Дастарқаннан қорғасын мен қалайы, күшала мен кадмий үзілмейді

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

«Ас – адамның арқауы» деген атам қазақ. Бүгінде Қазақ тағамтану академия­сы адам денсаулығының мықтылығын ішкен тамағымен байланыстырады. Тіпті тұрғындардың жас ерекшелігіне, кәсібіне қарай жұмсайтын қуат шығынын да есептеп қойды. Алайда ғалымдардың ұзақ жылғы еңбегін жоққа шығаратын бір түйткіл бар. Ол – дүкен мен базарда сатылатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі.

«Байытылған» тағамдар
Обалы не керек, ел ішінде сатылатын тағам атаулы жиі-жиі тексеріліп тұрады. Негізінен, мұндай жұмыспен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қарасты Техникалық реттеу және метрология комитеті айналысады. Былтырғы жылы осы комитет сапасы нашар және сәйкестік сертификаттан жұрдай өнімдердің 5159 партиясын (811 млн теңге) сатуға тыйым салды. Сон­дай-ақ азық-түлік саудалайтын кәсіп­ор­ын­дарда 1252 тексеру жүргізіп, соның нәти­жесінде 810 келеңсіз жайтты әшке­реледі.
Сөйтіп, Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметінше, «Одесса консерві зауытынан «Господарочка» маркасымен (Украина) шыққан консервіленген көкөністер, «Алтайская сказка» жүгері жармасы (Ресей, «Мельничный комплекс «Роса»), «Semki» күнбағыс шекілдеуігі (Украина) қорғасынға «бай» болып шықты.
Сонымен бірге ет-өсімдік консервілерінде (Қорған ет комбинаты, Ресей) қорғасын, «Лекрасэт» сауда маркасымен шығатын «Целебный дар» шай сусынында («ЛекраСЭТ» Ресей, Алтай өңірі) мырыш, «Потеха» (ПП Раздолье» шекілдеуігінде мөлшерден тыс кадмий табылған.
Комитеттегі мониторинг және талдау бөлі­мінің бастығы Айгүл Қасымованың айтуын­ша, анықталған фактілер бойынша сани­тарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына жіберілген. «Еліміздің бүкіл аймақтарында зиянды өнімдер жойылды» деп сендірді ол.
Шыны керек, қауіпті азықпен біздің адам­дарды таңғалдыру қиын. Дастар­қан­нан аспен бірге күшала, қорғасын, патогенді сальмонелла, қорғасынның «үзілмей­тіні» үйрен­шікті құбылысқа айналған. Консервіленген арпа ботқасынан қалайы, шай сусынынан күшала мен өңез (плесень), қуы­рылған ше­кіл­деуіктен – қорғасын мен кадмий, қар­быздан – сальмонелла мен кад­мий, күріштен күшала оқтын-оқтын табылып тұрады.
Қылмыс пен жаза
Жарайды, зиянды қоспасы бар тағам әш­кереленді делік. Әрмен қарай не болады? Комитет санитарлық-эпидемиоло­гия­лық мекемелерді құлағдар етіп, олар өз кезегінде сауда нүктесінің жұмысын тоқтату туралы сотқа құлаққағыс жөнелтеді (бір жақ­сысы, көзге әшкереленген тауарға на­рық­қа қайта енуіне жол берілмейді, яғни «қара тізімге» ілінеді. Келесі жолы ол өнім шекарадан өте алмайды).
Әлбетте, жабдықтаушы айыппұлын тө­леп құтылады. Әйтсе де, мұнымен іс бітпейтіні келесі қылмыс (артық айтқандық емес) ашылғанда айқын болмақ. Өйткені, ма­ман­дардың айтуынша, қауіпті азық-түлік сау­дасының жолын кесудің әлгіндей механизмі мәселені шешпейді. Бұл бұрын­нан келе жатқан «дерт». Денсаулық­тың жыл­дан-жылға сыр беруі осыдан туындап от­ыр­ған жоқ па? Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурудың 70 пайызы және өлім-жітімнің 60 пайызы тамақпен байланысты. Ал елімізде ас қорыту жолдары, эндокриндік жүйе және қатерлі ісік ауруларының жыл санап көбейіп келе жатқаны жасырын емес.
Айта кетейік, бұрынғы техникалық рет­теу заңының аясында 2007 жылы азық-­түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы жаңа заң қабылданған болатын. Сол кезде құ­жаттан «сапа» деген сөз алып тасталып, «қа­уіпсіз­дік» деген сөз қалдырылған. Мақ­саты – сапаға өндіруші жауап беруі қа­жет. Демек, түйткіл заңнан шығады. Өйт­кені «сапа» мен «қауіпсіздік» – екі түр­лі ұғым. Оның үсті­не біздің отандық талап­тар Дүниежүзілік ден­саулық сақ­тау ұйы­мының, әлемдік тағамтану институт­та­рының стандарттарынан кенже қалған. Біздің заңда алақол өндірушінің өні­мін жедел тексеріп, қалта­сына тиетіндей айып­пұл салып, тіпті лицен­зиясын алу сияқ­ты қатаң жазалар қарасты­рыл­маған. Әрі ай­мақтарда тағамдағы зиянды қоспа­ларды, ағзаға тигізер зиянын анықтайтын жоғары техникалық, заманауи зертханалар да жоқ.
Бәрібір кепілдік жоқ
Бір қызығы, кеден қызметі ел аумағына әкелінген өнімдердің сапасы мен қауіп­сіздігіне жауапты емес. Өтініш-декларация деген құжаты болса, кез келген кәсіпкер тауар әкеле алады. Бұл ереже 2008 жылдан бері қолданыста және импорт тауардың барлық нормаларға сәйкес екенін растау үшін енгізілген. Кез келген жабдықтаушы шекарада қағазын көрсетсе болды, тауары тексеруден өтпейді де. Кеден қызметкер­лерінің айтуынша, ереже бойынша, мұн­дай декларация бір айға беріледі. Ал осы мерзім ішінде тауар бұзылуы не тасымалдау кезінде зақымдануы мүмкін.
Бұрын импорт тауарларды санитарлық қызмет мекемесі жүзеге асыратын. Соған сәйкес, әр кеден бекетінде зертхана жұмыс істейтін. Тазалық дәрігерлер өнімді тексеріп, қорытындыны қолға ұстататын. Қа­зір ондай зертхана жоқ. Бақылау-сани­тар­лық пункттер барынша қарапайым­дан­ды­рылды. Енді санитарлық қызметкерлер базар мен дүкенді аралап тексеруге көшті. Бұл – Кеден кеңістігін кеңейту шеңберінде ен­гізілген бизнесті қолдауға арналған жаңа нормалар. Тек іш­імдіктер, минералды су, парфюмериялық тауарлар егжей-тег­жейлі тексеріледі.
Жуырда Кеден одағының комиссиясы айрықша белгі эскизін бекітті. Ол барлық өнімдерге, оның ішінде Қазақстан, Ресей, Беларусь өнімдеріне қойылады. ЕАС деген белгі «Еуразиялық сәйкестік» дегенді білдіреді. Ол әрбір тауар бірлігіне, қорабына және оның құжатына соғылады. Осы белгіні әзірлеушілер маркіленген өнім Кеден ода­ғының техникалық регламенті талаптарына сәйкестігін білдіреді дегенді айтады. Бірақ бұл өнім сапасының, шын мәнінде, сапалы және қауіпсіз екеніне кепілдік бере ала ма?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста