Достық пен Алатау асуының жалғасқанына 20 жыл толды

Биылғы жылы Ақтоғай – Достық пен Асу – Алатау өткелі (Алашаңқай) теміржол телімдерінің шектескеніне 20 жыл толып отыр. Айтулы датаға орай жақында «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының бастамасымен Алматы облысына қарасты Алакөл ауданының Достық елді мекенінде үлкен той болып өтті. Салтанатты жиынға өзімізбен қатар қытайлық қонақтар, сондай-ақ Ресей, Украина, Белорусия сынды елдерден теміржолшы ардагерлер арнайы келіп қатысты.

Теміржолшылар өмірі жақсарып келеді
Ақтоғай – Достық пен Асу – Алатау өткелі (Алашанқай) теміржол телімдерінің шектескенінің 20 жылдық тарихы бар. Ардагерлердің айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын Достық стансысында бар-жоғы елуден аса қызметкер еңбек еткен екен. Осы қызметкерлер тек стансының өркендеуіне ғана емес, жаңа елді мекеннің көркейіп, гүлденуіне де еңбек етті. Қазіргі таңда Достық елді мекенінде жеті мыңнан астам тұрғын бар. Олардың шамамен 90 пайызы осы стансыда қызмет атқарады. Ал қалған пайызы шекара аймағының дамуына өз үлестерін қосуда. Аз уақыт бұрын елді мекенде үш қабатты сегіз жайлы үйден тұратын ықшамаудан құрылысы аяқталып, 216 тұрғынға «Қазақстан теміржолы» АҚ ҰК-ның президенті Асқар Мамин пәтерлердің кілтін табыс етті. Стансы тұрғындары табиғаттың қаталдығына, еңбек жағдайының ауырлығына қарамастан теміржол саласының дамуына тынбай өз үлестерін қосуда. Сондықтан 20 жылдық той, ең әуелі, осы қарапайым халықтың тойы деп нық сеніммен айта аламыз. 

«Достық» стансысы мен Алатау өткелінің болашағы зор
Негізінен, КСРО мен Қытай арасында теміржол өткелін салу жоспары 1970 жылдары қолға алына бастаған. Кейінірек құрылыс жұмысы тоқтап, 1990 жылы ғана жолды жаңғырту жұмыстары қайта басталды. Бүгінде Достық – Алатау өткелі жүк қабылдаушылар мен жүк жөнелтушілердің ең тиімді әрі ең өнімді жолы болып табылады. Достық стансысының географиялық орналасуы да Қазақстан арқылы жүк тасымалының еселене түсуіне мүмкіндік беріп отыр. Яғни Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыра түсуде. Мамандардың айтуынша, Қорғас – Жетіген теміржол желісі құрылысын салу да Достық стансысының маңызын арттырады. Егер теміржол пайдалануға берілсе, мұндағы тасымал көлемі 2020 жылы 20 миллион тоннаға жетеді деп жоспарлануда. Қазіргі күні бұл стансы Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдың 20 пайыздан астамын атқаруда. Өткен жылы экономикалық дағдарысқа қарамастан, стансы арқылы Еуропа және Азия елдеріне 15,5 миллион тонна жүк тасымалданды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Достық стансысы мен Ақтоғай – Достық теміржол телімін 2008-2011 жылдары дамыту туралы «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ президентінің бұйрығымен стансының өңдеу жұмысын өсіру шараларының жоспары бекітілген. Оның ішінде электрмен қамту орталығын жаңғырту, екі бірдей жолтабандарында қосымша қабылдау-жөнелту паркі құрылысын жүргізу, жүк ауыстыру қосымша орнын жасау, Қытайдан келетін жұмысшыларға арнап әкімшілік және тұрмыстық корпус тұрғызу және басқа да шаралар бар. Мамандардың айтуынша, бұл шаралардың барлығы бүгінде түгелдей орындалды.
Үздіктер марапатталды
Жалпы, Ақтоғай – Достық пен Асу – Алатау өткелі (Алашаңқай) теміржол телімдері шектескенінің 20 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай ұлан-асыр той аймақта бұрын-соңды болған емес. Мерекеге орай келген қонақтар мен жергілікті тұрғындар жаңадан ашылған «Теміржолшылар саябағына» жиналды. Жиын барысында «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның вице-президенті Асхат Акчурин, Қытай теміржолы министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директорының орынбасары Сун Лиши және бірқатар азаматтар сөз сөйлеп, барша жұртты қуаныштарымен құттықтады. Сондай-ақ 32 теміржолшы Алғыс хатпен, 35-і – Құрмет грамотасымен, 30-ы «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталды және 245 азаматқа «Достық – Алашаңқай теміржол телімдерінің түйіскеніне 20 жыл» кеуде белгісі табыс етілді.
Бауыржан ОРЫНБАСАРОВ, «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-тың Алматыдағы жол бөлімшесінің бастығы:
– Достық – Алашаңқай жол телімінің дамуына теміржолшылар үлкен үлестерін қосып келеді. Табиғаттың қаталдығына, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, олар талмай еңбектенуде. Сондықтан бүгінгі той тек теміржолшылардың тойы деп толық айта аламыз. Соңғы жылдары екі елдің теміржол саласы жылдам қарқынмен дамып келеді. Оны бүгінгі күні Достық стансысы тұрғындарының әлеуметтік жағдайынан да көруге болады.

Рымбек ТҰРҒАНБАЙҰЛЫ, еңбек сіңірген теміржолшы:
 – Моңғол шапқыншылығына дейін Қазақстан мен Қытайдың арасын Ұлы Жібек жолы жалғап тұрған. Бүгінде Жоңғар қақпасының жанынан үлкен стансы бой көтеріп, гүлденіп отыр. Бұл стансы екі елдің арасын одан әрі жақындастыруға септігін тигізуі керек. Бұл стансыда атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы біздің көз алдымызда. Сондықтан стансының жұмысына өте жақсы деген баға беруге болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста