«Дивандағы дүкеннің» кереметі мен қияметі

«Дивандағы дүкеннің» кереметі мен қияметі

Көгілдір экрандағы көріністерге қарасаң, бәрі керемет. Екі адам жұптасып, қолдарындағы затты мақтайды келіп. Ауыздары да жабылмайды, қолға да тыным жоқ. Құдды сиқыршы дерсің. «Найсер дайсер» деп алып, қораш қана құралмен бас салып қиярды да, қызанақты да әп-сәтте турап тастайды. Әлгілердің жойқын қимылына елтіп, жер бетінде көкөніс қалмайтын болды-ау деп қыпылықтайсың әрі... қызығасың.

Экрандағы екеу де сол сәтті күтіп тұрғандай мақтауын үдете түседі. Тіпті «қазір телефон шалмасаң, таусылып барады» деп аттандайды. Лезде тапсырыс бергендерге қосатын анау-мынауы тағы бар. Тек сіз үшін деп бағасын да түсіре қояды қулар. Бітті, аңқау тұтынушының қақпанға келіп түсетіні – осы кез.

Бірнеше жылдан бері жер-көкке сыйғызбай мақтайтын Мэджик Буллет жарнамасының өзі кішігірім шоуға бергісіз. Майдаламайтын нәрсесі жоқ. Көп орын алмайтын төсеніш көптің түсіне кіретін дәрежеге жетті. Үрлеп жіберсең, бітті: жайылып төсек бола қалады. Бәрінен де еден жуатын шаңсорғышты айтсаңшы. Ол деген әйел біткеннің арманы ғой. Енді ше, еденді төрт тағандап жуған қандай, шаңсорғышты алдыға қойып, бөлме аралап «серуендеген» қандай. Сол сияқты киім үтіктегішті көргенде, нәзік жандылардың бас ауруы сап тыйылады. Жейде мен шалбарды іліп қойып, бір-екі рет «сипап» өтсе болғаны, қыртыс біткен «қашып кетеді». Артық қимылсыз қыпша белге айналдыратын белдікті ойлап тапқан адамнан қалайша айналмайсың?!

Иә, тұрмысты жеңілдетуге де, бойыңды түзеуге де арналған мұндай тауар өте көп. Жарнамасы да үздіксіз. Диванда жатып қара да, ұнатқан затыңа телефон арқылы тапсырыс бер («дивандағы дүкен» деген осыдан шыққан). Сауданың бұл түрі уақытыңды үнемдейтіні рас. Алайда жарнамаға көзсіз сенуге болмайтынын да естен шығармаған жөн. ТВ-дүкеннен тауар сатып алғандардың сөзіне құлақ түрсек, көбі сандарын соғып жатады. Мәселен, көкөніс турайтын құралдың пышағы өтпейді. Үрлесе, жайыла салатын төсеніштің сықырлайтын, ішіндегі ауаның тез шығып кететін «қасиеті» бар.

Бұлшық етті шынықтыратын «көбелектің» (Beaty-fly миостимуляторы) ары кеткенде бір апта ғана жұмыс істейтіні әрі түк пайдасы жоқ екені әшкереленіп қалды. Қолдың күшін кетірмей кір жуатын Ретона төңірегінде талас тіпті көп. Мақтайтындарға қарағанда, даттайтындар асып түседі.

Әйтсе де теледүкен тауарларының сапасына қатысты сын пікір көбейсе де, сауданың бұл түрі құлашын кең жайып келеді. Жарнамасы да үдеп барады.

Ал осы тауарлардың кәдімгі дүкенде емес, теледидар арқылы сатылатын себебі не? Мұны мамандар «тауардың өндірушіден тұтынушыға делдалсыз, тікелей жететіндігімен» түсіндіреді.

Артық СЕЙІТҚАЛИЕВА, «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің президенті:
– Біз осыдан екі жыл бұрын ТВ-дүкенде сатылатын тауарларға қатысты жеті істі сотқа беріп, жеңіп шыққан болатынбыз. Содан қорытынды жасады ма, әйтеуір, екі жылдан бері тыныш. Жалпы, теледидар арқылы өндірушілер жарнама жасайды да, тауар сатумен түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер айналысады ғой. Өндіруші сапалы тауар өндіруге мүдделі. Алайда тәп-тәуір дүниелердің көшірмесін шығаратындар да жетіп артылады. Содан контрафакт тауар өте көп. Фирмалық заттарды қытайлар айнытпай көшіруді үйреніп алған. Мәселен, Мэджик Буллеттің көшірмесін бір тұтынушы 15000 теңгеге сатып алыпты. Онысы сынып, ақшасы желге ұшты. Ал шындығында фирмалық Мэджик Буллеттің сапасы өте жоғары. Сондықтан тауар сатып алмас бұрын оның сертификатын қарап, әбден тексеріп алған дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста