Келіншек басқаратын кәсіпорын 100 мыңға тарта аяқкиім шығарады

Ол басқаратын кәсіпорында 167 адам еңбек етеді, олардың басым көпшілігі – қыз-келіншектер. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оның алға қойған мақсаты анық, мұраты айқын, ойы нық.

 Біздің сөз еткелі отырған кейіпкеріміз өзі жайында жарнаманы аса құптай бермейтін, бастаған ісін соңына дейін жеткізгенді жаны сүйетін, шаруасын дөңгелентіп отырған жандар, «Жамал-ай» АҚ президенті – Зібира Хасанова. Кейіпкеріміз басқаратын кәсіпорын арнайы аяқкиім және әлеуметтік сала қызметкерлеріне қажетті арнайы жұмыс киімдерін тігумен айналысады. Қазіргі таңда кәсіпорын әйелдер мен ерлер үшін «Sharkey» сауда белгісімен мокасиндер шығаруды қолға алған. 

Кәсіпорын Италияның, Германияның жоғары технологияларымен жабдықталған. Өткен жылдың өзінде кәсіпорын шамамен, 900 млн теңге көлемінде табыс тауып, жыл ішінде фабрика 100 мың жұпқа тарта аяқ­киім шығарған.

– Бүгінде ең басты мақсат – өндірісті құлдыратуға жол бермеу. Біз өзіміздің отан­дық өнімді насихаттайтын боламыз. Егер еліміздің әрбір азаматы «Қазақстанда жасалған» идеясын сезініп, шетелдікке қарағанда отандық тауарға мойын бұратын болса, онда ол сол сатып алған затымен отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамы­туға көмектеседі деген сенімдемін. Сайып келгенде, біздің еліміздің экономикасына бә­секеге барған сайын қабілетті бола тү­седі, біздің Елбасы да үнемі осыған үн­деп келеді. Сондықтан да тұрғындарды отан­дық өнімдерді неғұрлым көптеп сатып алуға шақырамын, – дейді «Жамал-ай» АҚ-тың президенті Зібира Хасанова.

Жақын күндері кәсіпорын «Sharkey» сауда белгісімен мокасиндер шығармақ. Ол үшін барлығы 300 мың долларға жуық қаржыға түрік және итальян жабдықтары, қолдағы жабдықтарды жаңарту үшін қо­салқы бөлшектер сатып алынған. Мока­син­дер үшін шикізат ретінде тек табиғи былғары қолданылмақ. Түс түрлері де ойластырылуда. Аяқкиім табанының ал­дың­ғы бөлігінде «Sharkey» атауы жазылып, басқа бөлігі былғарымен қамталмақ. 

– Мокасиндерді шығаруға көмектесу үшін Италиядан арнайы маман шақырдық. Қызметкерлеріміз біліктіліктерін артты­рып, шеберліктерін шыңдады. Аяқкиімнің фирмалық табанын шығару үшін қалыптар кұюға арналған құралдар алдық. Сауда маркасының бренді мен логотипі жасалды. Жақын уақытта өз өнімімізді шығаратын боламыз. Біздің өніміміз бәсекеге қабілет­ті. Біз шығаратын мокасиндер түрлі-түсті безендіріледі. Сапасы да жақсы – бірегей ұлтан, табиғи теріден жасалады. Біз оны жетілдіре түсіп, «Made in Aktau» брен­дімен ұсынбақпыз, – дейді З.Хасанова. 

Өндірісте жоғары білікті, көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар мамандар қызмет атқарады. Солардың бірі ұзақ жылдар тігін цехында жұмыс жасайтын Галина Седова. Кәсіпорында 30 жылға жуық уақыт еңбек етіп келе жатқан білікті маман бар білгенін жастарға үйретуден жалыққан емес.

«Мен осы мекемеден нәпақымды тауып, абыройлы қызмет атқарып келемін. Ұжы­мымыздың ауызбірлігі мен жұмысқа деген ерекше ынтасын мен жоғары баға­лай­мын. Біздің кәсіпорын 1994 жылы итал­ьяндық мамандармен бірлесіп, әскери қызметкерлерге арналған қысқа және биік қонышты бәтеңкелерді жасау технология­сын қолға алды. Сол уақыттан бері еліміз­де­гі әскери құрылымдарды сапалы табаны құю әдісімен бекітілген биік қонышты бәтеңкелермен қамтамасыз етіп келеміз. Сонымен қатар арнайы қорғаныс қасиеті бар аяқкиімдерге құрылыс және мұнай саласының қызметкерлері де тапсырыс береді» дейді Галина Седова.

Жемісті» еңбегімен еленген кәсіпкер әйел Зібира – отбасында сүйікті жар, аяулы ана. Өмірлік серігі Әбуғали екеуі Мұрат-Марат есімді егіз ұлды тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. 

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста