын (не­гі­зінен табиғи газ бен мазут) шетелден әкелінеді. Отын ретінде республика­да өн­­дірілетін торф та пайдаланыла­ды. Ма­­шина жасау саласы арнайы ма­мандан­дырылған. Мұнда станоктар, құрал-жаб­дық, электротехникалық, элек­трондық, радиоэлектрондық өнімдер шы­­­­­ға­­­ры­ла­ды. Ірі станок жасайтын кәсіп­орын – «Жаль­гирис» зауыты. Тамақ өнер­кә­сібін­де 120 кә­сіпорын жұмыс істейді. Ірі ет өңдей­тін сегіз комбинаттың өнімі ішкі нарыққа ғана емес, ТМД елдеріне де шығарылады. Ірі деген бес сүт ком­бинаты бар. Клайпедада балық өңдеу кәсіпорындары орналасқан. Онда балық консервілері, кепкен және тұзды балық дайындалады.
17 мамырда Литвада президент сай­лауы өткізілді. Сайлауда еурокомиссар Даля Грибаускайте жеңіске қол жеткізді. Жаңа президент қызметіне 12 шілдеде кі­рі­суі тиіс. Алайда қазірдің өзінде ол оңды-сол­ды бұйрық беріп, үкіметке жол көрсетіп, жұ­мысқа қызу кіріскен сыңайлы. Жаңа президент ең әуелі әкімшілік құрылы­мын сілкілеп алмақшы. Д.Грибаускайтенің бар­лық мәлімдемесі елді өзгеше басқаруға тіреледі. Екінші жартыжылдық Литва хал­қы үшін аса маңызды болмақ. Ең ал­ды­мен, энергетикалық, оның ішінде элек­тро­­­энергетикалық саласы өзгерістерді қа­жет етеді. «Тұрғындар үшін жылу мен электр қуаты бағасын төмендету ма­ңыз­ды. Жалақы мен зейнетақыны өсіре ал­май­мыз, сол себепті бағаны түсіру керек», – дейді Грибаускайте. Өткен аптада ол Сейм төрағасы Арунас Валинскаспен кездесіп, парламент демалысқа кеткенше салық туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды.

Бір дерек
Еліміздің сыртқы істер министрі Марат Тәжин мамыр айында Литва Рес­публикасының сыртқы істер министрі Вигаудас Ушацкасті қабылдап, кездесуде екі ел арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынастар талқыланған еді. Екі елдің арасында дипломатиялық төлқұжаты бар қызметкерлердің ви­за­сыз сапар шегуіне мүмкіндік жасау үшін келісім жасалды. Литва – ауыл шаруашылығы мықты дамыған мем­лекет. Сондықтан алдағы уақытта осы са­ладағы байланыстарды нығайтуға ба­сымдық беріледі. 2011 жылы Литва ЕҚЫҰ-ға төрағалық етеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста