Биоэкономика бағымызды ашар тетік пе?

Қазірде әлем елдерінің біразы экономикасын «биоөрістендіріп» жатқан жайы бар. Бүгінде Латын Америкасы, Бразилия, Германия тәрізді елдер биоэкономикаға барынша бейімделіп, осыбір жаңашыл саланы айтарлықтай табыс көзіне айналдыруда. Мәселен, Латын Америкасы көмір қышқыл газы мен күн сәулесінен биогелиоэнергетиканы дамытып отырса, Бразилия жүгеріден биотын өндіруде алдына жан салмай келеді. Ал немістердің биоөнімдері әлемдік нарықта айрықша орын алып, өзіндік бренд жинағалы қашан?! Осы үш елдің тәжірибесінен үлгі алғысы келген мемлекеттер бүгінде биоэкономикаға бойлап енуге барынша ықыласты. 

Жалпы, халықаралық сарапшылардың биоэкономиканың тиімділігін қаузағалы біраз уақыт болды. Олардың пайымдауынша, бүгінгі нарықта биотын өндіру барынша пайдаға кенелтпек.
Негізінен, бұл мәселе Қазақ елінде де сөз болмай жүрген жоқ. Кезінде халық қалаулыларының біразы «арпа-бидайдың, жүгерінің қалдығын ұқсатып биотын өндіру» туралы ұсыныс тастағанда біраз қауым «мұнайлы Қазақстанға биотын өндіріп, биоэкономикаға бейімделіп қажеті не?» деген пікірлерді де алға тартқан-ды. Әйтсе де бүгінде биоэкономиканың қажеттілігін, пайдасын бағамдап жүрген отандық мамандар да баршылық. Мәселен, бұл турасында сарапшы маман Айдос Мұртазаұлы былай дейді:
– Биоэкономика адамзатты жаңа даму сатысына көтереді. Бұл саланың көзін тапсақ, табыс көзі өзінен-өзі келіп түседі. Дамыған елдердің тәжірибелерін алып қарасақ, Еуропа елдері, негізінен, биотын және биоэнергетика өндіруге басымдық беріп отыр. Қазірде көмірқышқыл газынан, жер қойнауындағы шикізат ресурстарынан, күн сәулесінен биоэнергетика алуды Америка, Латын Америкасы, Германия елдері өте жақсы меңгеріп отыр. Сарапшылар «келешекте әлем бойынша энергия тапшылығы сезіліп, шикізат көздерінің қоры азаюы ықтимал» деген болжамдарды алға тартады. Демек, біздің ел үшін де биоэкономикаға бейімделу қажет. Оған Қазақ елінің қауқары да, шикізат ресуртары да жеткілікті.
...Расымен де, Қазақстан шикізат қорына, жер асты ресурстарына бай екені даусыз. Алайда нақ осы биоэкономикаға бейімделуге біздің технологиялық базамыз жеткілікті ме? Бұл ретте мамандар тарапынан «Біздің биоэкономика туралы сөз еткенімізге біраз уақыт болды. Осыған байланысты арнайы заң қабылдап, қауымдастық та құрып жатырмыз. Әйтсе де біздің технологиялық базамыз жеткіліксіз» деген пікірлер айтылуда.
Жалпы, мамандардың пайымдауынша, бізде биотехнологияны өркендету үшін мынадай жайттар ескерілуі керек:
а) Биоэкономикаға біздің ішкі мүмкіншіліктеріміз тән бе? Жалпы, биоөнім өндіруге біз дайынбыз ба, алдымен осыны саралап алғанымыз абзал.
ә) Жоғарыда аталған жайттарды зерттеп, саралап алғаннан кейін, технологиялық базамызды дайындауымыз қажет. Бір ескеретіні, шетелдің дайын технологиясына сүйенгеннен гөрі өзіміздің отандық технологияларды биотын, биоэнергетика өндіруге бағыттаған дұрыс.
б) Бұдан соң барып биоэкономикаға қатысты мемлекеттік маңызы бар стратегиялық бағдарлама қабылдауымыз қажет.
Міне, аталмыш реформаға енудің алғышарттары осылай түзілуі керек. Бұл саланың тиімділігі өте жоғары. Сондықтан алдағы уақытта биотын, биоэнергетика, биоөнім өндіруге кіріссек, бұл өркендеуге жетелейтін тетіктердің бірі, – дейді.
Жалпы, болжам бойынша 2020 жылы әлемдік тұрғыда энергияның барлық түріне сұраныс артып, оны қолдану екі есеге артпақ. Бұған байланысты халықаралық сарапшылар «болашақта көмір тек энергия есебінде ғана қолданып, мұнай шикі күйінде экспорттала беретін болса, аталмыш ресурстардың қоры азаяды. Сондықтан биоэкономикаға ден қою қажет» деседі. Осыны ескерген бірқатар елдер мұнайын, уранын, көмірін үнемдеу мақсатында биоэкономикаға бойлап енуге талпынып жатыр. Осы тұста қазақ қоғамы да жаңашылдықтан шет қалмауы керектігін пайымдайсың. Ойлап қарасақ, бүгінде биоэкономикаға қажетті шиікзат ресурстарымыз жеткілікті екен. Қазақтың мұнайы мен астығының қазірде әлем нарығында еңсесі биік. Мамандар бұған байланысты «болашақта қазақтың биоэкономикасы да қуатты болады» деп сендіреді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста