Ғаламдық қаржылық жүйенің құлдырауы негізінде Оңтүстік Азия елдерінде, Тайланд, Индонезия, Оңтүстік Кореяда ғаламат қаржылық дағдарыстың бастау алғаны белгілі болды. Соңғы онжылдықта өте жақсы қарқынмен дамып келген экономикалық ғажайып авторлары үшін қаржылық дағдарыс расында да күтпеген жағдай еді. Халықаралық қаржыгерлер мен инвесторлар Оңтүстік Азия елдерінде қаржы салу үрдісіне барынша сенімсіз қарай бастады. Аймақтық экономиканың тұрақтылығына тікелей нұқсан келді. Аймақтық деңгейдегі қаржылық дағдарыс біртіндеп Ресейге, Бразилияға, Аргентинаға жетіп, ғаламдық сипатқа ие болды.
«Алтын стандарты» кезеңі еркін сауда мен еркін қаржы айналымын реттей алмады, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін шайқалған қаржы жүйесін қайта қалпына келтіруге қауқырсыздық танытты. Қаржылық қатынастардағы күтілетін дағдарыстар - қаржылық сектордың жаһандану үдерісіне ықпалы, триллиондаған доллар көлеміндегі валюталардың, бағалы қағаздардың, қаржылық активтердің өзге елдің банк есепшоттарында жатуы қаржылық жүйелердің өзара тәуелділігінің артуына көп ықпал етті.
Азиялық қаржылық дағдарысы үйретіп кеткен басты сабақтарының бірі - кез-келген уақытта қаржылық дағдарысқа дайын болу керек. Қытай сынды алып экономиканың өзі өзге мемлекеттерден қарыз алу арқылы ғана аяғына тік тұрды. Сарапшылар Азиялық қаржылық дағдарысы мемлекеттердің өзара экономикалық тәуелділікте болуынан деп жорамал айтты. Қандай да бір экономикалық дағдарыс аймақтық деңгейден басталып, жаһандыққа ұласса, тұтас ғаламдық қауымдастық себепші болған мемлекетті дұрыс қаржылық саясат жүргізбеді деп кінәләй бастайды. Егер де, қаржылық дағдарыстың ошағы алып мемлекеттер тарапынан көрінсе, керісінше жүйенің әлсіздігі деп қарастырады.
Ғаламдық сауданың ғаламдық қаржылық жүйеден бір маңызды ерекшелігі бар. Мемлекеттер арасындағы экономикалық айырмашылық өскен сайын, халықаралық экономикада инфлияция көлемі арта түседі. Азия қаржы дағдарысының негізгі себебі ретінде сарапшылар әдетте мемлекеттер тарапынан ұлттық валютаны жасанды түрде демеуі болды дейді. Егер халықаралық сауда ережелері қандай да бір мемлекетке сай емес болып немесе айтарлық экономикалық шығын алып келетін болса, мемлекеттер проблеманы айналып өтудің жолын ойластырады. Нәтижесінде ғаламдық қаржы инфлияциясының мөлшері артады. Дамыған елдер әрқашанда қаржы жүйесінде белгілі бір мөлшердегі басымдықтарға ие. Қаржы жүйесіне жаһандану үрдісі кіріккен кезде, сөзсіз түрде дамыған елдердің діттегені болады.
Ләззат Сейтқазықызы Спанқұлова,
А.Кузембаева
Нархоз университеті