Кімдер мүлік салығынан босатылады? Комитет өкілдері жауап берді

Кімдер мүлік салығынан босатылады? Комитет өкілдері жауап берді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнеткерлер мен жеке тұлғалардың мүлік салығынан толығымен босатылатыны туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап жазды.

Комитеттің мәліметінше, бұл ақпарат мүлде шындыққа жанаспайды.

 

"Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес бөлек тұратын зейнеткерлер заңды мекенжайы (олардың тұрғылықты мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде босатылады. Есептеу барысында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiш мөлшері қолданылады", - деді Мемлекеттік кірістер комиеті.

 

Сонымен қатар, келесі тұлғалар да жеке тұлғалардың мүлік салығынан босатылады.

 

*  айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде - Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Батыр ана" атағымен және "Алтын алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналар;

 

*  айлық есептік көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде - Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағында белгіленген өзге де тұлғалар босатылады.

 

2022 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 2023 жылдың 1 қазанында аяқталатынын еске салады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста