«Күміс жас» жобасы: 50 жастан асқандарды жұмысқа орналастыру тәртібі

 Келер жылдан бастап жасы 50-ден асқан адамдарды жұмысқа алған компанияларға субсидия беріледі. Осы орайда, ҚазАқпарат тілшісі Еңбек министрілігіне қарасты Халықты жұмыспен қамту департаментінің басқарма басшысы Аяулым Берекеновадан аталған бастаманың қалай жүзеге асатынын, ол арқылы кімдер қызметке орналасатынын сұрап көрді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

«Қазақстандағы жұмыс берушілер электрондық Еңбек биржасы арқылы осы жоба шеңберінде осыншама адам қажет деп өтінім береді. Нақтылай кетейін, тек электрондық нысанда өтінім беріледі. Жұмыс берушілер түрлі қызмет саласы бойынша тапшылық санын көрсетеді. Кейін бұл мәліметтерді Халықты жұмыспен қамту орталықтары жинақтайды. Содан соң оны жергілікті әкімдіктердің ішінде жұмыспен қамту бөлімдері келер жылы жұмыс берушілер осыншама адамды жұмысқа орналастыруға ниетті деп тізімді бекітеді. Артынша Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілермен шарт жасайды. Онда қызметке алынуы мүмкін жұмыскердің міндеті, құқығының сақталуы, қанша адам жұмысқа жіберілетіні сияқты талаптар болады. Тиісінше, осы шарттың негізінде Халықты жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерді жібереді», - деп жауап берді Аяулым Берекенова.

 

Оның айтуынша, бұл жоба аясында тек жұмыссыздық бойынша Халықты жұмыспен қамту орталықтарының тізімінде тұрған, жасы 50-ден асқан адамдар ғана қызметке орналасады.

 

«Жұмыс берушілер қызмет ұсынғанда талаптар қояды. Атап айтқанда, азамат жұмыс өтілі, диплом, мамандығы немесе өзге де талаптарға сәйкес болуы керек. Осыларға сай келген жұмыссыз адам болса, оған 3 жұмыс берушіге жолдама беріледі. Кейде тек бір жұмыс ұсынушыға ғана жіберілуі мүмкін. Бұл сұранысқа байланысты. Осы жолдама арқылы азамат жұмысқа орналасады», - деп тоқталды ол.

 

Сонымен қатар, Аяулым Берекенова бұл жобаға кез келген жұмыс беруші қатыса алатынын айтты. Яғни, қызмет ұсынушы заңды тұлға, жеке кәсіпкер немесе мемлекеттік мекеме болуы мүмкін. Басты талап – ол кәсіпорын кемінде 1 жыл жұмыс істеуі керек. Сондай-ақ, жалақы бойынша берешегі болмауы маңызды.

 

«Бұл жоба әлеуметтік қорғау мақсатында жасалып отыр. Сондықтан жұмыс берушінің салық және жалақы қарызы болмауы керек. Өйткені, болашақта жұмысқа жіберілген азаматтармен де осындай жағдай болуы мүмкін. Осының алдын алу үшін арнайы осындай талап қоямыз», - дейді Аяулым Берекенова.

 

Бұдан өзге департаменттің басқарма басшысы субсидия бөлу механизміне де тоқталды.

 

«Бірінші жұмыс беруші қызметкерге толық бір айлық жалақысын төлейді. Содан кейін біз зейнетақы аударымдарына қарап, төленген жалақының толық сомасын шығарып, соның 70 пайызын субсидиялаймыз. Ол кәсіпорынның есепшотына аударылады. Жоба аясында алғашқы жылы еңбекақының 70%, келесі жылы 65%, үшінші жылы 60%-ын субсидиялаймыз. Ал қалған сомалар жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі», - дейді ол.

 

Жоба шеңберінде азаматқа 3 жылға қызмет орны ұсынылады. Осы мерзім аяқталса, онда жұмыс беруші еңбеккерге шарт негізінде тағы 1 жыл қызмет етуіне рұқсат береді. Аяулым Берекенованың айтуынша, егер 4 жылдан кейін қызметкердің зейнет жасына 1-2 жыл қалса, онда ол сол кәсіпорында зейнетке шыққанға дейін жұмыс істеуіне құқығы бар. Бұл талаптар шартта көрсетіледі. Ал жоба аясында жұмысқа орналасқан адамдар белгіленген мерзім аяқталғанда 54-55 жаста болса, онда оны жұмыс беруші қызметтен шығаруға құқылы. Дегенмен жұмыссыз қалған азамат аталған жобаға қайта қатысып, тағы 3 жыл мерзімге басқа компанияға қызметке орналаса алады.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста