Болжам технологиясы болашақтың бейнесін әзірлейді

Болжам технологиясы болашақтың бейнесін әзірлейді

Форсайт – ұзақ мерзімге арналған болжам технологиясы, елдің 10-20 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық өсімін және экономиканың, өнеркәсіптің, қоғамның даму мүмкіндіктерін болжау дегенді білдіреді. Ғылыми-технологиялық болжауда әдетте циклдік кесте қолданылады: басымдықтарды таңдау, инновациялар мен технологиялық шешімдер, технологиялық жол карталарын құру, қорытындыларды енгізу мен бағалау.
30 жыл бұрын пайда болған форсайт бүгінде инновациялық экономиканың ма­ңыз­ды құралдарының біріне айналды. Ал­ғаш­қыда оны технология саласында бо­ла­шақтың бейнесін жасауға қолданды. Кейін фор­сайт технологиясы бизнесте пай­да­ланыла бастады. Жол карталары мен фор­сайт-жобалардың нәтижесі бизнестегі ба­ғытты айқындаушы негізге айналды.
Бүгінде форсайт адам қызметінің бар­лық дерлік салаларына еніп үлгерді. Ол медицина, химия, энергетикаға бойлады, зерттеу құрығына тіпті азық-түлік те іліккенге ұқсайды. Мәселен, UNIDO (United Nations Industrial Development Organization) басшылығымен 2009 жылы әзірленген «Қауіпсіз әрі сау тағам» форсайты бизнестің ұзақ мерзімге арналған басты жол сілтеушісіне айналды. Бұл форсайт азық-түлік өнімдерін өндіруде қауіпсіздіктің ең жоғарғы деңгейін қарастырады. Әсіресе нанотағам өндірісінде таптырмайтын тәсіл. Ондай тағамның өзіндік құны төмен болғандықтан, дамушы елдер нарығын толтыруға арналады.
Компьютерлік құрал-жабдық та нанотехнологияның арқасында анағұрлым жақсарады. Егер 90-жылдары «әр үйге – бір суперкомпьютерден» деген ұран шықса, мамандар 2015 жылы «әр адамға – бір суперкомпьютерден» деген ұран орын­далады деген сенімде. Олардың сө­зіне сенсек, 2015 жылы жеке ком­пью­тер­лер мүлде жойылуы мүмкін. На­нотех­но­ло­гияны пайдалану нәтиже­сінде тұрмыстық тех­ни­ка­ны компьютермен жабдықтау опе­рация жиілігі мен жадысының көлемі жа­ғы­нан қазіргі ең керемет деген ком­пьютерден асып түседі. Әрбір пайдала­ну­шыға көшпелі кеңсе, мәліметтер банкі, ойын-сауық орта­лықтары кез келген жер­де, кез келген сәтте қолжетімді болмақ. 2015 жылы ком­му­ни­кациялар нарығын жаңа перспективалық технологиялар жаулайды. Оның бірі – бағ­дарламалы өлшемдері бар радиобайланыс. Бір сөзбен айтқанда, байланысқа қажетті көп гаджетті тастамай алып жүрудің, түрлі ло­гиндер мен парольдердің керегі болмай қалады. Не керек, форсайт күнделікті тіршілікке фантаст жазушылардың түсіне де кірмеген жаңалықтарды әкеле алады. Сон­дықтан форсайттың бізде де қолға алынуы – жағымды жаңалық. Ұлттық ин­но­вациялық қор (ҰИҚ) алдағы 10 жыл ішінде еліміздің дамуына ықпал ететін технологиялық мега-тренд мәселелері мен қажеттіліктерін анықтады. Жүргізілген зерттеу елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының екі жылдық форсайт жұмысын­дағы кезекті кезеңі болып табылады. ҰИҚ бұл зерттеуді Индустрия және жаңа техно­ло­­гиялар министрлігінің тапсырмасымен жүргізіп отыр­ғанын айту керек.
Зерттеу кезінде ауқымды салалық мега-трендтер айқындалды. Олар – био­тех­но­ло­гия, нанотехнология, ақпа­рат­тық-ком­му­никациялық технологиялар жә­не жаңа материалдар. Одан басқа тәжі­ри­белік са­уалнама жүргізудің нәтижесінде келешегі зор салалар анықталды. Сондай-ақ алдағы 10 жыл ішінде еліміздің дамуына әсер ете­тін факторлар мен қажеттіліктер белгіленді. Фак­торлар арасында халықтың өсімі, бі­лім­ге деген құлшыныс, қоршаған ортаны қор­ғау, жалпы ішкі өнімнің өсімі және т.б. бай­қалды. Ал болашағы зор салалардың арасында ақпараттық технологиялар, көлік және инфрақұрылым, қуаттың балама көздері, биотехнология, медицина мен нанотехнология енгізілді.
«Форсайт зерттеуінің нәтижелері Қа­зақстанның 2020 жылға дейінгі сала­ара­лық ғылыми-технологиялық даму жос­па­рында пайдаланылды», – дейді ҰИҚ бас­қарма директоры Жұматай Сәлімов.
Форсайт зерттеуінің келесі баспалдағы – Дельфи тәсілі бойынша ұлттық сараптау сауалнамасын жүргізу. Оған мыңнан астам отандық сарапшы, ғалымдар мен бизнес өкілдері атсалысады. Сол сауалнама нә­тижесінде халықаралық нарыққа шы­ғуға жарамды өнім өндіруге қажетті жо­ғары технологиялық салалар анық­талады.
Форсайт зерттеуін жүргізуде ҰИҚ-қа Корей жоспарлау және ғылым мен тех­но­ло­гияны бағалау институты (KISTEP) ке­ңестік қолдау көрсетеді.

Дельфи тәсілі 1950-60 жылдары АҚШ-тың атом соғысы жоспарын талдау мақсатында пайда болды. Түрлі сауалнама, сұхбат жүргізу арқылы дұрыс шешімді анықтауға ұмтылу. Тиімділігі сол, көбіне бір-бірімен байланысы жоқ сарапшылар арнайы жұмылдырылған топқа қарағанда тұшымды қорытынды шығарады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста