Бурабай – туристік кластердің кепілі

Жыл өткен сайын алыс-жақын шетелдерден қазақ топырағына табан тірейтін туристердің қатары көбейіп келеді. Бұл әуелі елімізге экономикалық тұрғыдан қыруар пайда әкеліп жатқаны сөзсіз. Екіншіден, қазақ жұртының бүгінгі даму әлеуетін, Қазақстанның әсем табиғатын дүниежүзіне паш ететін тамаша мүмкіндік. Айтпағымыз – кезінде Абылай хандық құрған қасиетті мекен – Бурабайдың бүгінгі ахуалы. Экономикалық мүмкіндігі мен туризм саласындағы жетістігі.
Қазақ елінің жүрегі – Астана қаласын айнала қоршап, азық-түлік белдеуімен қамтамасыз етіп отырған Ақмола облы­сының ел экономикасына қосар үлесі жыл өткен сайын арта бермек. Астыққа бай аграрлы өлке тағы бір ерекшелігімен көзге түсіп отыр. Емдік қасиеті бар Көкше жері бүгінде, жалпы, туристердің сүйікті демалыс орнына айналып барады. Туристік клас­тердің ең сәтті аймағы саналатын Бурабай баурайында Елбасы жарлығымен арнайы экономикалық аймақ құрылған болатын. Шортанды көлінің жағалауында әлемдік деңгейдегі бірегей туристік ойын-сауық кешені құрылуда. Ауқымды жоба жеті кезеңге бөлініп, 2021 жылға дейін іске асырылады. Заманауи үлгідегі қонақүйлер, тұрғын үй кешендері мен ойын-сауық, сау­да орталықтары, сондай-ақ мейрамханалар, спорт базалары мен гольф клубтары салынады.
Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарлама аясында «Бурабай-Сити» орталығы бой көтеріп келеді. Он гектар аумақты алып жатқан жерде еуропалық стандарт бо­йынша бесжұлдызды қонақүй салынуда. Қазақстанда теңдесі жоқ туристік орта­лықтың құрылысы екі жылда аяқталады деп жоспарланған. Бұл – осы өңірге отандық және шетелдік туристерді көптеп тарту үшін қолға алынып отырған шара.
Әрине, қазір өлкедегі түрлі қо­нақүйлер мен сауықтыру орталық­тарынан басқа, демалушыларға жергілікті тұрғындар да қызмет көрсетуде. Оның бағасы әлдеқайда арзан. Соған сәйкес демалушының қауіп­сіздігі мен ойдағыдай тынығуына ешқан­дай кепілдік жоқ. Ресми деректерге сү­йенсек, Бурабайға күніне 5 мың саяхатшы ат басын тірейді екен. Ал курортты аймақ­тың тәулігіне он мыңнан астам туристі қа­былдауға қауқары бар көрінеді. Тіпті демалу нысандары үш деңгейге жіктеледі. Бірінші – элиталы демалыс нысандары. Шоқтығы биік «Оқжетпес» шипажайы сынды демалыс орындарының қызмет құны тәулігіне 20 мыңнан 80 мыңға дейін жетеді. Оның ішіне төрт мезгіл тамағы, жатын орны және емдеу қызметі кіреді. Бұл – қаражаты бар ауқатты адамдар үшін. Екін­ші – қа­рапайым адамдарға арналған нысан­дар. Мұнда тәулігіне төрт жарым мың­нан алты жарым мың теңгеге дейін төлейсіз. Ал үшінші – балалар демалатын орындар.
Қазіргі уақытта курортты белдеу аумағында 83-ке жуық санаторий, 25-тей демалыс үйі, туристік базалар, 16 балаларды сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Мұнда жылына 40 мыңға жуық адам демалады. Сондықтан Бурабайға келуші қонақтарға көрсетілетін қызмет түрі де жыл санап түрленіп келеді. Әсіресе экотуризмді дамытуға күш салынуда. Биылғы есеп бойынша қазір Бурабайда бір мыңға жуық бұғы, осыншама елік, 300-ге жуық қабан тіршілік етеді. Ал сілеусін, арқар – сирек кездесетін аңдар қатарында. Осы жан-жануарлар әлемін қорғап, ауқымын кеңейту мақсатында Бурабай қыстағында табиғат мұражайы құрылған. Мұнда аю, түз тағысы – қасқыр, тау еркесі – арқарды, құстың бірнеше түрін, атап айтқанда тырна, түйеқұс, тотықұсты, қырдың қызыл түлкісін, қодас, тіпті Ойсылқараны тама­шалауға болады. Яғни осы өлкеде мекендейтін аңдарды көру үшін тау мен тасты аралап, орман ішін шарлап шаршамайсыз.
«Бурабай» ұлттық саябағының инженері Данияр Мусиннің айтуынша, аңдар мен құстар және балық түрлерін көбейту және қорғау жолдары жүзеге асырылады. «Негізінде, айтуға болатыны – жабайы аңдардың есебін жүргізу, көлдерді балық­пен толықтыру, жабайы аңдарды браконьерлерден қорғайтын шараларды жүргізу. Жемшөп әкеліп, қоректенді­ре­міз», – дейді ол. Қысқасы, бұл өлкеде эко­туризм тамырын тереңге жайып келеді. Далалы-шалғынды, орманды өлке­де өсімдіктер­дің 170-тен астам түрі өседі. Негізгі орман түзуші ағаштар – қайың мен қара­ғайлар.
Шынтуайтында, Бурабайдағы туристерге қызмет көрсету сапасы бұрнағы жылдармен салыстырғанда әжептәуір жақ­сарып қалды. Туристік кластерді дамытуға 2005 жылы облыстық бюджеттен 10 мил­лион теңге бөлінген. Сөйтіп, осы саладан салық ретінде мемлекетке түскен пайда 115 миллион теңгені құрады. Осыдан кейін жергілікті билік туризмге бөлінетін қаржыны екі есеге ұлғайтты. Ал қазір осы саладан салық есебі ретінде мемлекет қоржынына түсетін қаржы көлемі – 500 миллион теңге шамасында. Яғни туристік кластердің өркендеуі ел экономикасының іргесін қымтап, көсе­гесін көгертуге сүбелі үлес қосады. Бұл өз кезегінде кейбір әлеу­меттік мәсе­лелердің оңтайлы шеші­луіне септігін тигізері сөзсіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста