Форсайт зерттеулері елімізге не береді?

 Бүгінде бірнеше күн бойы елімізде Форсайттық зерттеулер өтіп жатыр. Бірінші сессиясы аяқталды.Алда әлі бір апта, яғни екі сессиясы бар. Үш маңызды тақырып бойынша келелі мәселер талқылануда. Дегенмен, бұл неғылған Форсайттық зерттеулер? Елімізге берер пайдасы бар ма? Талқылап көрейік.

Жалпы, форсайт дегеніміз не? ХХ ғасырдың басында-ақ қолданысқа ие болғанымен кейбіріміз үшін таңсық сөз екені рас. Қарапайым тілмен айтар болсақ, ұзақ мерзімді болашақты болжау технологиясы екен. Яғни, бүгінгі қалыптасқан жағдайға баға бере отырып, ертеңгі күнге болжам жасауды форсайт деп атайды. Биыл «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет қоғамдық сананы жаңғырту саласы бойынша форсайттық зерттеулер өтіп жатыр. Осы аптада сессиялық отырыстары басталды. Әлбетте, пандемия жоспардың бәрін онлайнға өзгертіп жіберді. Дегенмен, карантин жұмыс барысына кедергі емес.

Форсайттық зерттеулер үш тақырыпты қамтып отыр: «Болашақтағы қазақстандық имиджді қалыптастыру», «Инклюзивті көзқарас пен инклюзивті қоғам құру» және «Қазақстан халықаралық аренада». Мамандардың айтуынша, еліміздің болашағына дұрыс бағдар жасау үшін форсайттық зерттеулердің маңызы өте зор.

Көз алдымызда жаңа өмір қалыптасып жатыр.Әлем енді бұрынғыдай болмайды. Сондықтан, болашақтағы қазақстандықтың бейнесін қазірденбастап қалыптастырған маңызды, - деді бірінші сессия отырысының модераторы болған «BTS Digital» жетекшісі Саясат Нұрбек.

Әлбетте, форсайттық зерттеулердің қорытындысын шығаруға әлі ерте. Сессиялары аяқталған соң сарапшылар тағы алқақотан өткізіп, тиісті нәтижелерді шығаруы тиіс. Алайда,қазірдің өзінде сарапшылардың пікіріне қарап, аз-кем ұйғарымдар жасауға болады. Мәселен,«Болашақтағы қазақстандық имиджді қалыптастыру» тақырыбындағы сессияда модераторлық еткен сарапшы, «Global Futures Kazakhstan» жетекшісі Олег Мецик болашақтағы қазақстандық ретінде жастарды қарастыруды ұсынады. Сондықтан, қазірден бастап халық арасындағы трендтерді саралап, заман талабына сай қажетті мамандықтарды жіктеп, жастарды дұрыс бағытқа бұру қажет.

Форсайттық зерттеулер аяқталған соң «Рухани жаңғыру» институтының сарапшылары нақты ұсыныстар тізбегін түзіп, мемлекеттік органдар мен қызығушылық танытқан тараптарға жолданады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста