Банктердің мерзімі өткен қарызды коллекторлық компанияларға беруіне шектеу енгізілмек

Елімізде банктер мен шағын қаржы ұйымдарына жеке тұлғалардың мерзімі өткен займдарын коллекторлық компанияларға беруіне шектеу енгізілмек. Бұл жайында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Бүгін Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың төрағалығымен өткен заң жобалау қызметі мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе қаралды.

 

Банктер мен шағын несие ұйымдары займды коллекторлық агенттікке бергенге дейін аталған қарызды қайта құрылымдау үшін 18 айлық мерзім белгілегіміз келеді, яғни бұл займның шарты қарыз алушы – жеке тұлға үшін жақсартылуы тиіс. Мүмкін сыйақы мөлшерлемесі төмендетілуі, банктер мен шағын қаржы ұйымдары тарапынан қарыздың бір бөлігі кешірілуі, займды өтеу мерзімі ұзартылуы қажет шығар. Демек, қарыз жүктемесі төмендейді және де банктер мен шағын қаржы ұйымдары қайта құрылымдау жүргізгеннен кейін ғана мұндай несиелерді коллекторлық агенттіктерге бере алады, - деді отырыстан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Олжас Қизатов.

 

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде қолданыстағы заңға сәйкес, жеке тұлғаның берешегінің төлеу мерзімі өтіп кетсе, онда банктер де, шағын қаржы ұйымдары да бірден займды қайтарып алу құқығын коллекторлық агенттіктерге бере алады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста