Кремнийден – күн қуатына дейін

Күннің көзін электр қуаты ретінде пайдалануда кремний өндірісінің маңызы зор. Экономикасы алға басқан алпауыт елдердің бірқатары сондықтан да кремний өндіруге ерекше ден қойған. Бұл ретте Алматы облысының Қаратал ауданындағы «Қазсиликон» металлургиялық комбинаты» ЖШС – металдың осы түрін өндіруді жолға қойған еліміздегі бірден-бір кәсіпорын. Ол Жылыбұлақ ауылының маңында орналасқан Сарыкөл кен орнының кварц ұнтақтарын шикізат ретінде пайдаланып отыр. Кәсіпорын немістің соңғы технологиясымен Қытайда жасалған металлургиялық құралдармен жабдықталған. Мұндағы заманауи пеш тәулігіне 12 тонна кварц балқытады. Өткен жылы 2000 тонна өнім шығарса, биыл одан едәуір жоғары көрсеткішке қол жеткізуді межелеп отыр. Жалпы, зауыттың қуаты жылына 5000 тонна металлургиялық кремний шығаруға жетеді.
Кәсіпорынның іргесі ертеректе қалан­ға­нымен, тек соңғы екі жыл көлемінде ғана оның жаңа тынысы ашылды. Сарапшылар Сарыбұлақ кен орнының кварцы мен «Қазсиликон» өндірген кремнийді бақы­лау­дан өткізіп, оның сапасының жоға­ры­лығын анықтағаннан кейін Қазақстан мен Франция арасында кремний өндірісін жандандыру жобасы қолға алынды. Сөй­тіп, «Қазсиликон» ЖШС «Қаз­атом­пром» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны ретінде үш кезеңнен тұратын «Kaz PV» қазақстандық кремний негізінде фото­электрлі модуль өндірісін құру» жобасының қатысушысы болып, баламалы энер­ге­ти­каны, яғни кремнийлік күн энергетикасын дамытуға үлес қоспақ.
Үш кезеңнің «Қазсиликонға» тиесілі алғашқы кезеңі – кен орнынан кварц ұнтақ­тарын алып, сапалы металлургиялық крем­ний өндіру бүгінде сәтті жүзеге асырылып келеді. Мұнан кейінгі қадам – дайын кремний Өскемен қаласына өңдеуге жіберіліп, одан әрі Астанаға күн бата­рея­лары өндірісіне жөнелтіледі. Алғашында Батыс Еуропа, Жапония елдеріне экспорт­тау­ға бағытталған өндірісте, сөйтіп, қазақстандық мазмұн үлесі арта түсетін болады.
Кремнийдің силикон резеңкелерін, опти­калық шыны, күн модулі, түрлі хими­каттар, көптеген электроника бөл­шектері, телекоммуникация және компьютер жүйесі секілді технологиялық жабдықтардың 60-тан астам түрін өндірудегі рөлін ескеретін болсақ, бұл саланың болашағы зор екені айтпаса да түсінікті.
Айта кетерлік бір жайт, бұл комбинат жуырда облыста өткен «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының жеңімпазы атан­ған. Енді республикалық байқауда бақ сынайтын болады. Және 2017 жылы ЕХРО көрмесіне де қатысуға дайындық үстінде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста