Ескі көлікті жаңасына ауыстырғыңыз келе ме?

Биылдан бастап Қазақстанда Trade-in атты бағдарлама іске қосылды. Оған сәйкес, қосымша ақы төлеп, ескі көлікті су жаңаға айырбастауға болады. Алайда ол үшін темір тұлпар тиісті талаптарға сай болуы шарт. «Алаш айнасы» интернет-газеті бірнеше танымал авто салонға хабарласып, жаңа бағдарламаның қалайша атқарылып жатқанын білген еді.
Бағдарламаны барлауды алдымен Тoyota-дан бастағанды жөн көрген едік. Себебі аталған марка қазақстандықтар арасында жоғары сұранысқа ие. Оның ресми диллері – «Astana Motors» компаниясының Астанадағы бөлімшесі ескі көліктерді қабылдамайтын болып шықты. Олар Trade-in бағдарламасын ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында қолға алуды жоспарлап отыр. Алайда компанияның Қарағанды қаласындағы филиалында ондай қызмет бар көрінеді. Қарағандыда халық тарапынан қызығушылық бар. Бірақ көпшілік жұрт ескі көліктерін жаңасына айырбастауға асықпайтын тәрізді. Бұған басты себептің бірі – көлік құралы Қазақстан немесе Қырғызстан жеріндегі Тoyota-ның диллерлік орталығында сатып алынуы шарт. Ал оның жүрген жолы 100 мың шақырымнан аспауы тиіс. «Шыны керек, бізде бұл бағдарлама дұрыс істеп жатқан жоқ. Себебі кез келген адам өз көлігін арзан бағаға бергісі келмейді ғой. Біз болсақ, оны қымбатқа ала алмаймыз. Барлығы ескі машинаның бағасына келіп тіреледі», – дейді қарағандылық диллерлер.
«Бипэк Авто» компаниясы да тек өзі шығаратын өнімді ғана қабылдайды. Оның ішінде Lada, KIA, Chevrolet пен Skoda бар. Lada маркалы машиналардың «жасы» 3 жылдан аспауы қажет. Жүрген жолы – 50 мың шақырымға дейін. Ал шетелдік маркалардың талабы жеңілдеу: 5 жыл және 90 мың шақырым. Көліктің кепілдік мерзімі де сақталауы шарт. Дегенмен, компания мамандары соңғы талап бойынша келісуге болады дейді. Бүгінде «Бипэк Автоның» Trade-in бағдарламасы Өскемен, Қарағанды мен Алматы қалаларында жұмыс істейді.
Ал «AllurGroup» компаниясы кез келген маркалы машиналарды қабылдай береді. «Бірақ көліктің шығарылған жылы 2007 жылдан төмен болмауы қажет. Сосын біз Daewoo Nexia, Lada Priora сияқты эконом-классқа жататын автомобильдерді айырбастамаймыз. Біз алдымен диагностика жасаймыз. Содан соң машинаның бағасын белгілейміз. Бірақ оның құны нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен болады. Мәселен, көліктің өз бағасы 17-18 мың доллар болса, бізге келген кезде ол автоматты түрде 14-15 мыңға дейін төмендейді. Оған қоса, техникалық тексеріс бар. Сол кезде қандай да бір олқылықтар табылса, машинаның бағасы арзандайды. Көліктің жүрген жолына нақты шектеу жоқ. Алайда ол да бағалау кезінде ескеріледі», – компания менеджері.
Астанадағы Nissan-орталығы да кез келген марканы қабылдай береді. Компанияның Trade-in бағдарламасы Астана, Алматы мен Павлодар қалаларындағы бөлімшелерде бар. Негізгі талаптарына сәйкес, пневматикалық аспасы бар және оң рульды машиналар қабылданбайды. Бірақ шығарылған жылы жағынан шектеу жоқ. Көліктің жүрген жолы да есепке алынбайды. Мамандардың сөзіне сенсек, осы уақытқа дейін компания 400-дей ескі машинаны сатып үлгерді.
Иә, ескі көліктердің бәрі автосалондар жанындағы қызмет көрсету орталықтарында жөнделіп, бояу цехтарынан өтеді. Сосын сол жерде қолданылған машина ретінде сатылады. Осылайша, қазақстандықтар ескі машиналарын жаңасына айырбастай алады. Ал оған ақшасы жетпейтіндер үшін жаңартылған темір тұлпарды мінуге мүмкіндік бар. Айтпақшы, Mercedes-Benz пен Нyundai компаниялары Trade-in бағдарламасын әлі бастамапты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста