Күкірттің күні туып келе жатқан тәрізді

Абай ОМАРОВ (коллаж)

 

Сәуірдің соңында Қазақстан баспасөз клубы «Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.» компаниясының қолдауымен кезекті семинар өткізді. Бұл жолғы тақырып  мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өткізу мәселесіне арналды. Жиналғандарға  И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің доценті, техникалық ғылымның кандидаты Леонид Багдасаров дәріс оқыды.

Мәскеу маманы мынадай қызық дерек айтты: 28 сәуірде Каспий теңізіндегі Корчагин кенішінде мұнай өндіру басталды. Кеніштің ашылу рәсіміне келіп жеткен Ресей премьер-министрі Владимир Путин бұрғыны өз қолымен іске қосып, мұнайды бетіне жағып көрсетті. «Премьердің бетіндегі мұнайдың түсі қоңыр екенін көрдік, демек ол жеңіл, қоспасы аз» деді ғалым. Мұнай құрамында сутегі көп болса, онда ол жеңіл түрі.  Шайыр (смола) басым түссе, құбыр қабырғасына жабысып қалады, азот болса коррозияға әкеледі. Ал күкірттің зияны жайлы тәптіштеудің өзі артық. Құлсары маңындағы қойманың көзі жойылғанша, «күкірт мәселесі» күн тәртібінен түспейтіні сөзсіз. Сөйтіп, күкірттен құтылудың амалы табылмай тұр әзірге.

Жер бетінде жинақталған күкірттің жалпы көлемі шамамен 5 млрд тонна. Оны ең көп қолданатын сала – химия және қағаз өнеркәсібі. Ең ірі  өндіруші - Канада. Сарапшылар алдағы кезде Қытай мен Үндістанда күкіртке деген сұраныс көтеріледі деген пікірде. Атап айтқанда, Қытайда ол жыл сайын 5 пайызға өседі, 2015 жылға қарай бұл елдегі сұраныс 13,3-13,8 млн тоннаға дейін жетуі мүмкін. Күкіртті пайдалану көлемінің ұлғаюы күкірт қышқылын тыңайтқыш ретінде қолдануға байланысты болмақ. Мұндай тыңайтқыш өндірушілер АҚШ, Марокко, Тунис, Үндістан, Қытай және Бразилия. Марокконың тіпті жер бетін күкіртпен жауып тастайтын қауқары бар көрінеді. Күкірттің шамамен 90 пайызы күкірт қышқылын өндіруге жұмсалады. Мәселен, 1 тонна күкірт қышқылын алу үшін шамамен 300 келі күкірт қажет. Оның 72 пайызы фосфат тыңайтқыштарын алуға жұмсалады.  Бір жаманы, 1992 жылдан бері күкіртке деген ұсыныс сұраныстан асып түседі. 2010-2011 жылдары күкірттің барлық түріне деген ұсыныс жыл сайын 4 пайызға көбейіп, жылына 84 млн тоннаға жетеді деп болжанған еді. Л.Багдасаровтың айтуынша, күкірт бағасы астық қымбаттағанда көтеріледі. Бір қарағанда, екеуінің бір-біріне қандай қатысы бар деген сауал туындайтыны анық.  Ол былай екен: күкірттен алынатын күкірт қышқылын фосфор шикізатымен араластырғанда керемет тыңайтқыш шығады. Ал астықтың шығымдылығына тыңайтқыштың қалай әсер ететіні белгілі. «Қытай халқы қазіргідей таяқшамен күніне бір рет тамақтанудың орнына, күніне үш рет, әрі қасықпей жей бастағанда, сіздің күкіртке сұраныс артады. Сатып алушылар көбейе түседі. Сондықтан күкірт нарығы бидай нарығымен байланысты деп айтуға толық негіз бар. Ал оны сақтауға келсек, егер сай-салаға жайылып кету қаупі болмаса (ол үшін «топырақ құлыбы» болуы тиіс), онда экологияға қауіп жоқ» дейді ол.

Сондай-ақ ресейлік ғалымның еліміздегі жанар-жағармай нарығына қатысты айтқан пікірі де өзгеше. Ішкі нарықты дамыту үшін қажетті шарттар: тұрғындардың санын арттыру, себебі бәрі де төлем қабілетіне қарай дамиды. Автомобиль өндірісін жолға қойса, ол нарықты алға сүйрейтін локомотив болмақ. Бұл өз кезегінде жол құрылысын қолға алуға себепші. Оның құрылысына битум (мұнайдан шығатын өнімнің бірі) кеңінен қолданылатыны белгілі. Осы орайда айта кетейік, белгілі ғалым Нәдір Нәдіровтің жол төсеуге күкіртті пайдалану туралы ұсынысы бар. Мұндай жолдар битум қосылған жолға қарағанда 25-30 пайыз арзанға түседі. Әрі бос жатқан күкіртті кәдеге жарату мәселесі де шешілер еді. Бірақ бұл ұсыныс әлі күнге дейін қолға алынбай отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста