Білімге құйылған қаржының қайтарымы мол

Мейрам күнгі сый-құрметтің жөні бөлек. Әсіресе Білім күні мен өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтетін мектеп үшін бұл – айрықша қуаныш.
Жаңа оқу жылында Қостанай облысы Қашар кентіндегі №1 мектептің табалдырығын аттаған мыңдаған ұл-қызды жағымды жаңалық күтіп тұр екен. Биыл мерейтойын атап өтетін Қашар мектебінің іші-сырты түгелдей жаңғыртылыпты.
– Біз мектебімізді танымай қалдық, – дес­кен оқушылардың жүзі қуаныштан бал-бұл жанады. – Жаңа парталар, ком­пью­тер­лер, интернет. Дәліздер кеңейіп қалыпты. Мұндай сәнді мектепте тек үздік баға алуға талпынарың сөзсіз.
Жаңа техника мен жиһаз, жаңа тех­но­ло­гияны былай қойғанда, мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. Ол үшін жо­ғары сапалы экологиялық материалдар пай­даланылды. Терезелер ауыстырылып, жылу және электр жүйесі, кәріз жаңар­тыл­ды. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Сы­нып­тардың еденіне төзімді төсеніш төселіп, дәліздер әдемі де қауіпсіз тақтайшамен көмкерілді. Салтанат және спорт залдары, асхана мен кітапхана безендірілді. Сөйтіп, мектептің іші жайнап шыға келді.
Айта кету керек, елімізде көптеген мек­тептің­ материалдық-техникалық қиын­дық­тарға ұшырайтыны құпия емес. Кей мектепте заманға сай сапалы білім беруге жағдай жасалмайды. Ал Қашар мектебінде мұндай қиыншылық жоқтың қасы. Ұстаз­дар ұжымы мен шәкірттерге арналған кең бөл­мелер мен кабинеттер қымбат құрал­дар­мен жабдықталған. Бұл, әрине, жас жет­кіншектердің жақсы оқуына әсерін тигізері сөзсіз.
Кенттегі мектеп пен оқушылардың же­тістігі – әлеуметтік саладағы тиімді мем­ле­кеттік-жеке серіктестік нәтижесі. Жыл сайын Қостанай облысының әкімдігі мен құ­рамына облыстағы ең ірі «ССКӨБ» АҚ кәсіп­орны кіретін ENRС компаниясы ын­ты­мақтастық туралы меморандумға қол қоя­ды. Оның шеңберінде компания «ENRС Кө­мек» корпоративтік қайырымдылық қо­ры арқылы аймақты дамытудағы басты ба­ғыт­тарды қаржыландырады. Биыл да өткен жылғыдай мектептегі күрделі жөндеу мен оның материалдық-техникалық база­сын жаңартуға компания 30 млн теңге бөл­ді. Бұл – ел аумағында білім жоба­ла­рына корпорация жұмсайтын ірі қаржының ша­ғын ғана бөлігі. Мәселен, ағымдағы жы­лы компания білім жобаларын жүзеге асыруға 8 млрд теңге бөлген еді. Ал 2010 жылы білімге құйған инвестициясы 772,5 млн теңгені құрады.
– Бәлкім, менің сөздерім жаттанды, жауыр болып көрінетін шығар, – дейді мек­теп директоры Владимир Романец. – ENRС басшыларына,  «ENRС Көмек» кор­по­ративтік қорына және «ССКӨБ» ак­цио­нер­лік қоғамына шексіз алғысымды білдіргім келеді. Олар біздің мектепке де, жалпы, білім беру желісін өркендетуге де тұрақты түрде көңіл бөліп келеді. Тек соңғы үш жыл­дың ішінде біз компьютерлік сы­нып­тарға қол жеткіздік. Шатырды жөндедік және басқа да қыруар шаруаны атқардық. Ал мектептің 35 жылдығына арнаған сый­лығы көңілімізге қуаныш ұялатып, оқу­шы­лар­дың оқуға деген ынтасын арттырады.
ENRС Қазақстандағы қызметінің ал­ғаш­қы күнінен бастап-ақ ондаған мем­ле­кеттік және қоғамдық ұйымға көмек қолын созып келеді. Әйтсе де компанияның жәрдем тізімінде білім беру мекемелері айрықша орын алады. Себебі білімге құйыл­ған инвестицияның қайтарымы мол.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста