Криптовалютаның қауіпсіздігі мәселесін қалай шешуге болады? Криптавалюта қауіпсіз бе? Криптовалютаның әлемдегі және Қазақстандағы қауіпсіздігінің келекшектері туралы ILCoin жобасының атқарушы директоры Норберт Гоффа өз пікірін білдіреді.
Сатоши Накамото криптовалютаны және блокчейн технологиясын ойлап тапқан кезде, ол адамдардың арасында банктердің немесе басқа бөгде ұйымдардың қатысуын талап етпейтін төлем жүйесін құрғысы келді.
Барлығы қарапайым болды: бір адам басқаға виртуалды ақшаны аударады, ал мәмілені желінің басқа қатысушылары растайды және ол туралы мәліметтерді бірыңғай тізілімге енгізеді.
Менің ойымша, оны ойлап шығару «Ғаламтордан кейінгі ең революциялық технологияға» айнала отырып, автордың бастапқы ниетінен әлдеқашан аттап өтті.
Криптовалюта Қазақстанда қалай реттеледі?
Әлемде криптовалюталарға, криптовалютаның қауіпсіз биржасына, криптовалютамен қауіпсіз сауда жасауға бірмәнді емес қатынас қалыптасуда: толық тыйым салудан және қабылдамаудан бастап инвестицияларды тарту мақсатында қолайлы ортаны құруға дейін.
Мен Қазақстан осы мәселеде консервативтік бағдарды ұстануда деп санаймын, бірақ бұл ретте криптовалюталарды және сауда платформаларын реттеу үшін құқықтық өрісті құру бойынша жұмыс істеуде.
Оның үстіне, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) актілеріне 2018 жылдың шілдесінде енгізілген соңғы өзгерістер сандық активтер мен блокчейн технологиялары үшін нормативтік базаны қалыптастыру процесін іске қосты.
Актілерде криптовалюталарға анықтама беріледі, сонымен бірге сандық активтердің айналым ережелері мен криптовалюталық биржалардың қызметі жан-жақты жазылады, ең қауіпсіз криптовалюта аталады. Мен мұндай тәсілдемені қақ орта деп атаушы едім.
Бір жағынан, ол бірқатар шектеулер енгізеді, ал басқа жағынан - осы бағытта инвестициялар үшін қолайлы шарттар жасай отырып, саланың қатысушылары үшін түсінікті ойын ережелерін орнатады.
Неге криптовалютаға сенбейді?
Көп адамдар виртуалды ақшаға және блокчейн-индустрияға сенімсіздікпен қарайды.
Statista деректері бойынша, 2018 жылдың орта кезіндегі жағдай бойынша биткоинға немесе басқа сандық тиынға бар болғаны 8% американдықтар қаржы салған. Шамамен осындай көрсеткіш еуропалық елдерде де белгіленді.
Одан басқа, Decenter деректері бойынша «криптоұстағыштардан» тек үштен бірі ғана криптовалютаны белсенді қолдануда. Қалғандарында ол әмиянда өлі жүк болып жатыр.
Мен мұндай сенбеушіліктің үш негізгі себептерін көріп түрмын: технологияның жалпы шикілігі, сауаттылықтың төмен деңгейі және алаяқтық қаупі. Технологияның өзі дамудың ерте сатыларында орналасқан және жөнге келтіруді және әлсіз орындарды жоюды талап етеді.
Бұл мәселені шешуге болады, алайда, оны шешу үшін блокчейнның қолданушылық сипаттамаларына топталуға және транзакциялардың жүзеге асыру қағидаларын оңтайландыруға, кванттық блокчейнді жасауға қабілетті жобалар қажет.
Басқа жағынан, адамдар ол тіпті болашақтың аса жоғары алдыңғы қатарлы технологиясы болса да, онша түсінікті емес құралдарды қолданбайтын болады. Бұл криптовалюталарды қолдану процесі тіпті техникалық аспектілерде ең ысылмаған қолданушылар үшін де интуитивтік және түсінікті болуы керектігін білдіреді. Және, ақыр соңында, қауіп мәселесі шетте.
Криптовалюталық әмияндардан ұрланған миллиондар жөнінде оқиғалар мен алаяқтықтың жиі кездесетін жағдайлары саланың беделін қатты түсіруде және қауіпсіз ретінде жайғастырылатын, және процесті бақылау үшін үшінші тараптардың араласуын талап етпейтін технологияға сенім деңгейі төмендеуде.
Криптовалютаның қауіпсіздік мәселесін қалай шешуге болады?
Біз ILCoin қауіпсіздік мәселесін бірегей хаттаманы жасау жолымен шештік. Соңғы жарты жылда біз смарт-келісімшарттарды жасаумен және біріктірумен жұмыс істедік, бірақ процес кезінде қиындыққа тап болдық - ақшаны лайықты қорғаныс деңгейімен қамтамасыз ету үшін ILCoin барлық блокчейнін және блокчейннің смарт келісімшарттарын қайта жасау қажет болды.
Қойылған міндет оңай болмады: әзірлеушілерге барлық бастапқы кодты толықтай қайта жазуға тура келді. Бірақ біз жаңа шешімді таптық - С2Р жаңа буындағы бәтуаластығы - ол біздің блокчейннің қауіпсіздік деңгейін бәсекелестерден айтарлықтай жоғары көтерді.
С2Р үш деңгейлі жүйені білдіреді: хэштерден басқа, блоктарда транзакцияларды қосымша қорғаныспен қамтамасыз етуші сандық қолтаңбалар сақталады. C2P-хаттама біздің қолданушылардың қаражаттарын хакерлік шабуылдардан қорғауға қабілетті болады.
Осылайша, қаскүнемдер егер тіпті желіге шабуыл жасауға әрекет жасаса, олар бірде-бір блокты өзгерте немесе қолдан жасай алмайды, және қолданылушы есептеуші қуаттардың деңгейі мүлде рөл атқармайды.
Осының есебінен С2Р қазіргі сәттегі шабуылдардан қорғаумен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге болашақтағы кванттық компьютерлердің алдында ILCoin блокчейнінің тұрақтылығына кепіл болады.
Оған қоса біз біздің жүйелерге аудитті тұрақты жүргізудеміз және болашақта кез келген ықтимал осалдықтарды жою үшін киберқауіпсіздік бойынша тәуелсіз мамандарды тартуды жоспарлаудамыз.
Біздің бастапқы код github еркін қолжетімділікте орналасқан - онда кез келген бағдарламашы оны көреді, түсініктер қалдырады және, түзету енгізе алады.
Криптовалюталар мен қоғамдастық: болашақ бізге байланысты
Криптовалюталық нарықта ғаламдық өзгерістер орын алуда. Біреуге ол пайдалы болады, ал енді біреу ұтылады. Мұнда қарапайым сұраққа жауап беру керек: «Осы бәсекелестік күресте жеңісті не анықтайды?» Дамудың жаңа сатысына өту әрқашан қиындықтармен байланысты болады, оларды тек барлық криптовалюталық қоғамдастықтың бірлескен күшімен ғана жеңуге болады.