Азық-түлік Астана мен Шымкентте қатты қымбаттаған

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бүгін өткен Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 
 
 
Айтуынша, биыл азық-түлік секторында инфляция деңгейі артқан. 

Биыл қаңтар айының қорытындысы бойынша инфляция 1,1%, оның ішінде азық-түлік 1,4%, азық-түлік емес 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% құрады. Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана және Шымкент қалаларында 2,2%-дан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,8%-дан, Ақтөбе облысында – 1,7%, Ұлытау облысында – 1,5%-дықұрады, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар министр азық-түлік тауарлары бағасының индексі жыл басынан бері қанша пайызды құрағанына тоқталды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі жыл басынан бері 1,7% болды. Апталық динамика +0,3, +0,4% болып қалыптасуда. Жыл басынан бері ең жоғары өсу қарқыны Маңғыстау облысында – 3,4%, Ұлытау облысында – 2,8%  және Астана қаласында - 2,5% байқалды. Тауарлар бөлінісінде жыл басынан бері ең жоғары өсім пиязға 22,5%, күріш 5,2%, қырыққабат 4,1%, сүт және сәбіз 3,1%, картоп 3,0%, макарон 2,6%-ды құрды, - деді Серік Жұманғарин. 
Айта кетерлігі, бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібінде негізгі мәселе ретінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандырудың жаңа тәсілдері талқыланып жатыр. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста