Ел экономикасы үнемді болуы тиіс

Кеңес дәуірінің  үнемге шақырған ұраны бүгінде одан да өзекті бола түсуде. Әсіресе әлемді шарпыған қаржы дағдарысынан кейін үнемдеуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды өндіріске енгізуге ұмтылыс байқалады.  Тәжірибе де сан қилы. Мәселен, тұрғындары заңға қалтқысыз бағынатын және өндірісшілері міндетті мемлекеттік бағдарламаларды қолдайтын Еуропа бұл жағынан озық тұр.

              Абай ОМАРОВ (коллаж)
Осы орайда 2009-2012 жылдары Еу­ропада қуат үнемдегіш шамдарды пай­далануға көшу жөніндегі шешімді еске алсақ та, жеткілікті болар еді. Түрлі бол­жамға сәйкес, соның арқасында Еуропа елдері  жылына 5-10 млрд евро үнемдеп, электр қуатын тұтынуды 3-5 пайызға азай­тып отыр. Сондай-ақ 2017 жылға дейін электр қуатын көбірек қажет ететін тұр­мыс­тық техниканың саудасын шектеу бағдар­ла­масы жүзеге асырылмақ. Бұл ереже өнер­кәсіп қозғалтқыштарын,  жылу жү­йе­сіндегі насостарды, тоңазытқыш және теле­дидар сияқты тұрмыстық техниканы қам­­тиды. Сөйтіп, Еуропа жылына 315 ТВг  қуат үнемдемекші. 
Осылайша, ел біткен қуат үнемдеуге ойысқанда, өзіміз де көштен қалмауға ты­ры­сып жатырмыз.  Елімізде қуат үнем­деуге арналған мемлекеттік бағдарлама – 1996 жылы, ал  «Қуат үнемдеу туралы» заң 1997 жылы қабылданған. Алайда, мамандардың айтуынша, оларды толық орындалды деуге келмейді. Оған ақпараттың жеткіліксіздігі, мақсатты топтардың тиісінше құлағдар бол­мауы және ынталандыру тетіктерінің жоқтығы кедергі келтірген. 
Жуырда индустрия және жаңа тех­но­ло­гиялар министрі Әсет Исекешовтің бюджет ре­сурстары мен мемлекеттік қолдау ша­ра­ларын қуат тиімділігі деңгейіне қарай бөлу жайында ұсыныс айтқаны бар. Оның пікірінше, ел өнеркәсібінің қуат үнемдеудегі экономикалық әлеуеті мықты. Айталық, ауыл шаруашылығы, металлургия және машина жасау салаларында. 
Сондықтан министрлік «Қуат үнемдеу және қуат тиімділігін арттыру туралы» заң жобасы мен «Қуат үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға байланысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын ұсынып отыр.
Бұл заң жобалары 2020  жылға дейінгі Стра­тегиялық жоспар мен елдегі қуат тиім­ді­лігін арттыру жөніндегі Президент Нұр­сұл­тан Назарбаевтың тапсырмасына сәй­кес әзірленді. Ол бойынша, 2020 жылға де­йін еліміздегі жалпы ішкі өнімнің қуат сыйымдылығы  2015 жылы – 10 пайызға, 2020 жылға қарай 20 пайыздан кем емес мөл­шерге азайтылуы тиіс. Бұл энерге­ти­калық қорларды тиімді пайдалану есебінен жүзеге асырылмақ.
Нұрлан Сауранбаев, индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі:
– Заң жобасында қуат үнемдеу жү­йесіндегі негізгі  салаларға – өнер­кәсіп, тұрғын үй-коммуналдық және бюджет салаларына басымдық беріледі.
Қуат үнемдеуді көздейтін, тұрақты ынталандыратын және жүзеге асыру шараларын қамтитын мемлекеттік реттеу механизмдері енгізіледі.  
Қуат үнемдеу – мемлекеттік ауқым­дағы міндет. Сол себепті өнеркәсіптің бар­лық саласында, тұрғын үй-ком­му­налдық жүйесінде тиісті шаралар қол­ға алынуы тиіс. Бұл үшін заң жо­ба­сында Индустрия және жаңа тех­но­логиялар министрлігінен басқа, өзге де орталық және жергілікті атқару орган­дарына өкілеттілік берілуі тиіс.
Осы заң жобасында қыздыру шам­дарын өндіруге және сатуға тыйым салу ке­зеңдері белгіленген. Қуаты 100 Вт-тан жо­ғары  түріне  – 2012 жылдың 1 шілдесінен, 75 Вт пен одан жоғары түріне – 2013 жылдың 1 қаң­тарынан, ал 25 Вт және одан жо­ға­ры­сына  2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ты­йым салынады.  
Вице-министр қуат үнемдегіш шам­дар­ды кәдеге жаратуға байланысты көп­тің кө­кейіндегі сауалға да жауап берді. Заң жобасында 2014-2019 жылдары оған бюджеттен 1050 млн теңге бөлінеді екен.
Еске түсірсек, жаз басталғанда Табиғи мо­нополияларды реттеу агенттігінің төр­ағасы Нұрлан Алдабергенов жыл соңына дейін коммуналдық қызметтердің бағасы өсе­тінін ескерткен еді. «Елімізде 24 ай­мақ­тық электржүйелік компания жұмыс істейді. 1 қаңтардан бастап олар  ин­вес­тициялық тарифпен жұмыс істейді. Сондықтан әрмен қарай баға  сөзсіз өседі. Жылу және сумен жабдықтау жүйесінде де баға көтеріледі», – деген еді.  Сондықтан өндіріс орындарына да, қарапайым тұр­ғынға да үнем жағына көбірек көңіл бөлуге тура келеді. Бірақ мамандар ол үшін ең әуелі қоғамдық санада бетбұрыс қажет дейді.  Әлбетте, қуат үнемдеуді әкімшілік жолмен реттеудің дұрыстығы дау тудыр­майды. Алайда оған қоса тұрғындарды үнем­шілдікке тәрбиелеу жағын да ұмыт­паған дұрыс. Бізде осы жағы кемшін.

АҚШ-та 1997 жылы «Миллион күн ша­тыр» атты ұлттық бағдарлама қаб­ыл­дан­ған. Ол бойынша 13 қаладағы 1 млн үйдің төбесіне күн энер­гиясы ­жү­йелерін орнату көзделген. Бұл бағдарлама 2010 жылы толық орындалды.
Германия  жел энергетикасында көш­басшы саналады. Осы елдің аумағында 20-дан астам жел генераторы жұмыс іс­тейді. Нәтиже де көңілге қонымды: Гер­ма­ниядағы жел генераторларының жиын­тық қуаты – 24 мың МВт. Салыстырсақ, Ре­­сейдегі Саян-Шушенск электр стан­сы­сындағы ол  көрсеткіш 6,4 мың МВт-ты құ­райды.

Елімізде табиғи және ілеспе газды алауда жағуға 2015 жылдан бастап тыйым салынбақ. Жылу қуаты үшін дифференциалдық төлем 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізіледі. Электр қуатының бір фазалық есептегіш құралына 2014 жылдан бастап тыйым салынады. Осы орайда жаңа құрал орнату үшін тұрмысы  төмен отбасыларға 496 млн теңге бөлінбек. Сонымен қатар жаңадан тұрғызылған нысандарға энергетикалық ресурстарды есептейтін құралдар орнатылмайынша,  2013 жылдан бастап жылу, газ және электр қуатымен жабдықтауға тыйым са­лынады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста