Дағдарыс кезінде шыңдала түсеміз

Ішкі нарықты өз өнім­дерімізбен қамтамасыз ету – шағын және орта бизнестің басты мақсаты. Осы ретте, құрылыс өнімдерін өндіруде кенжелеп қалған саланың бірі – шыны өндірісі. Соңғы кезге дейін құрылыс әйнектерін Ресейден, жоғары сапалыларын Еуропадан импорттап келдік. Тек соңғы жылдары ғана аздаған бетбұрыстар байқалғандай. Осы саладағы өзгерістер мен  тенденциялар туралы еліміздегі құрылыс шыныларын өндірудегі бірегей кәсіпорындардың бірі – «КазСтройСтекло» ЖШС бас директоры Тоқмади Мұратхан Шакерханұлын сөзге тарттық.

– Сіздің кәсіпорын еліміздің шыны өндірісінің дамуына қаншалықты үлес қосып отыр?
– Осы уақытқа дейін құрылысқа пайда­ланылатын шыны әйнектердің 89%-ы шетелдерден импортталып келді. Еліміздегі құрылыс саласының қарқынды дамуына байланысты шыны өндіру де қарқын ала бастады. Біз сырттан келетін өнімдермен бәсекеге түсе алатын, сапасы да, бағасы да көңілден шығатын шыны шығаруды қолға алдық. Еуропаның ең озық техно­логияларын пайдаланып отырмыз. Осы ретте, баса айтарымыз – шынылары­мыз­дың сапасы. Олардың басқа әйнектер­ден ерекшелігі – қуат түрлерін үнемдеуге мүм­кін­дік береді. Экологиямызға да оң ықпал етіп, өнімнің қауіпсіздігін қамта­масыз ете­ді.
– Бүгінгі таңда электр энергиясының тапшылығы сезіліп отыр. Қуат көздерін үнемдеу мәселесін шыны арқылы шеше аламыз ба?
– Елімізде электр энергиясының тап­шы­лы­ғы жылдан-жылға артып келеді. Біз электр энергиясын үнемді пайдаланып отыр­ған жоқпыз. Өндірілген энергияның 30%-ы ысырап болуда. Қуат көздерін үнем­дейтін технологиялардың болмауы – осы жайдың бір себебі. Осыған байланысты елімізде қуат үнемдеуге сеп болатын, қа­уіпсіз материалдар шығаратын кәсіп­орын­дардың басын біріктіретін KazClassEnergy ассоциациясын құрдық. Күн, жел, су сияқ­ты табиғи қуат көздерін пайдалану да бас­ты назарда. Мысалы, тұрғын үйдің сыртқы алаңының 30-40 пайызы әйнектен тұрады. Осы әйнектер арқылы қыста жылудың көп мөлшерінен айырыламыз. Егер жылуды қалыпты ұстап тұратын шыны пакеттерін пайдалансақ, жылу жоғалтуды 50%-дан 12%-ға дейін төмендетер едік. Еуропа елдері 1970 жылдардан бастап осындай әйнектерді пайдалануға көшті. Ғимараттар тұтынатын электр энергиясының 70%-ы жазда салқындататын, қыста жылытатын қондырғыларды пайдалану еншісінде. Сондықтан да біз нарыққа жылуды сыртқа шы­ғармайтын және күн жылуын өткіз­бейтін әйнектердің түрлерін ұсынып отыр­мыз. Мұндай шынылар  электр энергиясын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.
– Ал экологиямызға қаншалықты тиімді?
– Дәстүрлі қуат көзі ретінде газ, мұнай, көмірді жаппай пайдаланып келеміз. Ал тұрғын үй коммуналды шаруашылығына ауа­ға таралатын улы заттардың 40 пайызы тиесілі. Ғимараттардың бір шаршы метрін жылыту кезінде жылына ауаға 84 келі улы газ бөлініп шығады. Егер жылуды үнем­дейтін шыныларды пайдаланатын болсақ, улы газ мөлшерін 13%-ға дейін төмен­дету­ге болады.
Энергияны үнемдеу қай жағынан болсын тиімді. Мысалы, Балтық жаға­лауы елдері арнайы бағдарлама қабылдап, бес жыл ішінде ғимараттардағы барлық әй­нек­терді жылу сақтайтын және күн қызуын өткізбейтін шыныларға айырбастап шықты. Дамыған елдердің барлығы дерлік жай шыныларды мүлде пайдаланбайды. Өйткені қазір қуатты үнемдеу басты орынға шықты. Осы мақсатта біз жобалау­шы­лармен, құрылысшылармен үнемі кездесу­лер өткізіп, осы мәселеде олардың санасын өзгертуге, дұрыс көзқарас қалыптастыруға күш салып жатырмыз.
– Шынылардың қауіпсіздігі тұрғы­сынан не айтасыз?
– Адам өмірі мен денсаулығы – ең қымбат байлық. Қазіргі біз пайдаланып отырған әйнектер апатты жағдайда немесе байқаусызда сынса, оның қырлы, үшкір сынықтары адам өміріне қауіп тудырады. Мысалы, Алматы – сейсмикалық қауіпті ай­мақ. Астана, Қарағанды  қар көп түсе­тін, суық, жел-дауылы қатты аймақтар­ға жа­тады. Әр аймақтың осындай ерекшелік­теріне орай, әйнектер де арнайы талап­тарға сәйкес болуы керек. Біздің шығарып жат­қан шыныларымыздың сапасы жай шыны­лар­дан алты-жеті есе жоғары. Сына қалған жағдайда қауіпсіз ұсақ бөлшектерге бөлі­ніп кетеді. Әйнек бірінші кезекте апатты жағдайларда адамдар өміріне қауіп төн­дірмеуі қажет.
– Отандық өнім өндірушілердің дамуына ықпал жасайтын үкімет тара­пынан жасалынып жатқан қандай әре­кет­терді айта аласыз?
– Біріншіден, осындай қысылтаяң шақ­та демеу болған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы. Ол арқылы барлық мемле­кеттік құрылымдар мен ұлттық компания­лар отандақ өнімдерді сатып алуға міндет­тенді. Сонымен қатар Алматы қаласының әкімдігімен бірлескен кеңес құрылып, ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Үкі­мет­тің шешімімен сырттан келетін шыны өнімдеріне кедендік салық 30%-ға көте­ріл­­ді. Біз үшін бұл – үлкен демеу.
– Қазіргі жағдайда құрылысқа қажетті шыны өнімдерімен ішкі нарықты толық қамтамасыз ете аламыз ба?
– Біздің кәсіпорын жоғары технология­лы өнім өндіріп отырғандықтан, сұраныс өте жоғары. Қазір еліміздің құрылыс ком­па­нияларымен қатар шетелдерден де тапсырыс қабылдаудамыз.Терезеге арнал­ған шынылармен қоса, ғимараттардың сыртын қаптауға, ішін шыны қабырғалар­мен бөлуге арналған, жиһаз өндірісіне қажетті шыныларды шығарудамыз. Еліміз­дің нарығын толық игеруге мүмкіндігіміз жетеді.
– Дағдарыс сіздерге қалай әсер етіп жатыр?
– Иә, құрылыс саласының тоқырауға ұшырауы бізге көп зиянын тигізді. Бірқатар жоспарларымызға өзгерістер енді, кейбір инвестициялық жобаларымызды қайта қарап жатырмыз. Бірақ дағдарыс болды екен деп, еліміздегі құрылыс тоқтап қалған жоқ. Жаңадан салынып жатқандары бар, бітіп жатқандары бар, жөндеуден өтіп жатқандары бар – бәріне де әйнек керек.
Ал дағдарыстың әсері оны қалай қабылдауға байланысты. Мысалы, біздің өндірістік пештерімізде шыны 600-700 градустық ыстықта шыңдалады. Сол сияқ­ты біз де дағдарыс кезінде шыңдала түсе­міз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста