Экономиканы ырықтандырмайынша, мұнайға деген тәуелділіктен құтыла алмаймыз

Экономиканы ырықтандырмайынша, мұнайға деген тәуелділіктен құтыла алмаймыз

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін Үкіметтен қыруар қаржы бөлініп, түрлі жобалар арнайы бағдарламалар аясында қолға алынып жатқанымен, одан пайда болмай тұр. Басқасын айтпағанда, кеше ғана жаңа техника және технологиямен жарақтанып, барлық сән-салтанатымен жұмыс істеп жатқан еліміздегі жемісті деген бизнес түрінің өзі бүгіндері банкроттыққа ілініп отырған жайы бар. Ал бұл дегеніңіз – мұнай мен мұнайдан түсетін табысқа бүкіл дерлік экономикасы байланған Қазақстан үшін қауіпті нәрсе. Сондықтан аталған мәселе шешімі дереу талқылауды қажет етері сөзсіз. Осы негізде кеше Алматыда бас қосқан шағын және орта бизнес өкілдері мен өкілетті орган қызметкерлері өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

«Жалпы ішкі өнімнің 22 пайызын мұнайдан түскен табыс құрайды. Ал мұнай мен газ экспорты – 63 пайыз, жалпы шикізат өнімдерінің тасымалы 73 пайызды құрайды. Бұл ел экономикасының осы салаға тәуелді екенін байқатады. Яғни ол – ел экономикасы үшін қауіпті нәрсе. Сондықтан экономикамызды ырықтандыру қажет. Әсіресе, шағын және орта бизнесті», – деді Қоғамдық-мемлекеттік саясатты зерттеу орталығының атқарушы директоры Меруерт Махмұтова аталған басқосуда. Алайда бұл саланы дамытуға қанша күш салынып жатқанымен, бәрі нәтижесіз екенін меңзеген ол мынадай мәселеге баса назар аудару қажеттігін айтты:

– Әлемдік қаржы дағдарысының екпіні шағын және орта бизнесті де ойсыратып кетті. Иә, қазір қаржы дағдарысына қарсы шаралар бойынша Үкіметтен аталған салаға қаржы бөлініп, түрлі іс-қимылдар жасалып жатыр. Бірақ оның бүтін дерлігі тиімсіздік танытуда. Сондықтан осы негізде мемлекет арнайы саясат құрып, инвестиция бөлуі керек. Өйткені банктер жағдайы онсыз да нашар шағын және орта бизнеске қаржы бөлуге мүдделі емес. Қазір Үкімет банк секторында қайта қаржыландыру процесін жүргізіп жатқаны белгілі. Міне, осындай процестен шағын және орта бизнес өкілдері де үмітті.

«Бізде жұмыс істеп жатқан бизнестің басым бөлігі неге көлеңкелі?» деген сұрақпен сөзін бастаған «Райымбек Боттлерс» компаниясының төрағасы Райымбек Баталов болса өз сауалына өзі жауап беруге тырысты.

– Біріншіден, әкімшілік кедергілер сыбайлас жемқорлықты күшейтіп отыр. Өкінішке қарай, біз бұл мәселемен бизнесте ғана емес, күнделікті тіршілікте де жиі кездесеміз. Иә, Үкімет әкімшілік кедергілерді 50 пайызға дейін жоюға мүдделі, сол негізде жұмыс істеп те жатыр. Бірақ одан нәтиже жоқ. Өйткені бізде тиімді жұмыс істейтін мемлекеттік басқару жүйесі жоқ. Сондықтан мәселені осы қырынан қарап шешу керек деп есептеймін. Екіншіден, Салық кодексі бизнестің көлеңкелі болуына белгілі бір деңгейде ықпал етуде. Бұл арада салықтың көлемі туралы сөз болып жатқан жоқ. Аталған құқықтық құжатта шағынның – орташа, орташаның ірі кәсіпкерлікке айналуына жағдай жасалмаған. Керісінше, онда бизнестің дамуына деген шектеулер жеткілікті.

Сондықтан Салық кодексін болашақта қайта қарастыру керек. Үшіншіден, еліміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің басқаруында соны корпоративтік басқару формалары қолданылмайды. Ол өз кезегінде тікелей инвестиция тартуға қолайсыздық туғызады. Соның салдарынан шағын және орта бизнес қаржының 90 пайызын банктен алуға мәжбүр. Бүгіндері банк аталған саланы қаржыландыруға құлықты емес. Олар біздің жағдайымызды басқалардан жақсы біледі. Қымбат құрал-жабдықтарды шетелдік валютамен алған кәсіпкерлер бүгіндері теңге девальвациясы салдарынан қарызын екі еселеп алып отыр. Сондықтан бүгіндері жемісті деген кәсіпорындар қарызға белшесінен батып, қиын-қыстау кезеңді бастан кешіруде.

Осы мәселелерді есепке алуда мемлекет аталған салаға көмек қолын созу керек деп есептеймін. Онда да бізде қарыздарды қайта қаржыландыруды қарастырса деген тілек бар. Ал шағын және орта бизнестің қарыздарын қайта қаржыландыруға банктер онша құлық таныта қоймасы белгілі. Сондықтан біз бұл арада бизнесмен де, Үкімет те, банк те ұтылмайтын вексель жүйесін енгізуді ұсынбақпыз. Осы ретте, Салық кодексінен жеке және заңды тұлағаларға жүктелген корпоративтік салықты алып тастауды да сұраймыз. Соған сәйкесінше Қаржылық қадағалау агенттігі де өзінің нормалары мен талаптарын өзгертуі қажет. Міне, осындай жағдай жасалғанда ғана мемлекет шағын және орта бизнесті қиын-қыстау кезеңнен алып шыға алады.

Сондай-ақ Кедендік одақты құру саяси жағынан тиімді екенін білеміз. Алайда оның шағын және орта бизнеске тигізетін кері әсерін Үкімет ескерсе дейміз, – дейді ол аталған сала мәселесі шешіміне қатысты ұсынысында.

Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің мәселесімен жіті танысқан EBDR-дің аға банкирі Томаш БРАВЕНЕЦ мынадай ақыл-кеңесін алға тартты:

– Қандай да бір бизнесті қолға алғанда, оны қаржыландырудың көзі әрқилы болуы керек. 100 пайыз банктің қызметіне жүгінген дұрыс емес. Бұл арада банкир ретінде ондай бизнестің табыстылығы күмәнді екенін атап айтар едім. Былайша айтқанда, ол кәсіпорын табысының басым бөлігі жылдық 16-24 пайыз өсімдегі қарызын жабуға кетеді. Сол секілді мемлекеттің көмегіне де жүгіну, оған толықтай сену – қате пайым. Мұндай жағдайларда қандай да бір даму туралы сөздің артықтау екені айқын. Сондықтан тұрақты дамуды көздейтін кәсіпкерлер түрлі қаржы көзін қарастырып, капитал нарығына үнемі қатысып отыруы керек. Мәселен, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда жеңілдік ақшалар, тікелей инвестиция тарту немесе биржаға қосымша активтерді орналастырып, одан пайда табу деген секілді. Осының ішінде тікелей инвестицияны тартуда Қазақстан мынадай екі мәселенің басын ашып алғаны дұрыс болар еді: бизнес құрылымындағы мемлекеттің рөлі мен үлесі қаншалықты болуы керек, соған сәйкес шетелдік инвестицияның Қазақстан бизнесіндегі үлесі қанша болуы шарт деген секілді.

Аталған басқосуда мәселе талқысы бойынша басты ұсыныстар осы негізде өрілді. Бұдан тыс жұмыссыздық, көлеңкелі экономика, салық және кеден тақырыбы ортақ талқы өзегіне айналды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста