Еліміздің авиациялық әкімшілігі «әуекомпаниялар мен әуежай қызметкерлерін және жолаушыларды ПТР тестін тапсыруға міндеттемеу керек», дейді.
Олар бұл талапты қайта қарауды сұрап отыр. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, жұмысқа кіріспес бұрын қызметкерлердің дене қызуы міндетті түрде өлшенеді. Ал, жолаушылар әуежайға кіреберісте жедел тест тапсыра алады. «Сондықтан анықтама талап ету артық», дейді.
Қазір әуежайда сақтық шаралары күшейтілген. Бетперде мен қолғапсыз жүруге болмайды. Жолаушылар әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс.
Питер Гриффитс, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры:
- Қазақстан үшін азамттық авиацияның маңызы өте зор. Сондықтан оның толық қуаттылықпен жұмыс істеуіне күш салу керек. Егер ұшақ борттары жартылай бос болса, жаз маусымында жұмыс дұрыс жүрмесе, жыл аяғына дейін бірнеше әуе компаниясы банкротқа ұшырауы мүмкін. Сондықтан жолаушылардың қауіпсіздігін ойлай отырып, компаниялардың да тұралап қалмауына жағдай жасау керек.