Импорт алмастыратын отандық бағдарлама қандай болуы керек?

zn.ua

Кешелі бері Ресейдің Еуропадан келетін бірқатар азық-түлік импортына тыйым салғанын біз талдап жазған болатынбыз. Алдағы уақытта көрші ел бір жылға дейін Австралия, Канада және Норвегиядан сиыр етін, шошқа етін, көкөніс, құс етін, ірімшік пен сүт өнімдерін импорттамайды. Бұл тізім шыға салысымен-ақ Ресейдің экономикалық даму вице-министрі Алексей Лихачев бастаған шенділер тыйым салынған импортты енді немен алмастыратындарын, импорттың орнын қайтіп толықтыратынын қайта-қайта мәлімдеді.
Сөйтіп, Ресей қазірде импорттың орнын немен толықтыратынына бас қатыруда. Бұған қатысты отандық мамандарымыз «әрине, 140 млн халқы бар Ресейдің импортты алмастыратын бағдарлама тетігін бұдан бұрын да ойластырып қойғаны түсінікті. Дегенмен Ресей мен Украина арасындағы шиеленістен кейін қазіргі ахуал ауаны өзгерді. Сондықтан Ресей болашақта өз халқын аш құрсақ етіп алмауы үшін жаңа бағдарламалар тетігін ойластыруы тиіс» дейді.
Алаш айнасы осы тұста импортты алмастыратын өзіміздің отандық бағдарламаның кем-кетігін тізбелеп көруді жөн көрді.
Пайда көлемі арта ма, толастай ма?
Ресейдегі қалыптасқан экономикалық ахуалға қарап бүгінде отандық сарапшыларымыздың пікірі екіге жарылды. Олардың қайсыбірі «бұл жағдай Қазақстан сауда экономикасына оң өзгеріс әкеледі. Бұрын Ресей «Еуропадан аламыз» деп біздің сүт өнімдерін, ірімшігімізді, балық өнімдерін консервіленген азық-түлік түрлерін менсінбейтін. Мұндайдан соң олар бізден өздері сұрай бастайды. Осы сәтте біз оларға тауарларымызды жөнелтіп пайдаға батамыз» дейді. Дегенмен, қарсы тараптың бұған қатысты өзіндік пікірі де жоқ емес. Мысалы, экономист-сарапшыларымыздың біразы мұндайда ішкі нарықты отандық өніммен жарылқай алмай жатқанымызды ұмытпау қажеттігін алға тартуда.
Жаңабай Алдабергенов, экономист-ғалым:
- Бір ғана химия өнеркәсібін алайықшы, өткен жылы Қытайдан Қазақстанға тасымалданған химия өндірісінің өнімдері 22 пайыздан асып жығылса, Ресейден тасымалданатын өнімдер 42,8 пайыздың мөлшерін құрапты. Бізде сырттан келетін импортты өзіміздің отандық импорт алмастырғышпен алмастыруға қарым да, қабілет те бар. Үкімет жыл сайын отандық импорт алмастырғыш өндірісті қолдап-қолпаштау қа-жеттігін қаузайды. Ал біздегі бақылаушы органдар, керісінше, шеттен келетін импортқа иек артқанды жөн санайды. Өзгенің импортына қызығамыз деп жүріп, өзіміздің отандық өндірісті назардан тыс қалдырып алдық. Өз басым тіпті «отандық өнім жасауға қаншама қаржы шығындағанша, сол қаржыға шетелден дайын өнім сатып алсақ қайтеді» деген ұсыныстарды да құлағым шалды. Ал күні ертең Ресей мен Қытай «өзіме де жетпей жатыр, қажетіңді өзің тап» десе қайтеміз? Осы жағына назар аударатын кезең әлдеқашан жетті. Сондықтан бірінші кезекте бізде химия өнеркәсібін жолға қою керек.
Мұнай химиясына мүлде мән берілмеуде
Жалпы, отандық мамандардың қайсыбірінің пайымдауынша, «қазақтың химия өнеркәсібінің әлеуеті Ресей химия өнеркәсібінен бірде-бір кем емес. Тек осы салаға мемлекеттік тұрғыда дем берсек болды.
Хакім Суербаев, химия ғылымының докторы, профессор:
- Біз мұнай қорымыздың молдығы жағынан әлемдегі мұнайлы деген 15 мем-лекеттің қатарына енеміз. Ойлап қарасақ, қазір әлем елдерінің басым бөлігі мұнайдан тұрмысқа қажетті заттар алудың шеберіне айналып жатыр. Біле-білсеңіз, мұнайдан кір жуғыш заттар, әртүрлі пластикалық заттар, кеңсе заттары, үй жиһаздарына дейін алынады. Мұнай химиясын жетік меңгерген елдер шикі мұнайды терең деңгейде ұқсатып отыр. Ал біз шикі мұнайды сыртқа сатқанымызға ғана мақтана аламыз. Бүкіл әлем қазірде мұнай шикізатынан алынатын өнім көрсеткішін 92-94 пайызға дейін жеткізуге талпынып жатыр. Біз, керісінше, өндіретін мұнайдың 90 пайызын шикі күйінше экспорттап, мұнай шикізатының азғана бөлігін мотор отындары мен дизельді отын ретінде қолданып жатырмыз. Оның өзінде отандық тұтынушыларды аталмыш өнімдермен толықтай қамтамасыз етуге қабілетіміз жеткіліксіз. Негізінен, дамушы және дамыған елдерде мұнай өңдеу зауыттарының қасында міндетті түрде мұнай химия өндірісі болады. Осы өндіріс орындары арқылы олар мұнайдан қосалқы өнім алады. Ал біздегі Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттары тек қана мотор отындарын шығарғанның өзінде халықты сапалы жанар-жағармаймен, дизельді отынмен қамтамасыз ете алмай отырған жоқ па? Меніңше, отандық импорт алмастырғыш бағдарламасына осы жайттарды міндетті түрде енгізу қажет. Мұнай химиясына мән берілмесе халыққа қажетті заттарды өзгеден сұраудан арылмаймыз.
Сүт және ет өндірісін қалай қорғаймыз?
Байыптап қарасақ, нақ қазір біз үшін сүт және сүт өнімдері өндірісінің де көлемін арттыру, сүт өнімін өндірушілерге барынша қолдау көрсету де өте маңызды болып отыр. Себебі, кезінде Кедендік Одақ өз жұмысын бастағалы бері Ресей жағы өз жеңiлдiктерiн ескере отырып сүт жайында техникалық регламент құжатын дайындап та үлгерді. Аталмыш құжат Ресейде жасалғандықтан олар өз сүт өндірушілерінің мүддесін қорғауда. Ал енді Қазақстан жағы өз мүддесін қорғамаса елдегі сүт өнімін өндірушілер де, оны тұтынушылар да зардап шегуі әбден мүмкін.
Жалпы, сүт өндірісіне қатысты біздің iшкi нарықтағы ресейлік өнiм деңгейi былтырғы жылмен салыстырғанда биыл едәуір өсім берген. Мәселен, биылғы жылы ішкі нарыққа көршіден келіп түскен сары май – 31 пайызға, сыр – 61,3 пайызға; қоюлатылған сүт пен кiлегей 85,3 пайызға өсім берген. «Нақ осы көрсеткіштерге алаңдауға тиіспіз» дейді мамандардың бір парасы.
Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:
– Ресей ендігі кезекте өзі Еуропа сүтінен бас тартып отырғандықтан бізге сүт және сүт өнімдерін бере қоймайды, берсе де қымбатқа сатады. Бұдан барып инфляция жоғарылай береді. Ал енді мұндай жағдайда отандық өнімге деген сұраныс артады. Бірақ біздегі отандық кәсіпорындар тұтынушының сұранысын өтеуге қабілетті емес. Сондықтан келешекте Ресейдің сапасыз сүті нарығымызға қымбат бағамен жол тартып кетпеуі үшін сүт және сүт өнімдерін өндіруде қатаң техникалық регламент енгізуіміз керек. Бұл арқылы біз отандық нарықтағы жатжұрттық өнімді ысыра аламыз, сол арқылы Ресейге жіберілетін өнімдерге шектеу енгізіп, олардан біздің нарыққа келетін сапасыз өнімге де шектік баға енгізе аламыз. Сол тәрізді Қазақстан 2015 жылы бір ғана Ресейге ет экспорттау көлемін 60 мың тоннаға жеткізуі керек. Ал осы арада «біз осы өзіміздің ішкі нарықты ет және ет өнімдерімен қарық қыла алмай отырып, Ресейге ет экспорттау көлемін қалай өсірмекпіз? Ресейді сапалы өніммен жарылқаймыз деп, өзіміз сүйек-саяқ кеміріп қалмаймыз ба» деген сұрақ өзінен өзі туындайды. Бізге нақ қазір азық-түлік дегенде бірінші керектісі осы екі саланы дұрыстап алу керек.
Бастысы: жаңа агросаясат керек
Жалпы мамандар, импортты алмастыру үшін елдің өзін-өзі қамтамасыз ету межесі кем дегенде 80 пайыз болуы керектігін бұған дейін де баса айтқан болатын. Осы ретте мамандарымыз отандық өндіріс орындарының тауар шығару әлеуетін өсірумен бірге, бізге жаңа агросаясат қажеттігін баса айтып отыр. Экономист-ғалым Атамұрат Шәменов бұл ретте мынадай ұсыныстарын алға тартуда:
А) Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету халықтың тамақ өнімдерінің он түрінің тұтыну деңгейімен бағаланады. Оған нан және жарма өнімдері, ет және ет өнімдері, балық және теңіз өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, май және мал майы, жемістер, көкөністер, картоп, қант және кондитерлік өнімдер жатады. Болашақта ең басты саналатын осы өнімдерді өзіміз шығаруға барынша ынта танытуымыз керек.
Ә) Өндірістік формула «шикізат-тауар». Ол үшін ауыл және аудан көлемінде шағын кластерлер жасақталуы тиіс. Олар жергілікті жерлерде ауыл шаруашылығы шикізатынан тиімді өндіруге жұмылуы тиіс. Заңдық ұйымдастыру түрлері азаматтық кодекске сәйкес ассоциация, өндірістік кооператив, ЖШС т.б. болуы мүмкін.
Б) Шағын кластерлер (микрокластерлер) арқылы мемлекеттік тапсырыс беру, қаржыландыру және несиелендіру ауыл шаруашылығындағы шағын өндірістер мен сервистік қызметтердің бірігуіне жол ашады.
В) Жаңа аграрлық саясатты орындауды бірінші кезекте аудан әкімдеріне жүктеу қажет. Барлық реформаны солардың деңгейінде бастау керек. Әкімдер жергілікті жердегі жағдайды біледі, адам ресурстарын пайдалану жолын табады.
Г) Қазақстанның жаңа аграрлық саясаты, тағам өндірісіне деген бетбұрыс, келешекте шынайы түрде тамақ индустриясын қалыптастырады. Сондықтан халықты аш құрсақ етпеу үшін бірінші кезекте отандық азық-түлік шығару мәселесі өзекті болуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста