Баламалы энергетикаға отандық өнертабыс керек

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бүгінде игілігімізге жаратып отырған электр қуаты мен табиғи газдан болашақта тапшылық тартуымыз әбден мүмкін. Сол үшін дүниежүзі баламалы қуат көздерінен электр энергиясын өндіруге басымдық берген, бұл жолдан біздің еліміз де қалыс қалмауға тырысып бағуда. Бұл бағытта  Үкімет жел, су, күн электрстансыларын салып, баламалы қуат көздерін көбейтуді күн тәртібіне шығарғалы біраз жылдың жүзі болды. Алдын ала болжам бойынша, жаңадан салынатын қуат  көздеріне құйылатын инвестиция көлемі 107 миллиард теңгеден аспақ.
Сөз кезегінде тек бір облыстағы балама энер­гетиканы дамыту жайына кеңінен тоқ­тала кетсек. Мәселен, мемлекеттің осы ба­ғ­ыт­қа бөлген инвестициясының арқа­сын­да Жамбыл облысында жел, су, күн қуатын өн­діру 2020 жылға қарай 1000 мегаватты құ­райды деп жос­парланған. Әрине, қор­шаған ортаның қолайлылығының ар­қа­сында өңірде жел, су және күн қуатынан тап­шылық болмайтыны анық. Мұнда ең ал­ғашқы болып Қордай ауданында күн және жел электрстансылары салынған болатын. Бүгінде осы стансылар толық қуа­тында жұмыс істеп, ел игілігіне жарауда. Оның үстіне, жуырда ғана қуаттылығы 2,1 ме­гаватты құрайтын Қарақыстақ және қуат­тылығы 9,2 мегават болатын Тасөткел су электрстансылары іске қосылды. Мұ­ны­мен де шектеліп қалмай, осындай стан­сылар санын көбейту жоспарланған. Ағын судан қуат өндіретін  Қордай-21 стансысы да пайдалануға дайын болмақ. Одан басқа 100 мегаватт энергия өндіруге қауқары жететін Жаңатас жел электр­стан­сысы са­лынатын болады.
Сол секілді француздық Fonroche­Еner­gie­S­AS компаниясы «ЖамбылГидроЭнерго» ком­паниясымен бірігіп, күн электр­стан­сысын салу үшін меморандумға қол қой­ған еді. Іргетасы қаланып қойылған бұл ны­сан биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның қуаттылығы – 24 мегаватт. Ал ресейлік GreenPowerJenco компаниясы 19,8 мегаваттық Меркі су электрстансысын салуды қолға алып отыр. Құны 32 миллион АҚШ долларын құрайтын бұл жоба екі жыл­да толық аяқталып, ел игілігіне жа­ра­мақ. Жалпы, облыс бойынша баламалы қуат көздеріне салынатын инвестиция кө­лемі 80 миллион АҚШ доллары деп бел­гі­ленген.  Инвестиция көлемі көп бол­ған­дықтан, оның қайтарымы да мол болады деген сенім бар. Бүгінде өңірде табиғаттың та­маша тартуы – күннің, желдің, судың қуа­тын барынша пайдалануға күш салыну­да. Со­ның арқасында өндірілген өнімнің өзін­дік құны да төмен болмақ. Қалта қақ­пайтын арзан әрі тиімді жоба өз-өзін ақ­тайтынын әлден-ақ дәлелдеп отыр.
Баламалы қуат көздерін өндіруде жо­ға­ры технологиялар, негізінен, шетел­ден та­сымалданады екен. Әрине, бұл ба­ғытта отан­дық өнертапқыш пен ғалым­да­ры­мыздың енгізген жаңалығы жоқ емес, бар­шылық. Бір өкініштісі, олар мемлекеттік дең­гейде қолдау таппай отыр. Мұндайда жаңа өндіріс орнын ашқаннан шетелден сер­тификатталып келген дайын өнімді тұ­тына салған шенді-шекпенділерімізге тиім­дірек секілді деген ой келеді. Қалай де­генмен де жаппай балама энергетикасын елі­мізде өрістетуге басымдық берген екен, он­да осындай техника мен технологияны шы­ғаратын өндіріс ошақтарын өзімізден ашу жайына билік бас қатырса дейміз. Әйт­песе отандық ғалымдардың айтуынша, ше­телден келіп жатқан сол тех­но­ло­гия­лардың кейбірі жергілікті өңірдің табиғат ра­йына келе бермейді екен. «Мәселен, шетелден алынатын диірмен тектес жел қондырғылары мұхиттың самалына бе­йім­деліп жасалған. Ал мұндай қондырғы біз­дің ұйытқыма желімізге көп шыдас бер­мейді, тез бүлінеді, сондықтан бұл бағытқа бө­лінген ақша желге шашқанмен бірдей болады. Оның жанында отандық ға­лым­дардың жергілікті жердің жағрафиялық ерек­шелігіне сай ойлап тапқан жел қон­дыр­ғылары сапа жағынан да, жарамдылық мерзімі жағынан да, өндіретін қуаты жа­ғы­нан да бәсекеге қабілетті, мықты. Сон­дық­тан отандық ғалымдардың өнертабысы негізінде өндіріс құрсақ, еш ұтылмаймыз», – дейді академик Н.Бүктіков.
Жергілікті өнертапқыштардың ерекше еңбегі
Мұндай өнертабыстан Жамбыл өңірі де құр алақан емес. Мысалы, Талас ау­да­нының тұрғыны Әуезхан Жаңабаев жуырда су диірменін орнатып, шарапатын көріп отыр. Оны орнату үшін алдымен түрлі тә­жі­рибелер жасап, физика оқулығын бас­тан-аяқ сүзіп шыққанын жасырмайды. Ал­дымен дамба орнатқан, оның құны 13 мил­лион теңгеден де асып кетіпті. Бір жа­рым ай бойы машақаттанған еңбегінің же­місі де ұзақ күттірмепті. Талас өзенінің жа­ға­сынан ұзындығы – 300 метр, биіктігі – 4,5, ені 6 метр болатын дамба тұрғызған. Ір­гетасын бекіту үшін темір-бетон құйып шық­қан. Диірменнің қуаттылығы 1 гектар алқапты суғаруға жетеді. Қарттың кішігірім электрстансы салу ойы да бар. Бірақ ақша жағы қолбайлау болып тұр. Онымен 1000 үйді электр қуатымен қамтуға болар еді. Сонда электр қуатының 1 киловаты 10 тең­геге түседі екен. Ал тағы бір Талас ауда­ны­ның тұрғыны Шырынкүл Әбітаева жел электрстансысын салып алды. Жел қайда дей­тіндей емес, мұнда күн құрғатпай са­мал есіп тұрады. Осылайша апамыз тегін электр қуатын пайдаланып отырған жайы бар.
Біз баламалы қуат көздерін өндіруге басым бағыт берілген тұста технологиямен қатар, білікті мамандарды да «импорт­тау­ға» мәжбүр екенбіз. Осы жағынан алғанда, ма­ман даярлау мәселесі де назардан тыс қалмаса дейміз. Әрине, елімізде энергетик мамандар даярланады. Соның жанынан арнайы балама энергетикаға бейімдейтін кафедралар ашылса, тіптен жақсы болар еді деп ойлаймыз. Әсіресе мұндай ка­фе­дра жасыл экономикаға бағытталған стан­сылар орналасқан өңірлердегі жоғары оқу орындарынан ашылса, жақсы болар еді. Сонда аймақтағылар маман іздеп орта­лық­қа аяқ сабылтпайды. Ал болашақ ма­манның тәжірибеден өтетін нысаны да алыс болмайды.
Бақытнұр ДАЛАБАЕВ, физика пәнінің оқытушысы:
 – Баламалы қуат көздерін барынша пайдалануға басым бағыт беріліп отыр­ған шақта, ең алдымен, біз маман даяр­лау мәселесін шешіп алуымыз ке­рек. Оларды Астана мен Алматыда емес, жергілікті жерлердегі оқу орын­да­рының базасында даярлаған тиім­дірек болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста